Адам қатты шу кезінде де өзіне керектісін ести алады екен

26 Шілде 2013, 09:05

Адамның миында қоршаған орта шуы арасынан қажетті дыбысты ғана ажырата алу мүмкіндігі бар. Ағылшын ғалымдары арнайы тәжірибе жүргізіп, осы ерекшелікті бақылады. Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, төңіректе қанша шу болса да, адам өзіне қажетті дыбысты ести алады. Айталық, әркім өз телефонының қоңырауын бірден ажыратуы ықтимал. Ғалымдардың айтуын­ша, мида бұған ықпал ететін тетік бар. Лон­дон университеттік колледжі мен Ньюкасл университеті ғалымдары түрлі дыбыс туғызатын аппараттың көмегімен арнайы тәжірибе жүргізді. Еріктілер тобы қатты ды­быстар легі арасынан мамандар тапсырған белгілі бір күрделі дыбыстық элементтерді ажыратуы тиіс болды. Тәжірибе барысында мида жалпы шу арасынан маңызды дыбысты ғана ажырату мүмкіндігі болатыны расталды. Ғалымдардың айтуынша, құлақтың мүкістігі дәл осы қасиеттің нашарлауынан болады. Алаш айнасы

Адамның миында қоршаған орта шуы арасынан қажетті дыбысты ғана ажырата алу мүмкіндігі бар. Ағылшын ғалымдары арнайы тәжірибе жүргізіп, осы ерекшелікті бақылады.

Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, төңіректе қанша шу болса да, адам өзіне қажетті дыбысты ести алады. Айталық, әркім өз телефонының қоңырауын бірден ажыратуы ықтимал. Ғалымдардың айтуын­ша, мида бұған ықпал ететін тетік бар. Лон­дон университеттік колледжі мен Ньюкасл университеті ғалымдары түрлі дыбыс туғызатын аппараттың көмегімен арнайы тәжірибе жүргізді. Еріктілер тобы қатты ды­быстар легі арасынан мамандар тапсырған белгілі бір күрделі дыбыстық элементтерді ажыратуы тиіс болды. Тәжірибе барысында мида жалпы шу арасынан маңызды дыбысты ғана ажырату мүмкіндігі болатыны расталды. Ғалымдардың айтуынша, құлақтың мүкістігі дәл осы қасиеттің нашарлауынан болады.

Алаш айнасы

Бөлісу: