26 Шілде 2013, 08:42
Көптен күткен бесінші маусымның шымылдығы ерекше жаңалықпен ашылды.
Әр өңірден жиналған өнерлі балалардың басын қосқан «Айгөлекке» енді «дәстүрлі ән» номинациясы қосылды.
Осы номинацияның талабы бойынша қатысушы міндетті түрде кез-келген ұлттық аспабымызды меңгерген болуы тиіс. Әрі, сол аспаптың сүйемелдеуімен өзіміздің ұлттық классикалық өнеріміздің әдемі үлгісін көрсетуі керек.
Байқау барысында «Айгөлекке» қатысу үшін бір айдың ішінде домбыра үйреніп, ән айтқан балалар да болды.
Сонымен, әр жексенбі мен сенбі күндері ұлттық арналарымыздың эфирінен еліміздің он төрт облысы мен екі қаласынан келген ең талантты 160 жеткіншек өнер көрсетеді.