Осман империясының сұлтандары мен қазақ хандары хаттары Ұлттық мұрағатқа тапсырылады

25 Шілде 2013, 03:48

Осман империясының сұлтандары мен қазақ хандары жазысқан хаттарын Ұлттық мұрағатқа тапсырылады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берген ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов мәлімдеді. «Біз Түркия, Қытай, Ресей, Иран, Египеттен құнды материалдар алып келдік. Қазіргі уақытта Франция, Испанияның ұлттық мұрағаттарынан Қазақстан тарихына және қайраткерлеріне қатысты құжаттар жеткізілуі керек. Осман империясының сұлтандары мен қазақ хандары арасындағы жазысқан хаттары Ыстамбұл мұрағатынан әкелінеді. Сондай-ақ түрік ғалымы Ахат Әни Жанди Мұстафа Шоқайдың 250 хатын беруі тиіс. Қытайға да ғалым зерттеушілерімізді аттандырдық. Өйткені біз жәдігердің түпнұсқасын алуымыз керек, сол үшін халықпен жұмыс істеудеміз. Олар бізге көне жәдігер, қолжазбаларды табыстауда. Соңғы уақытта Қытайдан Шәкәрім Құдайбердіұлының қолжазбасын таптық. Біз мұрағаттың халыққа да ашық болуын қалаймыз. Бар қордың электрондық нұсқасын әзірлеудеміз. Қазір үйден шықпай-ақ қажетті құжатты қарап шығуға мүмкіндік бар. Алайда құпиялылығы алынбаған құжаттар ғана көпшілік назарына ұсынылмайды», - деп отыр М. Абсеметов.

Осман империясының сұлтандары мен қазақ хандары жазысқан хаттарын Ұлттық мұрағатқа тапсырылады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берген ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов мәлімдеді.

«Біз Түркия, Қытай, Ресей, Иран, Египеттен құнды материалдар алып келдік. Қазіргі уақытта Франция, Испанияның ұлттық мұрағаттарынан Қазақстан тарихына және қайраткерлеріне қатысты құжаттар жеткізілуі керек. Осман империясының сұлтандары мен қазақ хандары арасындағы жазысқан хаттары Ыстамбұл мұрағатынан әкелінеді. Сондай-ақ түрік ғалымы Ахат Әни Жанди Мұстафа Шоқайдың 250 хатын беруі тиіс.

Қытайға да ғалым зерттеушілерімізді аттандырдық. Өйткені біз жәдігердің түпнұсқасын алуымыз керек, сол үшін халықпен жұмыс істеудеміз. Олар бізге көне жәдігер, қолжазбаларды табыстауда. Соңғы уақытта Қытайдан Шәкәрім Құдайбердіұлының қолжазбасын таптық.

Біз мұрағаттың халыққа да ашық болуын қалаймыз. Бар қордың электрондық нұсқасын әзірлеудеміз. Қазір үйден шықпай-ақ қажетті құжатты қарап шығуға мүмкіндік бар. Алайда құпиялылығы алынбаған құжаттар ғана көпшілік назарына ұсынылмайды», - деп отыр М. Абсеметов.

Бөлісу: