АҚШ король кітапханасынан ұрланған құнды басылымдарды Швецияға қайтарды

25 Шілде 2013, 03:33

АҚШ билігі Швецияға елдің Ұлттық кітапханасынан қолды болған бірегей кітаптарды қайтарды. Ниагар сарқырамасын ашқан атақты саяхатшы Луи Хеннепеннің «Луизианнаның суреттемесі» (1968) иллюстрациялық басылымы отанына қайта оралды. Бұл көне қолжазбалар Швецияның королі Густав IV-ке тиесілі болған. Швециялық тарапқа америкалық этнографтың 1846-1849 жылдары басылған «Миссисипидің суреттемесі» туындысы да тапсырылды. Кітапқа Карл XV иелік еткен. Құнды тарихи жәдігерлерді Швециядағы Ұлттық кітапхананың бұрынғы қызметкері Андерс Бариус жымқырған. Ол 10 жыл бойы көне әрі бірегей 56 кітап пен қолжазбаларды ұрлап келген. Қылмыскер оларды немістердің бәссаудасында сататын болған. ҚазАқпарат.

АҚШ билігі Швецияға елдің Ұлттық кітапханасынан қолды болған бірегей кітаптарды қайтарды.

Ниагар сарқырамасын ашқан атақты саяхатшы Луи Хеннепеннің «Луизианнаның суреттемесі» (1968) иллюстрациялық басылымы отанына қайта оралды. Бұл көне қолжазбалар Швецияның королі Густав IV-ке тиесілі болған.

Швециялық тарапқа америкалық этнографтың 1846-1849 жылдары басылған «Миссисипидің суреттемесі» туындысы да тапсырылды. Кітапқа Карл XV иелік еткен.

Құнды тарихи жәдігерлерді Швециядағы Ұлттық кітапхананың бұрынғы қызметкері Андерс Бариус жымқырған. Ол 10 жыл бойы көне әрі бірегей 56 кітап пен қолжазбаларды ұрлап келген. Қылмыскер оларды немістердің бәссаудасында сататын болған.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: