Мемлекет бар жерде – мемлекеттік міндеттер де бар

24 Шілде 2013, 04:53

– Мәселені бұлай қою өзіміз сынап жүрген мемлекеттік монополизм мен әкімшілік өктемдікті қайта жандандырмай ма? – Егемендік жағдайында орталық ведомстволардың монополиясы сөзсіз жойылады. Алайда, – республиканың мүддесіне орай әлеуметтік мәселелер мен аймақтық проблемаларды шешуге арналған салааралық бағдарламалар өз күшін сақтайды. Бір есептен мұндай шаралардан ат-тонды ала қашудың жөні жоқ. Республика Министрлер Кеңесінің қаулысымен, яғни әкімшілік жолмен шешімін тауып жатқан шалғайдағы аудандардың проблемаларын еске түсірейікші. Оның игілікті іс екеніне ешкім де дауласа алмайды. Бірақ қайсыбір облыстар мен ведомстволар кезінде бұл мәселеге қырын қарады ғой. Әне сондай кезде әкімшілік бақылаудың қажеттігіне кім күмән келтіреді? Тіпті қайсыбір министрліктер мен ведомстволарға қазіргі қайта құру кезеңіндегі басқарудың жарамсыз әдісін «сілкілеп алуды» қолдануға тура келді емес пе? Сайып келгенде, мемлекет бар жерде (ал республика – егеменді мемлекет) – мемлекеттік міндеттер де бар. Мәселен, рыноктың ең басты реттеушісінің бірі – салық салу жүйесі мемлекеттің қарауында. Әрине, кәсіпорын аударған қаржыны бөлудің әдістері жөнінде пікірталастар орын алып отыр. Бірақ ең бастысы – кім кімге бағынатынына қарамастан, кәсіпорындар өзі қоныс тепкен аумақтың бюджетін қалыптастыруға үлес қосады. Сөйтіп, ол республиканың егемендігіне қызмет ете бастайды. Бұл жерде байқасаңыз, мемлекеттік монополизмнен гөрі үйлесімділік заңы үстем тұр. – Одақтық үкіметтің бағдарламасында рыноктық экономикаға көшу қарсаңында республикалардың жағдайын теңестіру көзделген. Мұның өзі бұрынғы кезде одақтық бюджеттен дотация есебінде үлестірілетін қарыздың, субвенция деп, аты ғана өзгертілген түрі емес пе? – Шынтуайтында субвенция мақсаткерлік сипатқа ие болып, түптің түбінде теңдестірудің құралына айналуға тиіс. Бірақ ол үстіміздегі жылы аты субвенция болғанмен заты – республика шығынын жабу құралы, яғни кәдімгі дотация күйінде қалды. Реттелетін рыноктық экономикаға көшу қарсаңындағы аймақтарды теңдестіру идеологиясы әзірше бос сөз күйінде қалып отыр. Сөз бар, іс жоқ деген осы. Айтылуы жақсы, жұрттың бәрі жылы қабылдады, бірақ соны жүзеге асыру механизмі байқалмайды. Бұл орайда қаржыны бөлу мәселесімен республика Жоғарғы кеңесінің шұғылдануы жөн. Алайда, келешекте экономикалық тікелей қатынастардағы өзгерістердің барған сайын тереңдей түсетіні соншалық, Жоғарғы Кеңестің бір өзі бар мәселені шешіп үлгіре алмайтын халге жететінін болжауға болады. Оның үстіне орталықтандырылған күрделі қаржы бүкіл инвестицияның 15-20 пайызын құрайтынын, қалған қаржы кәсіпорында, жергілікті Кеңесте, халықтың өзінде қалатынын ұмытпаған жөн. Ол қаржыға ұжымдардың өздері қожалық етуге тиіс. Міне осы арада еңбек ұжымдарының рынок жағдайында жұмысқа дайын еместігі байқалып қалады. Ұрымтал тұста еркіндік керек деп айқай салдық. Енді сол еркіндікті қалай пайдалануды, оның қай қапталынан келуді біле алмай жалтақтаудамыз. Қысқасы, кәсіпорындардағы өндірісті басқару деңгейі әлі төмен. Реттелетін рыноктық экономикаға көшу мерзімі күн өткен сайын жақындап келеді. Ал адамдарымызды жаңа іске үйреткен үстіне үйрете түсу қажет-ақ.

Мәселені бұлай қою өзіміз сынап жүрген мемлекеттік монополизм мен әкімшілік өктемдікті қайта жандандырмай ма?

– Егемендік жағдайында орталық ведомстволардың монополиясы сөзсіз жойылады. Алайда, – республиканың мүддесіне орай әлеуметтік мәселелер мен аймақтық проблемаларды шешуге арналған салааралық бағдарламалар өз күшін сақтайды. Бір есептен мұндай шаралардан ат-тонды ала қашудың жөні жоқ. Республика Министрлер Кеңесінің қаулысымен, яғни әкімшілік жолмен шешімін тауып жатқан шалғайдағы аудандардың проблемаларын еске түсірейікші. Оның игілікті іс екеніне ешкім де дауласа алмайды. Бірақ қайсыбір облыстар мен ведомстволар кезінде бұл мәселеге қырын қарады ғой. Әне сондай кезде әкімшілік бақылаудың қажеттігіне кім күмән келтіреді? Тіпті қайсыбір министрліктер мен ведомстволарға қазіргі қайта құру кезеңіндегі басқарудың жарамсыз әдісін «сілкілеп алуды» қолдануға тура келді емес пе?

Сайып келгенде, мемлекет бар жерде (ал республика – егеменді мемлекет) – мемлекеттік міндеттер де бар. Мәселен, рыноктың ең басты реттеушісінің бірі – салық салу жүйесі мемлекеттің қарауында. Әрине, кәсіпорын аударған қаржыны бөлудің әдістері жөнінде пікірталастар орын алып отыр. Бірақ ең бастысы – кім кімге бағынатынына қарамастан, кәсіпорындар өзі қоныс тепкен аумақтың бюджетін қалыптастыруға үлес қосады. Сөйтіп, ол республиканың егемендігіне қызмет ете бастайды. Бұл жерде байқасаңыз, мемлекеттік монополизмнен гөрі үйлесімділік заңы үстем тұр.

Одақтық үкіметтің бағдарламасында рыноктық экономикаға көшу қарсаңында республикалардың жағдайын теңестіру көзделген. Мұның өзі бұрынғы кезде одақтық бюджеттен дотация есебінде үлестірілетін қарыздың, субвенция деп, аты ғана өзгертілген түрі емес пе?

– Шынтуайтында субвенция мақсаткерлік сипатқа ие болып, түптің түбінде теңдестірудің құралына айналуға тиіс. Бірақ ол үстіміздегі жылы аты субвенция болғанмен заты – республика шығынын жабу құралы, яғни кәдімгі дотация күйінде қалды.

Реттелетін рыноктық экономикаға көшу қарсаңындағы аймақтарды теңдестіру идеологиясы әзірше бос сөз күйінде қалып отыр. Сөз бар, іс жоқ деген осы. Айтылуы жақсы, жұрттың бәрі жылы қабылдады, бірақ соны жүзеге асыру механизмі байқалмайды. Бұл орайда қаржыны бөлу мәселесімен республика Жоғарғы кеңесінің шұғылдануы жөн. Алайда, келешекте экономикалық тікелей қатынастардағы өзгерістердің барған сайын тереңдей түсетіні соншалық, Жоғарғы Кеңестің бір өзі бар мәселені шешіп үлгіре алмайтын халге жететінін болжауға болады. Оның үстіне орталықтандырылған күрделі қаржы бүкіл инвестицияның 15-20 пайызын құрайтынын, қалған қаржы кәсіпорында, жергілікті Кеңесте, халықтың өзінде қалатынын ұмытпаған жөн. Ол қаржыға ұжымдардың өздері қожалық етуге тиіс. Міне осы арада еңбек ұжымдарының рынок жағдайында жұмысқа дайын еместігі байқалып қалады. Ұрымтал тұста еркіндік керек деп айқай салдық. Енді сол еркіндікті қалай пайдалануды, оның қай қапталынан келуді біле алмай жалтақтаудамыз. Қысқасы, кәсіпорындардағы өндірісті басқару деңгейі әлі төмен. Реттелетін рыноктық экономикаға көшу мерзімі күн өткен сайын жақындап келеді. Ал адамдарымызды жаңа іске үйреткен үстіне үйрете түсу қажет-ақ.

Бөлісу: