24 Шілде 2013, 04:20
Чемпиондар лигасында Қарағандылық «Шахтердің» келесі қарсыласы Албанияда соңғы үш маусым бойы чемпион атанған «Скендербеу» клубы, деп хабарлайды Vesti.kz.
Албаниялық команда екінші іріктеу ойынында Әзірбайжанның «Нефтчи» клубын жеңді. Айта кетер жағдай, ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен теңде-тең аяқталып, пенальтиде «Скендербеу» басым түсті.
Естеріңізге саламыз, «Шахтер» белорустың БАТЭ клубын екі рет 1:0 есебімен ұтып, турнирдің үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Сырт алаңда өткен ойында Сергей Хижниченко гол салса, кеше Қарағандыда өткен матчта Игорь Зенькович салған доп командаға жеңіс сыйлады.
Үшінші іріктеу кезеңінің ойындары 30-31 шілдеде және 6-7 тамызда өтеді. Алғашқы ойында «Скендербеу» Астанаға қонаққа келеді.
Төменде кешегі өткен ойыннан үзінді беріп отырмыз.
Baq.kz