Сондықтан тоқтауға да, белгіленген жолдан тайқып шығуға да болмайды - Н.Назарбаев

24 Шілде 2013, 04:14

– Нұрсұлтан Әбішұлы, экономика туралы әңгімелегенде соңғы кезде адамдардың көңіліне зор алаңдаушылықты ұялатқан рыноктық қатынасқа соқпай кету қиын. Қазір ерте ме, кеш пе егемендіктің бірден-бір кепілі – реттелетін рыноктық экономикаға көшетініміз мәлім болып отыр. Экономикадағы бұл тосын жайға жұртшылықтың жүрегі әлі де дауаламайтыны, бұл қалай болар екен деп алаңдайтыны байқалады… – Ол түсінікті де. Біріншіден, Кеңес мемлекетінің бүкіл тарихында өндіріске және айналым саласына ықпал етудің рыноктық қатынастарға тән бәсекелестік пен кәсіпкерлік бастамашылыққа тең келерлік ынталандырулардың табылмағаны айқын болды. Екіншіден, экономиканы дамытудың идеологияға бағынбайтын объективті заңдылықтары бар. Тауар-ақша қатынастарымен қоса рынок солардың қатарына жатады. Демек, реттемелі рыноктық экономикаға көшу қазіргі дағдарыс жағдайынан ғана емес, сондай-ақ дамудың объективті барысынан туындап отыр. Сонымен бірге республиканы рыноктық экономика арнасына көшіру зор әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ идеологиялық қиыншылықтармен ұштасуда. Тауарлы ақша қатынастарының, көп сатылы экономиканың зиянды екені туралы ой ондаған жылдар бойы біздің санамызға құйылып келді. Оның үстіне орталық ведомстволардан оқта-текте қандай да болсын дербестік туралы ойларыңа кіріп те шықпасын деген ескертулер де жасалады. Осының бәрі қайта құруға елеулі тосқауыл болуға қабілетті өткен кездің белгілерінен басқа еш нәрсе де емес. Міне, сондықтан тоқтауға да, белгіленген жолдан тайқып шығуға да болмайды. Ал рыноктың басты заңы – сұраным және ұсыныс. Қай жерде қай нәрсеге сұраным туа қалса, күрделі қаржы, күш-жігер, іскер адамдардың назары сонда аударылып, жұмылдырыла қалады. Әміршілдік экономика ондай шұғыл бетбұрыс жасауға дәрменсіз. Сондықтан біз қазір не рыноктық жүйеге тәуекел етіп бел буамыз, не ұзақ жылдар бойы қазіргі азапты тағы бастан кешетін боламыз. Еліміздегі әрбір адамның жарқын болашақтағы игіліктер үшін уақытша қиындықтарға баратын, көнетін кезі де жетті. Басқаша айтқанда, реттелетін рыноктық экономика жағдайындағы бағаның қымбаттауына да, содан туындайтын тұрмыс дәрежесінің уақытша төмендеуіне де әзір болу керек. Бұл құбылыстардың пайда болу мүмкіндіктерін жасырып қалу қылмыспен пара-пар. Әрине, экономиканы жаңа жүйеге көшіру кезінде аз табыс алатын топтарды әлеуметтік жағынан қорғау жөнінде елеулі шаралар қолдануымыз керек. Бізде қазір экономикалық реформа жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істейді.

Нұрсұлтан Әбішұлы, экономика туралы әңгімелегенде соңғы кезде адамдардың көңіліне зор алаңдаушылықты ұялатқан рыноктық қатынасқа соқпай кету қиын. Қазір ерте ме, кеш пе егемендіктің бірден-бір кепілі – реттелетін рыноктық экономикаға көшетініміз мәлім болып отыр. Экономикадағы бұл тосын жайға жұртшылықтың жүрегі әлі де дауаламайтыны, бұл қалай болар екен деп алаңдайтыны байқалады…

– Ол түсінікті де. Біріншіден, Кеңес мемлекетінің бүкіл тарихында өндіріске және айналым саласына ықпал етудің рыноктық қатынастарға тән бәсекелестік пен кәсіпкерлік бастамашылыққа тең келерлік ынталандырулардың табылмағаны айқын болды. Екіншіден, экономиканы дамытудың идеологияға бағынбайтын объективті заңдылықтары бар. Тауар-ақша қатынастарымен қоса рынок солардың қатарына жатады. Демек, реттемелі рыноктық экономикаға көшу қазіргі дағдарыс жағдайынан ғана емес, сондай-ақ дамудың объективті барысынан туындап отыр.

Сонымен бірге республиканы рыноктық экономика арнасына көшіру зор әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ идеологиялық қиыншылықтармен ұштасуда. Тауарлы ақша қатынастарының, көп сатылы экономиканың зиянды екені туралы ой ондаған жылдар бойы біздің санамызға құйылып келді. Оның үстіне орталық ведомстволардан оқта-текте қандай да болсын дербестік туралы ойларыңа кіріп те шықпасын деген ескертулер де жасалады. Осының бәрі қайта құруға елеулі тосқауыл болуға қабілетті өткен кездің белгілерінен басқа еш нәрсе де емес. Міне, сондықтан тоқтауға да, белгіленген жолдан тайқып шығуға да болмайды.

Ал рыноктың басты заңы – сұраным және ұсыныс. Қай жерде қай нәрсеге сұраным туа қалса, күрделі қаржы, күш-жігер, іскер адамдардың назары сонда аударылып, жұмылдырыла қалады. Әміршілдік экономика ондай шұғыл бетбұрыс жасауға дәрменсіз. Сондықтан біз қазір не рыноктық жүйеге тәуекел етіп бел буамыз, не ұзақ жылдар бойы қазіргі азапты тағы бастан кешетін боламыз. Еліміздегі әрбір адамның жарқын болашақтағы игіліктер үшін уақытша қиындықтарға баратын, көнетін кезі де жетті.

Басқаша айтқанда, реттелетін рыноктық экономика жағдайындағы бағаның қымбаттауына да, содан туындайтын тұрмыс дәрежесінің уақытша төмендеуіне де әзір болу керек. Бұл құбылыстардың пайда болу мүмкіндіктерін жасырып қалу қылмыспен пара-пар. Әрине, экономиканы жаңа жүйеге көшіру кезінде аз табыс алатын топтарды әлеуметтік жағынан қорғау жөнінде елеулі шаралар қолдануымыз керек. Бізде қазір экономикалық реформа жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істейді.

Бөлісу: