Рамазанда темекісін тастағандар Қадір түнінде көпшілік алдында аты аталып, дұғаға қосылады

24 Шілде 2013, 04:06

Рамазан - рухани әлемге өзгеріс әкелетін, жан дүниеңе бір сілкініс жасайтын ай. Себебі, адам ашығу арқылы қан тамырымен жүретін шайтандардың жолын бөгеп, жамандыққа үндейтін аты жаманның аяғына тұсау салып, жат әдеттерден бір табан болсын кері шегінеді. Міне, осы себепті де Ғаламның Рахым Нұры Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Рамазан - шайтандар кісенделетін ай», - деген. Әрине, бұған ең әуелі адамнан берік ниет, темірдей төзім, шамалы сабыр керек. Сонда ғана адам хайуани сипаттан періштелік рухқа қадам басады. Өйткені, Пайғамбарымыз нығметтің ниетке сай берілетінін айтады. Жалпы, Рамазан - жат әдеттерден арылуға қолайлы ай. Мәселен, күндіз аузы берік жандарға темекі тастау мүмкіндігі мол. Тек кешкісін ауыз ашқан соң сабырлық танытса болғаны. Muslim.kz сайтының жазуынша, осыған орай былтырғы мүбәрәк Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы жақсы бір бастамаға мұрындық болған еді. Рамазан айы басталған бетте бас имам жұма мінберінен: «Алла разылығы үшін Қасиетті Рамазан айында темекіден, сол секілді басқа да жаман әдеттерден арылуға үндеймін. Кім бұл үндеуіме қолдау көрсетіп, темекісін тастайтын болса, Қадір түнінде сол азаматтарымызды Рамазан айында өміріне бір өзгеріс жасағаны үшін, жаман әдеттен жақсыға қадам басқаны үшін мыңдаған жамағаттың алдында аттарын атап, дұға-тілектерімізге қосамыз», - деген еді. Аллаға шүкір, Қадір түніне қарай ондаған адам: «Сіздің үндеуіңізден кейін темекімді тастадым», - деп өзінің жаман әдетіне табандап қарсы тұрып, бойындағы нәпсісін тізгіндей алғандығын айтып келді. «Дәл осындай үндеу бас имам тарапынан биыл да жасалды. Өткен жұма уағызында мінберден былтырғы игі бастама биыл да жалғасын табатыны айтылды. Ендеше биыл да мың айдан да қайырлы Қадір түнінде қаншама азаматтарымыздың есімі мешіт мінберінен аталып, Алланың назарына көтеріледі деген үміттеміз.Темекісін тастап, Қадір түнінде көпшіліктің алдында аты аталып, дұғаға қосылуын қалайтын азаматтар болса, +7 (7172) 422-455 телефонына хабарласып немесе сайтымыздың электронды поштасына (hazratsultan@gmail.com) аты-жөндерін жазып жіберулеріне болады» делінген мешіт мәлімдемесінде. ҚазАқпарат.

Рамазан - рухани әлемге өзгеріс әкелетін, жан дүниеңе бір сілкініс жасайтын ай. Себебі, адам ашығу арқылы қан тамырымен жүретін шайтандардың жолын бөгеп, жамандыққа үндейтін аты жаманның аяғына тұсау салып, жат әдеттерден бір табан болсын кері шегінеді. Міне, осы себепті де Ғаламның Рахым Нұры Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Рамазан - шайтандар кісенделетін ай», - деген. Әрине, бұған ең әуелі адамнан берік ниет, темірдей төзім, шамалы сабыр керек. Сонда ғана адам хайуани сипаттан періштелік рухқа қадам басады. Өйткені, Пайғамбарымыз нығметтің ниетке сай берілетінін айтады.

Жалпы, Рамазан - жат әдеттерден арылуға қолайлы ай. Мәселен, күндіз аузы берік жандарға темекі тастау мүмкіндігі мол. Тек кешкісін ауыз ашқан соң сабырлық танытса болғаны.

Muslim.kz сайтының жазуынша, осыған орай былтырғы мүбәрәк Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы жақсы бір бастамаға мұрындық болған еді. Рамазан айы басталған бетте бас имам жұма мінберінен: «Алла разылығы үшін Қасиетті Рамазан айында темекіден, сол секілді басқа да жаман әдеттерден арылуға үндеймін. Кім бұл үндеуіме қолдау көрсетіп, темекісін тастайтын болса, Қадір түнінде сол азаматтарымызды Рамазан айында өміріне бір өзгеріс жасағаны үшін, жаман әдеттен жақсыға қадам басқаны үшін мыңдаған жамағаттың алдында аттарын атап, дұға-тілектерімізге қосамыз», - деген еді. Аллаға шүкір, Қадір түніне қарай ондаған адам: «Сіздің үндеуіңізден кейін темекімді тастадым», - деп өзінің жаман әдетіне табандап қарсы тұрып, бойындағы нәпсісін тізгіндей алғандығын айтып келді.

«Дәл осындай үндеу бас имам тарапынан биыл да жасалды. Өткен жұма уағызында мінберден былтырғы игі бастама биыл да жалғасын табатыны айтылды. Ендеше биыл да мың айдан да қайырлы Қадір түнінде қаншама азаматтарымыздың есімі мешіт мінберінен аталып, Алланың назарына көтеріледі деген үміттеміз.Темекісін тастап, Қадір түнінде көпшіліктің алдында аты аталып, дұғаға қосылуын қалайтын азаматтар болса, +7 (7172) 422-455 телефонына хабарласып немесе сайтымыздың электронды поштасына (hazratsultan@gmail.com) аты-жөндерін жазып жіберулеріне болады» делінген мешіт мәлімдемесінде.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: