Құлыншақ Кемелұлының шығармашылық қызметі

23 Шілде 2013, 06:05

Бұдан арғы қазақ ахуалы белгілі: қазынаға қарыздар халге түсіп, борыштан борышқа батқан, патша үкіметі тарапынан алым-салық алынғалы, талап-тоналғалы шетінен есеп-қисапқа алынған ел, егінін қарақұрым қаптаған шегіртке жалмап жеп, түте-түтесі шыққан момын бұқара мен соларды аярлықпен алдап-сулап, жер соқтырып, зәбірлеп жатқан өңшең залымдар, тағы да сол момындардың еңсесін езіп, есігіне тепсініп келіп ысқырып тұрған «кісісымақтар», яғни бишікештер. Барлығы да нақты әрі әсерлі суреттермен тартымды берілген. Қысқа, қысқа да болса нұсқа дегендей, бас-аяғы сексенге жуық тармақ түзген бұл үзік Құлыншақты біздің оқырманның көз алдында, ой-санасында кесек тұлғалы ақын ретінде бұрынғыдан да ірілендіре түседі. Әлеуметтік мәселені өткір қырынан қоя білетін ірі ақындық тұлғасын өзінің «Пәнденің көп-ті күнәсі» деген ғазал-толғауында одан әрі сомдай түседі. Мысалы: Маубас өгіз секілді, Не көрімдер би болды. Мұсылманның баласы, Табанға түсіп и болды! Немесе: Ойлап тұрсаң пәнделер, Қиямет-қайым жақын-ды! – деген өлең жолдарынан ақынның заман ауанын дәл аңғарумен қатар, халқының келешегін ойлап қапаланатыны айқын аңғарылады.   Жалпы, Құлыншақ Кемелұлының шығармашылық қызметіне, қолдағы әдеби мұраларының мөлшері, түрі, бітім-болмысына қарағанда ақын өнерінің негізгі үш қыры барын аңғарар едік. Олардың ең бастысы – терең ойшылдығының белгісіндей пәлсапалық пайымдаулар болғанда, екіншісі – өткір әзіл-оспаққа, әжуа-мысқыл, сын-сықаққа суарылған әлеуметтік мазмұндағы ықшам өлеңдерге ұсталығы-дағы, үшіншісі – шебер айтыскерлігі дер едік. Ал енді ең алымды шәкірттерінің бірі болып, әлемдік даңққа бөленген Жамбыл атамыздың бізге Ғали Орманов пен Бейсенбай Кенжебаев арқылы жеткен естеліктеріне жүгінсек, онда Құлыншақ өнерінің төртінші қыры – дастаншылық, жыраулық болғанын байқаймыз. Аталған пікірлер Жәкең жайындағы сан алуан естеліктер жиынтығы болып табылатын, 1989 жылы басылған «Дастан-ата» жинағының 139 және 260 беттерінде келтірілген. Бұлардан байқайтынымыз – қазақ эпос жырларын жаратудың негізгі ошақтарының бірі болған күнгей Қазақстанда ақындығының үстіне жырау-жыршылығымен де елеулі еңбек еткен тұлғаның бірі – Құлыншақ ақын екен. Өкіндіретіні – ол жырлады деген не батырлық, не ғашықтық, не тарихи жырлардың нақты нұсқаларының қолға түспей келе жатқандығы. «Шора батырдың» Майлықожаға, Молда Мұсаға (Мұсабекке), «Алпамыстың» берідегі Әбдірайым Байтұрсыновқа, «Қыз Жібек», «Мұңлық – Зарлықтың» Жүсіпбек Шайхисламұлына тән нұсқаларын жақсы білетін біздер, Құлекеңе қатысты басқалай дайын нүсқаны кездестірмедік.

Бұдан арғы қазақ ахуалы белгілі: қазынаға қарыздар халге түсіп, борыштан борышқа батқан, патша үкіметі тарапынан алым-салық алынғалы, талап-тоналғалы шетінен есеп-қисапқа алынған ел, егінін қарақұрым қаптаған шегіртке жалмап жеп, түте-түтесі шыққан момын бұқара мен соларды аярлықпен алдап-сулап, жер соқтырып, зәбірлеп жатқан өңшең залымдар, тағы да сол момындардың еңсесін езіп, есігіне тепсініп келіп ысқырып тұрған «кісісымақтар», яғни бишікештер. Барлығы да нақты әрі әсерлі суреттермен тартымды берілген.

Қысқа, қысқа да болса нұсқа дегендей, бас-аяғы сексенге жуық тармақ түзген бұл үзік Құлыншақты біздің оқырманның көз алдында, ой-санасында кесек тұлғалы ақын ретінде бұрынғыдан да ірілендіре түседі. Әлеуметтік мәселені өткір қырынан қоя білетін ірі ақындық тұлғасын өзінің «Пәнденің көп-ті күнәсі» деген ғазал-толғауында одан әрі сомдай түседі. Мысалы:

Маубас өгіз секілді,

Не көрімдер би болды.

Мұсылманның баласы,

Табанға түсіп и болды!

Немесе:

Ойлап тұрсаң пәнделер,

Қиямет-қайым жақын-ды! – деген өлең жолдарынан ақынның заман ауанын дәл аңғарумен қатар, халқының келешегін ойлап қапаланатыны айқын аңғарылады.  

Жалпы, Құлыншақ Кемелұлының шығармашылық қызметіне, қолдағы әдеби мұраларының мөлшері, түрі, бітім-болмысына қарағанда ақын өнерінің негізгі үш қыры барын аңғарар едік. Олардың ең бастысы – терең ойшылдығының белгісіндей пәлсапалық пайымдаулар болғанда, екіншісі – өткір әзіл-оспаққа, әжуа-мысқыл, сын-сықаққа суарылған әлеуметтік мазмұндағы ықшам өлеңдерге ұсталығы-дағы, үшіншісі – шебер айтыскерлігі дер едік.

Ал енді ең алымды шәкірттерінің бірі болып, әлемдік даңққа бөленген Жамбыл атамыздың бізге Ғали Орманов пен Бейсенбай Кенжебаев арқылы жеткен естеліктеріне жүгінсек, онда Құлыншақ өнерінің төртінші қыры – дастаншылық, жыраулық болғанын байқаймыз. Аталған пікірлер Жәкең жайындағы сан алуан естеліктер жиынтығы болып табылатын, 1989 жылы басылған «Дастан-ата» жинағының 139 және 260 беттерінде келтірілген.

Бұлардан байқайтынымыз – қазақ эпос жырларын жаратудың негізгі ошақтарының бірі болған күнгей Қазақстанда ақындығының үстіне жырау-жыршылығымен де елеулі еңбек еткен тұлғаның бірі – Құлыншақ ақын екен. Өкіндіретіні – ол жырлады деген не батырлық, не ғашықтық, не тарихи жырлардың нақты нұсқаларының қолға түспей келе жатқандығы. «Шора батырдың» Майлықожаға, Молда Мұсаға (Мұсабекке), «Алпамыстың» берідегі Әбдірайым Байтұрсыновқа, «Қыз Жібек», «Мұңлық – Зарлықтың» Жүсіпбек Шайхисламұлына тән нұсқаларын жақсы білетін біздер, Құлекеңе қатысты басқалай дайын нүсқаны кездестірмедік.

Бөлісу: