Құлыншақ ақынның әдеби мұрасының көлемі мен құрамы

23 Шілде 2013, 05:28

Атап өтерлік бір мәселе – дер кезінде хатқа түспей, кейінірек ел аузынан жиналғандықтан, ақындардың бірінің өлеңі кейде екіншісінікі телініп кете береді. Құлыншақтың кейбір өлеңі осылайша басқалардың қорына «қосылып» жүруі де мүмкін. Әсіресе, мұндай ауыс-күйіс жері, елі, өлкесі жақын, замандас ақындар мұрасында кездесуі ғажап емес. Мәселен, «Көлбайға» деген бір ауыз өлең бірде Молда Мұсаға, бірде Майлықожаға телініп келеді. Сонымен, Құлыншақ ақынның әдеби мұрасының көлемі мен құрамын анықтай түсу жөнінде алдағы кезде де жаңа ізденістер жүргізіле беруі қажет. Біз Сұлтанбек жыршы айтып келген «Күн жауады әуеден, қара бұлт торласа» деп басталатын толғауды да Құлыншаққа тән деп шамалаймыз. Мұндай мысалдар баршылық. Бір тәуір жері – Құлыншақ өлеңдерін аз да болса, білетін адамдардың кездесіп отыратындығы. Бізге ақынның жетпіс жол өлеңін ілгеріде аты аталған Омар Байымбетов ақсақалдың айтуынан шымкенттік зейнеткер, өз жанынан өлең, дастан шығара алатын Исақұл Ақылов жазып жіберді. Тағы бірер өлеңді Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген аудандық бұрынғы тұтынушылар қоғамының төрағасы Жәңгірбай Әлиев, Түркістан ауданы бұрынғы «ІІІ Интернационал» колхозының бригадирі Әлімбай Қасымбеков айтып берді. *** Соңғы жылдарда Құлыншақтың мұрасын жинауға атсалысып келе жатқан ақынның жерлесі, оқу-ағарту ісінің озаты, бүгінде зейнеткер Рысқұл Рысжанов. Осы кісінің ыждағаттылығы арқасында Құлыншақтың бірсыпыра өлеңдері табылып, баспасөз бетінде жарияланды, ақын шығармаларының кішігірім жинағы Шымкентте басылып шықты. Рысжановтың жинаушылық қызметінің елеулі екенін бізге жіберген хатынан нақтылы біліп отырмыз. Ең алдымен, Рекең Құлыншақтың өмірбаянын кейбір жаңа материалдармен толықтырғанын атап көрсету керек. Ол ел арасынан ақынның төмендегідей шығармаларын жазып алған. Олар: 1. Құлыншақтың термесі; 2. Өсиет өлеңі; 3. Шөже мен Құлыншақтың қақтығысы; 4. Көлбай болыстың үйіне қонғаны; 5. Бір байдың үйінде; 6. Бір байға мысалдап айтқаны; 7. Ондыбай болысқа хаты; 8. Мазақ қылма, Көлбайым; 9. Ел арасындағы жанжалды өлеңмен тоқтатуы; 10. Ар-ұяты бар кісі; 11. Алпыс бір жанның атауы; 12. Өмір туралы толғау; 13. Біреуге берсем дегін, алсам деме; 14. Әркім әуес қылады қолда жоқты; 15. Арқада бар балқурай; 16. Бірінші байлық – денсаулық; 17. Қызыл тілім сөйлеп қал; 18. Дүйсенбі, сенде арман жоқ; 19. Атадан артық туған Жаманқара; 20. Тар құрсағын кеңіткен; 21. Түйе жисаң, нардан жи; 22. Түйенің түйе болмағы; 23. Қыс қыстауға құм жақсы; 24. Адамды құдай ойлады; 24. Атаның әруағына түней келдік; 25. Жаратқан медет бере гөр; 26. Ар-ұятты ойлаған; 27. Құлыншақ пен Шәдінің хат өлеңі; 28. Молда Мұсаға хат өлеңі... Бұл тізімнен ақын мұрасының шеңбері кеңейіп, шеберлік деңгейі айқындала түскенін көреміз. Осы қатарға Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Әсіпхан Қосаровтан жазып алынған «Құлыншақ пен Қисық батыр» деген аса тапқыр да тартымды өлеңді қосу парыз. Құлыншақтың мұншама шығармасының табылуы арнайы зерттеуді керек етеді.

Атап өтерлік бір мәселе – дер кезінде хатқа түспей, кейінірек ел аузынан жиналғандықтан, ақындардың бірінің өлеңі кейде екіншісінікі телініп кете береді. Құлыншақтың кейбір өлеңі осылайша басқалардың қорына «қосылып» жүруі де мүмкін. Әсіресе, мұндай ауыс-күйіс жері, елі, өлкесі жақын, замандас ақындар мұрасында кездесуі ғажап емес. Мәселен, «Көлбайға» деген бір ауыз өлең бірде Молда Мұсаға, бірде Майлықожаға телініп келеді.

Сонымен, Құлыншақ ақынның әдеби мұрасының көлемі мен құрамын анықтай түсу жөнінде алдағы кезде де жаңа ізденістер жүргізіле беруі қажет. Біз Сұлтанбек жыршы айтып келген «Күн жауады әуеден, қара бұлт торласа» деп басталатын толғауды да Құлыншаққа тән деп шамалаймыз. Мұндай мысалдар баршылық.

Бір тәуір жері – Құлыншақ өлеңдерін аз да болса, білетін адамдардың кездесіп отыратындығы. Бізге ақынның жетпіс жол өлеңін ілгеріде аты аталған Омар Байымбетов ақсақалдың айтуынан шымкенттік зейнеткер, өз жанынан өлең, дастан шығара алатын Исақұл Ақылов жазып жіберді. Тағы бірер өлеңді Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген аудандық бұрынғы тұтынушылар қоғамының төрағасы Жәңгірбай Әлиев, Түркістан ауданы бұрынғы «ІІІ Интернационал» колхозының бригадирі Әлімбай Қасымбеков айтып берді.

***

Соңғы жылдарда Құлыншақтың мұрасын жинауға атсалысып келе жатқан ақынның жерлесі, оқу-ағарту ісінің озаты, бүгінде зейнеткер Рысқұл Рысжанов. Осы кісінің ыждағаттылығы арқасында Құлыншақтың бірсыпыра өлеңдері табылып, баспасөз бетінде жарияланды, ақын шығармаларының кішігірім жинағы Шымкентте басылып шықты. Рысжановтың жинаушылық қызметінің елеулі екенін бізге жіберген хатынан нақтылы біліп отырмыз. Ең алдымен, Рекең Құлыншақтың өмірбаянын кейбір жаңа материалдармен толықтырғанын атап көрсету керек. Ол ел арасынан ақынның төмендегідей шығармаларын жазып алған. Олар: 1. Құлыншақтың термесі; 2. Өсиет өлеңі; 3. Шөже мен Құлыншақтың қақтығысы; 4. Көлбай болыстың үйіне қонғаны; 5. Бір байдың үйінде; 6. Бір байға мысалдап айтқаны; 7. Ондыбай болысқа хаты; 8. Мазақ қылма, Көлбайым; 9. Ел арасындағы жанжалды өлеңмен тоқтатуы; 10. Ар-ұяты бар кісі; 11. Алпыс бір жанның атауы; 12. Өмір туралы толғау; 13. Біреуге берсем дегін, алсам деме; 14. Әркім әуес қылады қолда жоқты; 15. Арқада бар балқурай; 16. Бірінші байлық – денсаулық; 17. Қызыл тілім сөйлеп қал; 18. Дүйсенбі, сенде арман жоқ; 19. Атадан артық туған Жаманқара; 20. Тар құрсағын кеңіткен; 21. Түйе жисаң, нардан жи; 22. Түйенің түйе болмағы; 23. Қыс қыстауға құм жақсы; 24. Адамды құдай ойлады; 24. Атаның әруағына түней келдік; 25. Жаратқан медет бере гөр; 26. Ар-ұятты ойлаған; 27. Құлыншақ пен Шәдінің хат өлеңі; 28. Молда Мұсаға хат өлеңі... Бұл тізімнен ақын мұрасының шеңбері кеңейіп, шеберлік деңгейі айқындала түскенін көреміз. Осы қатарға Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Әсіпхан Қосаровтан жазып алынған «Құлыншақ пен Қисық батыр» деген аса тапқыр да тартымды өлеңді қосу парыз. Құлыншақтың мұншама шығармасының табылуы арнайы зерттеуді керек етеді.

Бөлісу: