Құлыншақтың әлеуметтік мәні күшті өлеңдерінің бір тобы – жеке адамдарға арналған сөздер

23 Шілде 2013, 05:27

Құлыншақтың әлеуметтік мәні күшті өлеңдерінің бір тобы – жеке адамдарға арналған сөздер. Бұлардың көбінде сын, мысқыл аралас жүреді. Ақын қиянатшылды, дүниеқор, бәлеқорды өлеңмен масқаралап отырған. Уақыт өтіп, нәсілден нәсіл жаңаланса да, ондай сөздер ұмытылмай, ауыздан-ауызға көшіп келген. Патшалар салдырған салтанатты сарайлар қираса да, ақынның сөзі өлмейді деген нақылдың шындығын осы тұстан да көргендей боламыз. Сондай өлеңдердің бірнешеуін мысалға келтірейік. Ақынның «Ондыбайға» деп аталған өлеңін ел ұмытпапты. Оңдыбай – қырды жайлаған болыс екен. Оның ауылына бірде Құлыншақтар жолаушылап барса, болыстың әйелі қонақтарды қораш көріп, дұрыстап күтпейді. Қазақ даласының ежелгі салты бойынша, мейманды сыйламау – үлкен айып. Болыс әйелінің өнегесіздігіне намыстанған Құлыншақ, кетерінде «Ондыбайға» деп үш-төрт ауыз өлең жазып қалдырады. Ол мынау еді:  Сәлем де Ондыбайға Құлыншақтан,  Есектен не туады айғыр шапқан?  Жылтыраған бетіне әуес болмай,  Адамның баласын ал, кісі баққан.    Қызарған не қыласың беттің нұрын,  Салады көрген жігіт көздің қырын.  «Ондыбайдың ауылына барамыз» деп,  Қайдан таныс боламыз үш жыл бұрын?    Болысеке, бұл өлең қайдан шықты?  Үйіңде бесінде ішкен шайдан шықты.  Сабада сапырулы қымыз тұрып,  Күбіден айнып кеткен айран шықты.    Қайыр-қош, болысеке көргеніме,  Бұл қорлық естен кетпес өлгенімше,  Қос-қосалқы арқалап құрыған жақсы,  Итке артып аттың қосын жүргеніңше. Бұл өлеңді оқыған Ондыбай қатты намыстанып, әйелін төркініне көшіріп жіберген екен деседі. Міне, ақын сөзінің уыттылығы деген осы. Құлыншақтың «Қуды мініп, құланды құрықтап жүр» деген шығармасына қоғамның әлеуметтік қайшылығы күшті көрсетілгенін бір еңбегінде проф. Е. Ысмайылов атап өткен болатын. Ақын енді бір шығармасында байдың қызы мен қыз жеңгесінің тойымсыз дүниеқұмарлығын мысқыл еткен.  Бір түлкі тұра қашты, қудым тыңнан,  Ұсынса қол жетпейтін биік шыңнан,  Төбесін бірақ көрдім орғыл құмнан,  Бір жылан, бір айдаһар жолдас бопты,  Түк қалмас бере берсең жиған малдан. Өкінерлігі сол – Құлыншақтың көп жыры, айтысы жазылып қалмаған. Аз сөзі сақталған Майлықожамен айтысында әлеуметтік дертті ашудан гөрі ру мен руды салыстыру, байлық, көптік, бектік санасу сарыны басым. Бұрыннан дос екі ақынды елдің «игі жақсылары» қымыздың қызуына желігіп, еріксіз қолқалап айтыстырғаны, бір-бірімен себепсіз жамандасуға бұлардың зауқы болмағаны Құлыншақтың мына сөздерінен аңғарылады: Жиылдық үлкен-кіші үйден, түзден, Жүйрік ат топтан озып, бәйге сүзген. Қоңыратта Майлықожа, Құлыншақ боп, Екеуміз шығып едік Орта жүзден. Қосылдық екі жүйрік сайымызға, Бір нұқсан түспегей де пайымызға, Тақсыр-ау, өлеңіңді енді қамда, Бозбала қоймас болды жайымызға...

Құлыншақтың әлеуметтік мәні күшті өлеңдерінің бір тобы – жеке адамдарға арналған сөздер. Бұлардың көбінде сын, мысқыл аралас жүреді. Ақын қиянатшылды, дүниеқор, бәлеқорды өлеңмен масқаралап отырған. Уақыт өтіп, нәсілден нәсіл жаңаланса да, ондай сөздер ұмытылмай, ауыздан-ауызға көшіп келген. Патшалар салдырған салтанатты сарайлар қираса да, ақынның сөзі өлмейді деген нақылдың шындығын осы тұстан да көргендей боламыз.

Сондай өлеңдердің бірнешеуін мысалға келтірейік. Ақынның «Ондыбайға» деп аталған өлеңін ел ұмытпапты. Оңдыбай – қырды жайлаған болыс екен. Оның ауылына бірде Құлыншақтар жолаушылап барса, болыстың әйелі қонақтарды қораш көріп, дұрыстап күтпейді. Қазақ даласының ежелгі салты бойынша, мейманды сыйламау – үлкен айып. Болыс әйелінің өнегесіздігіне намыстанған Құлыншақ, кетерінде «Ондыбайға» деп үш-төрт ауыз өлең жазып қалдырады. Ол мынау еді:

 Сәлем де Ондыбайға Құлыншақтан,

 Есектен не туады айғыр шапқан?

 Жылтыраған бетіне әуес болмай,

 Адамның баласын ал, кісі баққан.

 

 Қызарған не қыласың беттің нұрын,

 Салады көрген жігіт көздің қырын.

 «Ондыбайдың ауылына барамыз» деп,

 Қайдан таныс боламыз үш жыл бұрын?

 

 Болысеке, бұл өлең қайдан шықты?

 Үйіңде бесінде ішкен шайдан шықты.

 Сабада сапырулы қымыз тұрып,

 Күбіден айнып кеткен айран шықты.

 

 Қайыр-қош, болысеке көргеніме,

 Бұл қорлық естен кетпес өлгенімше,

 Қос-қосалқы арқалап құрыған жақсы,

 Итке артып аттың қосын жүргеніңше.

Бұл өлеңді оқыған Ондыбай қатты намыстанып, әйелін төркініне көшіріп жіберген екен деседі. Міне, ақын сөзінің уыттылығы деген осы.

Құлыншақтың «Қуды мініп, құланды құрықтап жүр» деген шығармасына қоғамның әлеуметтік қайшылығы күшті көрсетілгенін бір еңбегінде проф. Е. Ысмайылов атап өткен болатын.

Ақын енді бір шығармасында байдың қызы мен қыз жеңгесінің тойымсыз дүниеқұмарлығын мысқыл еткен.

 Бір түлкі тұра қашты, қудым тыңнан,

 Ұсынса қол жетпейтін биік шыңнан,

 Төбесін бірақ көрдім орғыл құмнан,

 Бір жылан, бір айдаһар жолдас бопты,

 Түк қалмас бере берсең жиған малдан.

Өкінерлігі сол – Құлыншақтың көп жыры, айтысы жазылып қалмаған. Аз сөзі сақталған Майлықожамен айтысында әлеуметтік дертті ашудан гөрі ру мен руды салыстыру, байлық, көптік, бектік санасу сарыны басым. Бұрыннан дос екі ақынды елдің «игі жақсылары» қымыздың қызуына желігіп, еріксіз қолқалап айтыстырғаны, бір-бірімен себепсіз жамандасуға бұлардың зауқы болмағаны Құлыншақтың мына сөздерінен аңғарылады:

Жиылдық үлкен-кіші үйден, түзден,

Жүйрік ат топтан озып, бәйге сүзген.

Қоңыратта Майлықожа, Құлыншақ боп,

Екеуміз шығып едік Орта жүзден.

Қосылдық екі жүйрік сайымызға,

Бір нұқсан түспегей де пайымызға,

Тақсыр-ау, өлеңіңді енді қамда,

Бозбала қоймас болды жайымызға...

Бөлісу: