Мұғалімдердің тағы бір өнерпаз ұжымы дүниеге келді

23 Шілде 2013, 04:51

Биыл мұғалімдердің тағы бір өнерпаз ұжымы дүниеге келді. Бұл Торғай ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп ұстаздарының «Қоңырау сазы» ансамблі. Ансамбль мүшелері қазірдің өзінде жұртшылыққа кеңінен танылып үлгірді. Олар шаруашылықтарды жиі аралап, көпшіліктің алғысына бөленіп жүр. Н. Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жанындағы түрлі үйірмелердің жұмысына да ұстаздар қызу араласады. Айталық, мұндағы халық аспаптар үйірмесіне тәжірибелі ұстаздар Б. Сәуекенов пен А. Ерболдина жетекшілік етеді. Сондай-ақ мәдениет үйінде мұғалімдердің басшылығымен жүйелі түрде жұмыс істейтін драма, бейнелеу өнері, жеке әншілер мен домбырашылар үйірмелері баршылық. Ауданда 300-ге жуық жоғары білімді мамандар еңбек етеді. Сайып келгенде, шаруашылық экономикасының ілгері қадам жасауы, мәдениетінің гүлденуі көп жағдайда соларға, оның ішінде, әсіресе басшы қызметкерлер мен бас мамандардың бастамасына және іскерлігіне байланысты. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде бас мамандар мен басшы қызметкерлердің арасында өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуде, еңбекшілерді алға қойылған міндеттерге жұмылдыруда тапқырлық, іскерлік, белсенділік танытып жүргендер аз емес. Мысалы, ауданның беделді азаматтарының бірі Аңсаған Қоңқабаевты алайық. Ол шопан болып еңбек ете жүріп, білімін көтерді, өндірістен қол үзбей ауыл шаруашылығы техникумын, кейін Семей зотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірді. Әуелі бөлімше зоотехнигі, сонан соң шаруашылық зоотехнигі міндетін атқарған Аңсаған төрт жылдан бері «Ақкөл» шаруашылығының директоры. Немесе ХХІ партсъезд атындағы ұжымшарды алайық. Бұл шаруашылық он бірінші бесжылдықты 652 мың сом пайдамен аяқтады. Ұжымшар басшылары шаруашылықтың экономикада ғана емес, мәдени-тұрмыс саласында да жоғары деңгейден көрінуіне ұдайы назар аударып келеді. Шаруашылықтың жастардан құрылған «Қызғалдақ» ансамблі мен «Қызыл керуен» үгіт бригадасы мал отарларын аралап, шопандарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетеді. Шаруашылықта сондай-ақ бес клуб, бес кітапхана, аудандық тұрмыстық комбинаттың 14 сауда торабы, аурухана, емхана жұмыс істейді. Әрбір бөлімшеде фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Біз осы шаруашылықта болғанымызда кеңшардың бас инженері Әбдірахман Тасмағамбетовпен таныстық. Ол баспасөзді жиі қадағалап, техникаға қатысты мәселелерден үнемі хабардар болып отырады екен.

Биыл мұғалімдердің тағы бір өнерпаз ұжымы дүниеге келді. Бұл Торғай ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп ұстаздарының «Қоңырау сазы» ансамблі. Ансамбль мүшелері қазірдің өзінде жұртшылыққа кеңінен танылып үлгірді. Олар шаруашылықтарды жиі аралап, көпшіліктің алғысына бөленіп жүр.

Н. Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жанындағы түрлі үйірмелердің жұмысына да ұстаздар қызу араласады. Айталық, мұндағы халық аспаптар үйірмесіне тәжірибелі ұстаздар Б. Сәуекенов пен А. Ерболдина жетекшілік етеді. Сондай-ақ мәдениет үйінде мұғалімдердің басшылығымен жүйелі түрде жұмыс істейтін драма, бейнелеу өнері, жеке әншілер мен домбырашылар үйірмелері баршылық.

Ауданда 300-ге жуық жоғары білімді мамандар еңбек етеді. Сайып келгенде, шаруашылық экономикасының ілгері қадам жасауы, мәдениетінің гүлденуі көп жағдайда соларға, оның ішінде, әсіресе басшы қызметкерлер мен бас мамандардың бастамасына және іскерлігіне байланысты. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде бас мамандар мен басшы қызметкерлердің арасында өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуде, еңбекшілерді алға қойылған міндеттерге жұмылдыруда тапқырлық, іскерлік, белсенділік танытып жүргендер аз емес. Мысалы, ауданның беделді азаматтарының бірі Аңсаған Қоңқабаевты алайық. Ол шопан болып еңбек ете жүріп, білімін көтерді, өндірістен қол үзбей ауыл шаруашылығы техникумын, кейін Семей зотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірді. Әуелі бөлімше зоотехнигі, сонан соң шаруашылық зоотехнигі міндетін атқарған Аңсаған төрт жылдан бері «Ақкөл» шаруашылығының директоры.

Немесе ХХІ партсъезд атындағы ұжымшарды алайық. Бұл шаруашылық он бірінші бесжылдықты 652 мың сом пайдамен аяқтады. Ұжымшар басшылары шаруашылықтың экономикада ғана емес, мәдени-тұрмыс саласында да жоғары деңгейден көрінуіне ұдайы назар аударып келеді. Шаруашылықтың жастардан құрылған «Қызғалдақ» ансамблі мен «Қызыл керуен» үгіт бригадасы мал отарларын аралап, шопандарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетеді. Шаруашылықта сондай-ақ бес клуб, бес кітапхана, аудандық тұрмыстық комбинаттың 14 сауда торабы, аурухана, емхана жұмыс істейді. Әрбір бөлімшеде фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Біз осы шаруашылықта болғанымызда кеңшардың бас инженері Әбдірахман Тасмағамбетовпен таныстық. Ол баспасөзді жиі қадағалап, техникаға қатысты мәселелерден үнемі хабардар болып отырады екен.

Бөлісу: