С.Байменшенің Бейімбет шығармашылығына арнаған еңбектері кандидаттық, докторлық диссертациялар қорға

23 Шілде 2013, 04:32

Сондай-ақ жазушы туындыларының шығармашылық тарихын алғаш рет зерттеу объектісіне айналдырған ғалым Б.Майлиннің «Садақ», «Айқап», «Абай», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Ұран», «Қазақ мұңы», «Өртең», «Еңбекшіл қазақ» («Еңбекші қазақ»), «Ауыл», «Ауыл тілі», «Сыр бойы», «Жұмысшы», «Әйел теңдігі», «Жаңа ауыл», «Социалды Қазақстан», «Жаңа мектеп», «Жаңа әдебиет», «Әдебиет майданы» сияқты сол заман басылымдарында жарық көріп, кейін ұмыт болған бірқатар туындыларын, ел аузында сақталған кейбір еңбектерін ғылыми айналымға қосты. Жазушының «Бейімбеттің өлеңдері», «От басында» деген тұңғыш тырнақ алды кітаптарының тарихи-әдеби және саяси тағдырын ғылыми тұрғыдан тиянақтады. Жазушының оқулықтар мен оқу кітаптарын, күнтізбелік жинақтар, әліппе мен әліппе орнына пайдаланылатын құралдар шығарған қаламгерлік қызметін жан-жақты көрсетеді, осы кітаптардың мән-маңызы мен мазмұн-дәрежесін сараптайды.  Жалпы, С.Байменшенің Бейімбет шығармашылығына арнаған еңбектері кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғаумен шектелмейді. Оның «Майлының Бейімбеті» (Алматы, «Білім» баспасы, 1994 ж.), «Бейімбеттің сөзстаны» (Алматы, «Рауан» баспасы, 1996 ж.), «Бейтаныс Бейімбет» (Астана, «Елорда» баспасы, 2001 ж.), «Зергердің зертханасы» (Алматы, «Сөздік» баспасы, 2005ж.) тәрізді Бейімбет шығармаларын талдауға арналған еңбектерінен басқа, жазушының бұған дейін белгісіз болып келген шығармаларын тірнектеп жинап, бірнеше кітап етіп бастырып шығаруы («Тұңғыш құрбан» (Алматы, «Рауан» баспасы, 1996 ж.), «Белгісіз шығармалар» (Астана, «Фолиант» баспасы, 2001 ж.) ғалымның қазақ әдебиетін байыта түсуге қосқан өзіндік үлесі десек қателеспейміз. Сондай-ақ 1932 жылы Б.Майлин аударып, латын қарпімен шығарған П.Быковтың «Романовтардың соңғы күндері» (Астана, «Елорда» баспасы, 2002 ж.) атты кітаптың араға жетпіс жыл салып, бүгінгі әріппен қайта жарық көруіне де С.Байменшенің сіңірген еңбегі мол. Соңғы уақытта «Қазығұрт» баспасынан Б.Майлиннің көп томдық шығармалар жинағы шығарылуда. Қазірге дейін осы көп томдықтың 1, 2 және 3-томдары жарық көрді. Мұның да басы-қасында С.Байменше жүр. Сөз ретіне қарай С.Байменшенің қалам қарымы Бейімбет Майлин шығармаларын зерттеумен шектелмей, ғалым ретінде де, журналист ретінде де сан алуан қырынан көрініп келе жатқанын айта кеткеніміз жөн. Мәселен ол журналистік еңбек жолын бастағалы бергі 30 жылға жуық уақыт ішінде заман талабынан туындайтын жүздеген мақалалар мен очерктер жазды. 1999 жылы «Елорда» баспасынан (Астана қаласы) жарық көрген «Тағзым» атты публицистикалық шығармалар жинағы сол еңбегінің қорытындысы іспетті болды.

Сондай-ақ жазушы туындыларының шығармашылық тарихын алғаш рет зерттеу объектісіне айналдырған ғалым Б.Майлиннің «Садақ», «Айқап», «Абай», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Ұран», «Қазақ мұңы», «Өртең», «Еңбекшіл қазақ» («Еңбекші қазақ»), «Ауыл», «Ауыл тілі», «Сыр бойы», «Жұмысшы», «Әйел теңдігі», «Жаңа ауыл», «Социалды Қазақстан», «Жаңа мектеп», «Жаңа әдебиет», «Әдебиет майданы» сияқты сол заман басылымдарында жарық көріп, кейін ұмыт болған бірқатар туындыларын, ел аузында сақталған кейбір еңбектерін ғылыми айналымға қосты. Жазушының «Бейімбеттің өлеңдері», «От басында» деген тұңғыш тырнақ алды кітаптарының тарихи-әдеби және саяси тағдырын ғылыми тұрғыдан тиянақтады. Жазушының оқулықтар мен оқу кітаптарын, күнтізбелік жинақтар, әліппе мен әліппе орнына пайдаланылатын құралдар шығарған қаламгерлік қызметін жан-жақты көрсетеді, осы кітаптардың мән-маңызы мен мазмұн-дәрежесін сараптайды. 

Жалпы, С.Байменшенің Бейімбет шығармашылығына арнаған еңбектері кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғаумен шектелмейді. Оның «Майлының Бейімбеті» (Алматы, «Білім» баспасы, 1994 ж.), «Бейімбеттің сөзстаны» (Алматы, «Рауан» баспасы, 1996 ж.), «Бейтаныс Бейімбет» (Астана, «Елорда» баспасы, 2001 ж.), «Зергердің зертханасы» (Алматы, «Сөздік» баспасы, 2005ж.) тәрізді Бейімбет шығармаларын талдауға арналған еңбектерінен басқа, жазушының бұған дейін белгісіз болып келген шығармаларын тірнектеп жинап, бірнеше кітап етіп бастырып шығаруы («Тұңғыш құрбан» (Алматы, «Рауан» баспасы, 1996 ж.), «Белгісіз шығармалар» (Астана, «Фолиант» баспасы, 2001 ж.) ғалымның қазақ әдебиетін байыта түсуге қосқан өзіндік үлесі десек қателеспейміз. Сондай-ақ 1932 жылы Б.Майлин аударып, латын қарпімен шығарған П.Быковтың «Романовтардың соңғы күндері» (Астана, «Елорда» баспасы, 2002 ж.) атты кітаптың араға жетпіс жыл салып, бүгінгі әріппен қайта жарық көруіне де С.Байменшенің сіңірген еңбегі мол.

Соңғы уақытта «Қазығұрт» баспасынан Б.Майлиннің көп томдық шығармалар жинағы шығарылуда. Қазірге дейін осы көп томдықтың 1, 2 және 3-томдары жарық көрді. Мұның да басы-қасында С.Байменше жүр.

Сөз ретіне қарай С.Байменшенің қалам қарымы Бейімбет Майлин шығармаларын зерттеумен шектелмей, ғалым ретінде де, журналист ретінде де сан алуан қырынан көрініп келе жатқанын айта кеткеніміз жөн. Мәселен ол журналистік еңбек жолын бастағалы бергі 30 жылға жуық уақыт ішінде заман талабынан туындайтын жүздеген мақалалар мен очерктер жазды. 1999 жылы «Елорда» баспасынан (Астана қаласы) жарық көрген «Тағзым» атты публицистикалық шығармалар жинағы сол еңбегінің қорытындысы іспетті болды.

Бөлісу: