23 Шілде 2013, 03:55
Бүгін Қарағандыда Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарындағы «Шахтер» және «БАТЭ» арасындағы екінші матч өтеді.
«Олимп» букмекерлік кеңсесінің болжамы бойынша, бұл кездесуде фаворит БАТЭ көрінеді. Ойынға берілген коэффициенттер мынадай: «Шахтердің» жеңісі – 4.35, теңде-тең – 3.45, «БАТЭ»-нің жеңісі – 1.8. Айта кету керек, «Шахтер» келесі раундқа өтуі үшін белорусиялық командаға жеңілмеуі керек. Ал БАТЭ-ге тек жеңіс керек. Егер ойын теңде-тең аяқталар болса, онда қосымша уақыт беріледі не пенальти белгіленеді.
Матч Астана уақыты бойынша 19:30-да өтеді, KazSport телеарнасы ойынды тікелей эфирден көрсетеді.
Естеріңізге саламыз, 16 шілде күні Борисов қаласында өткен кездесуде қарағандылық команда 1:0 есебімен жеңген болатын. Ойындағы жалғыз голды шабуылшы Сергей Хижниченко салды.
baq.kz