Нигерияның ауқатты адамдары мен қайырымдылық қорлары Рамазан айында қайырымдылық танытып, жағдайы төмен адамдарға ауызашар ұйымдастырмақ. «Қасиетті айда 200 мың адамды тамақтандыру - біздің басты мақсатымыз», - деді ауызашарды ұйымдастыру Deen Communications бірлестігінің өкілі Муддасир Оланийи Санут.
«Deen Communications бірлестігі Рамазан айының басынан бастап Нигерияның Лагос, Абудж, Порт-Харкур, Кано қалаларында ауызашар ұйымдастырып келеді. Ал ауқатты мұсылмандар мен басқа бірлестіктер Нигерияның Илорин, Джос, Борно, Йоб, Кадун қалаларында ауызашар ұйымдастырып жүр. Муддасир Оланийи Сануттың айтуынша, Нигерияда «Бір адамды болса да тамақтандыр» атты акция әлі де өз жалғасын табады. Ал айт күндері Нигерияның түпкір-түпкірінде 20 000 адамды тамақтандыру да жоспарланған» деп жазады muftyat.kz.
Нигериялық саясаткерлер де қайырымдылық жасауда қалыспай, түрлі деңгейде ауызашарлар ұйымдастырып жүр. Мысалы, сенат мүшесі Букола Сараки өзінің ұйымдастырған іс-шараларын әлеуметтік желі арқылы жариялаған екен. Ол аталған шара туралы: «Біздің істеп жатқан іс-шараларымыздың жариялануы, рия ретінде емес, керісінше, көмекке мұқтаж жандарға уақытылы көмек көрсетілу үшін жасалып отыр»,- деп қайырды.
ҚазАқпарат.