Ұлы жазушы М. Әуезов өзінің сан салалы шығармашылығында әдебиеттің барлық жанрына қалам тартты

23 Шілде 2013, 03:22

Иә, көркем аударманың ұлт мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қоса алатынын бүгінде ешкім де жоққа шығармас. Бұған мысалды көптеп келтіруге болады. Лермонтовтан, Пушкиннен, Крыловтан жасаған Абай аудармалары, Шәкәрім аудармалары, орыстың классик ақын-жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары, орыс тілінен аударылған шетел жазушыларының шығармалары, сөз жоқ, оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесінің рухани баюына септігін тигізді. Сонымен қатар М. Әуезов бастаған қазақтың классик жазушыларының шығармалары қазір бүкіл дүниежүзін аралап, халқымыздың кескін-келбетін барша жұртқа әр қырынан көрсетіп, таныстыруда. Ал Президенттің бастамашылығымен «Мәдени мұра» айдары бойынша соңғы жылдары қолға алынған тың шаралар бұл іске соны серпін берді.   Ұлы жазушы М. Әуезов өзінің сан салалы шығармашылығында әдебиеттің барлық жанрына қалам тартып, өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі, жолбасшы болар талай тамаша сүбелі ой-пікірлер қалдырғаны жұртшылыққа мәлім. Соның ішінде көркем әдебиеттегі аударма мәселесі де ол кісінің назарынан тыс қалмаған. Әдеби шығармалардың аудармалары жөнінде әр жылдары «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері», «Абай аудармалары», «Орыс классиктері және Абай», «Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы», «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар», «Евгений Онегиннің қазақшасы туралы», «Ревизордың» аудармасы туралы» тәрізді тағы басқа көптеген мақалалар жазды. Бұларда көркем аударманың толғақты мәселелері көтеріліп, болашақта атқарылар істерге бағыт-бағдар беріліп отырады. Мұнан бөлек, «Абайдың өмірбаяны» деген зерттеу еңбегінде ұлы ақынның А. Пушкиннен, Ю. Лермонтовтан, И. Крыловтан жасаған аудармаларына жан-жақты түсінік береді.   Көркем аударма туралы ой-толғамдарында М. Әуезов ұлттың өзіндік болмыс-бітіміне айрықша назар аударады, аударма жасаған кезде тәржімаланған шығарманы оқыған адамның төл туындыны оқып отырғандай әсерге бөленуін қалайды. Ол үшін ұлттық форманы тарихи категория ретінде ұғыну керектігін тілге тиек ете келіп, «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» деген еңбегінде былай деп жазады: «...біздің ақын- жазушыларымыз өздері мирас еткен ұлттық-дәстүрлік формаларға өз творчествосы арқылы және аударма арқылы өздерінің ұлғайған әдебиетінен көптеген тың, жаңа қасиеттер, жаңа сезім, жаңа пікір өз туындыларын әкеліп қосады.

Иә, көркем аударманың ұлт мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қоса алатынын бүгінде ешкім де жоққа шығармас. Бұған мысалды көптеп келтіруге болады. Лермонтовтан, Пушкиннен, Крыловтан жасаған Абай аудармалары, Шәкәрім аудармалары, орыстың классик ақын-жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары, орыс тілінен аударылған шетел жазушыларының шығармалары, сөз жоқ, оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесінің рухани баюына септігін тигізді. Сонымен қатар М. Әуезов бастаған қазақтың классик жазушыларының шығармалары қазір бүкіл дүниежүзін аралап, халқымыздың кескін-келбетін барша жұртқа әр қырынан көрсетіп, таныстыруда. Ал Президенттің бастамашылығымен «Мәдени мұра» айдары бойынша соңғы жылдары қолға алынған тың шаралар бұл іске соны серпін берді.  

Ұлы жазушы М. Әуезов өзінің сан салалы шығармашылығында әдебиеттің барлық жанрына қалам тартып, өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі, жолбасшы болар талай тамаша сүбелі ой-пікірлер қалдырғаны жұртшылыққа мәлім. Соның ішінде көркем әдебиеттегі аударма мәселесі де ол кісінің назарынан тыс қалмаған. Әдеби шығармалардың аудармалары жөнінде әр жылдары «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері», «Абай аудармалары», «Орыс классиктері және Абай», «Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы», «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар», «Евгений Онегиннің қазақшасы туралы», «Ревизордың» аудармасы туралы» тәрізді тағы басқа көптеген мақалалар жазды. Бұларда көркем аударманың толғақты мәселелері көтеріліп, болашақта атқарылар істерге бағыт-бағдар беріліп отырады. Мұнан бөлек, «Абайдың өмірбаяны» деген зерттеу еңбегінде ұлы ақынның А. Пушкиннен, Ю. Лермонтовтан, И. Крыловтан жасаған аудармаларына жан-жақты түсінік береді.  

Көркем аударма туралы ой-толғамдарында М. Әуезов ұлттың өзіндік болмыс-бітіміне айрықша назар аударады, аударма жасаған кезде тәржімаланған шығарманы оқыған адамның төл туындыны оқып отырғандай әсерге бөленуін қалайды. Ол үшін ұлттық форманы тарихи категория ретінде ұғыну керектігін тілге тиек ете келіп, «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» деген еңбегінде былай деп жазады: «...біздің ақын- жазушыларымыз өздері мирас еткен ұлттық-дәстүрлік формаларға өз творчествосы арқылы және аударма арқылы өздерінің ұлғайған әдебиетінен көптеген тың, жаңа қасиеттер, жаңа сезім, жаңа пікір өз туындыларын әкеліп қосады.

Бөлісу: