Энциклопедист-ғалым Р.Бердібайдың өмірінің мағынасы

22 Шілде 2013, 11:29

Осымен көрнекті ғалым Р.Бердібайдың шығармашылығына жасаған азды-көпті шолуымызды тәмәмдауға да жақындадық. "Азды-көпті", "шолу" деген сөздерді жайдан-жай қолданып отырған жоқпыз. Өйткені энциклопедист-ғалым Р.Бердібайдың өмірінің мағынасы болып саналатын, халықшылдық сарындағы сан тарау еңбектеріне талдау жасап, баға беру әркімнің қолынан келетін шаруа емес. Сондықтан біз тек оқырман ретінде қадағалаған өз ойымызды ғана ортаға салғанымызды және бір ескерте кеткіміз келеді. Алайда ақиқаттығына ешкім шүбә келтірмейтін бір шындықты айтпай кетуге және болмайды. Ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтқанда, не істемесін, мейлі мақала жазсын, кітап шығарсын, халық университеті жұмысына аралассын, аудиторияда, ғылыми мәжілісте, теледидарда, радиода сөйлесін, мәртебелі мекемелерге ұсыныс түсірсін, ең ақыры дастархан үстінде кеңес құрсын, - бәрібір түптеп келгенде, Рахманқұл Бердібайдың барлық қаламгерлік, әлеуметтік әрекетінің алтын өзегі, құлақкүйі біреу: ол – ұлт қамы, азаттық идеясы, еркіндік сарыны. Мұны бүкіл болмыс-бітімімен, шығармашылық өмірімен Рақаңның өзі де қуаттай түседі. "Қызығым да, рахатым да, қасіретім де – қазақ, қазақтың тарихы, бай мұрасы. Таяқ жейін, мейлі үлесімнен құр қалайын, қазақ үшін істелген әрекетімнің бәрі қуаныш", - деп тебренеді көрнекті ғалым. Бұған біздің қосып аларымыз жоқ.  Халқының намысшыл, адал перзенті, қайраткер азамат Рахманқұл Бердібайдың елдік жолындағы ерен еңбегіне ризашылық сезімімізді өлең жолдарымен білдіргенді жөн көрдік. Қазағымның кең көсілген даласы, Даласында аз да емес данасы. Түркістанда туып туын көтерген, Соның бірі Бердібайдың баласы.   Ұл боп туып ұлттың сөзін сөйлеген, Топқа түскен түрулі жең, жейдемен. Сыр ақтарған қазағым деп, түрік деп, Хас жүйріктей шапқан сайын өрлеген.   Қаршадайдан ұрпақ қамын ойлаған, Ұлттан басқа алға мақсат қоймаған. Қамықса ұлты бірге жылап, егіліп, Қуанышын бірге күліп тойлаған.   Ұлты үшін қиындықтан қашпаған, Қиын кезде қайтейін деп саспаған. Жолын ойлап келер күнгі биіктің, Салиқалы ойды ортаға тастаған.   Жасынан-ақ намыс бойда қайнаған, Сол намысты ғұмыр бойы қайраған. Намыс оты буған кезде жүректі, Жалын болып тіл ұшында ойнаған.   Қайда қазақ, Рақаңдай қайда адам, Ұлтым десе қос жанары жайнаған. Шамырқанып және-дағы тұрады, Біреу көрсе тілін, дінін қорлаған.   Үлгі өнегең бір басыңа жетерлік, Кім дей алар мұның болды бекерлік. Жасақтыға жалғыз шапқан батырдай, Қазағымның ауыр жүгін көтердің.   Сақтаймын деп бабаның өз көзіндей, Мұрамызға ие болдың көз ілмей. Отырамын оңашада ойланып, Қазақ біткен болса екен деп өзіңдей. Орынбек Жолдыбай

Осымен көрнекті ғалым Р.Бердібайдың шығармашылығына жасаған азды-көпті шолуымызды тәмәмдауға да жақындадық. "Азды-көпті", "шолу" деген сөздерді жайдан-жай қолданып отырған жоқпыз. Өйткені энциклопедист-ғалым Р.Бердібайдың өмірінің мағынасы болып саналатын, халықшылдық сарындағы сан тарау еңбектеріне талдау жасап, баға беру әркімнің қолынан келетін шаруа емес. Сондықтан біз тек оқырман ретінде қадағалаған өз ойымызды ғана ортаға салғанымызды және бір ескерте кеткіміз келеді.

Алайда ақиқаттығына ешкім шүбә келтірмейтін бір шындықты айтпай кетуге және болмайды. Ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтқанда, не істемесін, мейлі мақала жазсын, кітап шығарсын, халық университеті жұмысына аралассын, аудиторияда, ғылыми мәжілісте, теледидарда, радиода сөйлесін, мәртебелі мекемелерге ұсыныс түсірсін, ең ақыры дастархан үстінде кеңес құрсын, - бәрібір түптеп келгенде, Рахманқұл Бердібайдың барлық қаламгерлік, әлеуметтік әрекетінің алтын өзегі, құлақкүйі біреу: ол – ұлт қамы, азаттық идеясы, еркіндік сарыны.

Мұны бүкіл болмыс-бітімімен, шығармашылық өмірімен Рақаңның өзі де қуаттай түседі. "Қызығым да, рахатым да, қасіретім де – қазақ, қазақтың тарихы, бай мұрасы. Таяқ жейін, мейлі үлесімнен құр қалайын, қазақ үшін істелген әрекетімнің бәрі қуаныш", - деп тебренеді көрнекті ғалым. Бұған біздің қосып аларымыз жоқ.  Халқының намысшыл, адал перзенті, қайраткер азамат Рахманқұл Бердібайдың елдік жолындағы ерен еңбегіне ризашылық сезімімізді өлең жолдарымен білдіргенді жөн көрдік.

Қазағымның кең көсілген даласы,

Даласында аз да емес данасы.

Түркістанда туып туын көтерген,

Соның бірі Бердібайдың баласы.

 

Ұл боп туып ұлттың сөзін сөйлеген,

Топқа түскен түрулі жең, жейдемен.

Сыр ақтарған қазағым деп, түрік деп,

Хас жүйріктей шапқан сайын өрлеген.

 

Қаршадайдан ұрпақ қамын ойлаған,

Ұлттан басқа алға мақсат қоймаған.

Қамықса ұлты бірге жылап, егіліп,

Қуанышын бірге күліп тойлаған.

 

Ұлты үшін қиындықтан қашпаған,

Қиын кезде қайтейін деп саспаған.

Жолын ойлап келер күнгі биіктің,

Салиқалы ойды ортаға тастаған.

 

Жасынан-ақ намыс бойда қайнаған,

Сол намысты ғұмыр бойы қайраған.

Намыс оты буған кезде жүректі,

Жалын болып тіл ұшында ойнаған.

 

Қайда қазақ, Рақаңдай қайда адам,

Ұлтым десе қос жанары жайнаған.

Шамырқанып және-дағы тұрады,

Біреу көрсе тілін, дінін қорлаған.

 

Үлгі өнегең бір басыңа жетерлік,

Кім дей алар мұның болды бекерлік.

Жасақтыға жалғыз шапқан батырдай,

Қазағымның ауыр жүгін көтердің.

 

Сақтаймын деп бабаның өз көзіндей,

Мұрамызға ие болдың көз ілмей.

Отырамын оңашада ойланып,

Қазақ біткен болса екен деп өзіңдей.

Орынбек Жолдыбай

Бөлісу: