22 Шілде 2013, 11:05
Астана қаласының 15 жылдығына орай Baq.kz ақпараттық порталы мүшәйра жарияланған болатын. Бүгін мүшәйраның қорытындысы шығып, ақындар марапатталды.
Бір айдан астам уақытқа созылған мерекелік шараның барысында редакцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Қытай Халық Республикасынан қырықтан астам өлең жолдары келіп түсті. Серік Сейітман бастаған әділ-қазылар тобының шешімімен жеңімпаз «Астана асыл арманым» өлеңімен қарағандылық Ботакөз Мұхиденқызы атанса, екінші орын ҚХР-ның азаматы Әділет Ахметұлының «Ақ ала ордам қонған жұрт», үшінші орын Алмас Алтайдың «Ерке-ді Есіл» өлеңіне бұйырды.
Айнұр Ракишева