Осы бір күн шуағындай мейірім кітаптың өн бойында өріліп жатыр

22 Шілде 2013, 09:41

Мысал үшін «Күрең құнажынның уызы» деген әңгімені алайық. Осындағы Оспанқұл немересі Мұқанбек үйленгенде бұлқан-талқан күй кешеді. Өйткені Оспанқұлдың қыз әкесі Жантемірмен әу бастан жұлдызы қарсы. Мен тұрғанда Жантемірдің қызына үйленбейсің деп әлек салады. Ағайындар араға түсіп, әрең дегенде көндіріп, жастар отау тігеді. Кейін келіннің аяғы ауырлап, уызға жерік болғанда Оспанқұл баяғы араздықтың бәрін ұмытып, келінін уызбен ауыздандырудың қамымен біраз әлекке түседі. «Уызыңнан айналайын, күрең құнажын! – деп күбірледі Оспанқұл, - Мұқанбегімнің кішкентай немесі тәп-тәтті-ақ болып, атасының мейірін әлі-ақ қандырар-ау!». Әу бастағы ашуын жарық дүниеге келетін ұрпағына деген тәтті үміт пен махаббат жеңген Оспанқұл осылайша мейірімділік құшағына еніп жүре береді. Осы бір күн шуағындай мейірім кітаптың өн бойында өріліп жатыр. Тіпті былай қарағанда адамның мінезі, оның өзгелермен қарым-қатынасы айшықталған, мейірімге ешбір қатынасы жоқ сияқты болып көрінетін «Кемпіршуақ», «Құмалақшы Нұрберді», «Қасқыр иттің терісі», тағы басқа әңгімелерде мейірімнің көзге көрінбес бір нәзік сәулесі көкірекке нұр болып құйылады. Мәселен, «Құмалақшы Нұрберді» әңгімесіндегі Нұрберді шал елге жақсылық тілегеннен бөтен тілегі жоқ бір тоға жан. Құмалаққа қарап болжам жасайтын оның шешіміне ауылдастары да құлақ асып, онымен санасып отырады. Осыдан қырық жыл бұрын жалғыз ұлын майданға аттандырып, әлі де үмітін үзбей жол тосып жүрген Жұмағыз шешей де солардың бірі. Жұмағызға құмалақ ашқан Нұрберді былай дейді: «Жеңгей, түсіңіз бекер болмас, құмалақ жылдағыдай емес, хабары көңілді көншітпей отыр. Бекем болғаныңыз жөн. Есіл азамат елге, өзіңе оралғысы-ақ келген, бірақ амал қайсы, тағдыр жазуы солай болыпты… Соған енді көнуіміз керек те, жеңгей. Бекем болыңыз…» Басқа амалы қалмаған Нұрберді бұл сөздерді жүрегі қан жылай отырып, қинала айтады. Кемпірге деген мейірімі риясыз болса да, шындықты жасырып қала алмайды. Кітаптағы повестер оқырманның назарын айрықша аударады деген ойдамыз. Әсіресе, «Шырақшы Қалжігіт», «Құм киесі» повестерінің көтерген жүгі салмақты. Бұларда өткен тарихқа, ата-баба аруағына құрмет мәселесі адамдар арасындағы қақтығыстар арқылы әсерлі де нанымды суреттеледі. Жақсылықты, киелі атаулыны халық зердесінен күшпен өшірудің мүмкін еместігіне осы повестерді оқу барысында және бір көз жеткізгендей боласың.

Мысал үшін «Күрең құнажынның уызы» деген әңгімені алайық. Осындағы Оспанқұл немересі Мұқанбек үйленгенде бұлқан-талқан күй кешеді. Өйткені Оспанқұлдың қыз әкесі Жантемірмен әу бастан жұлдызы қарсы. Мен тұрғанда Жантемірдің қызына үйленбейсің деп әлек салады. Ағайындар араға түсіп, әрең дегенде көндіріп, жастар отау тігеді. Кейін келіннің аяғы ауырлап, уызға жерік болғанда Оспанқұл баяғы араздықтың бәрін ұмытып, келінін уызбен ауыздандырудың қамымен біраз әлекке түседі. «Уызыңнан айналайын, күрең құнажын! – деп күбірледі Оспанқұл, - Мұқанбегімнің кішкентай немесі тәп-тәтті-ақ болып, атасының мейірін әлі-ақ қандырар-ау!». Әу бастағы ашуын жарық дүниеге келетін ұрпағына деген тәтті үміт пен махаббат жеңген Оспанқұл осылайша мейірімділік құшағына еніп жүре береді.

Осы бір күн шуағындай мейірім кітаптың өн бойында өріліп жатыр. Тіпті былай қарағанда адамның мінезі, оның өзгелермен қарым-қатынасы айшықталған, мейірімге ешбір қатынасы жоқ сияқты болып көрінетін «Кемпіршуақ», «Құмалақшы Нұрберді», «Қасқыр иттің терісі», тағы басқа әңгімелерде мейірімнің көзге көрінбес бір нәзік сәулесі көкірекке нұр болып құйылады. Мәселен, «Құмалақшы Нұрберді» әңгімесіндегі Нұрберді шал елге жақсылық тілегеннен бөтен тілегі жоқ бір тоға жан. Құмалаққа қарап болжам жасайтын оның шешіміне ауылдастары да құлақ асып, онымен санасып отырады.

Осыдан қырық жыл бұрын жалғыз ұлын майданға аттандырып, әлі де үмітін үзбей жол тосып жүрген Жұмағыз шешей де солардың бірі. Жұмағызға құмалақ ашқан Нұрберді былай дейді: «Жеңгей, түсіңіз бекер болмас, құмалақ жылдағыдай емес, хабары көңілді көншітпей отыр. Бекем болғаныңыз жөн. Есіл азамат елге, өзіңе оралғысы-ақ келген, бірақ амал қайсы, тағдыр жазуы солай болыпты… Соған енді көнуіміз керек те, жеңгей. Бекем болыңыз…» Басқа амалы қалмаған Нұрберді бұл сөздерді жүрегі қан жылай отырып, қинала айтады. Кемпірге деген мейірімі риясыз болса да, шындықты жасырып қала алмайды.

Кітаптағы повестер оқырманның назарын айрықша аударады деген ойдамыз. Әсіресе, «Шырақшы Қалжігіт», «Құм киесі» повестерінің көтерген жүгі салмақты. Бұларда өткен тарихқа, ата-баба аруағына құрмет мәселесі адамдар арасындағы қақтығыстар арқылы әсерлі де нанымды суреттеледі. Жақсылықты, киелі атаулыны халық зердесінен күшпен өшірудің мүмкін еместігіне осы повестерді оқу барысында және бір көз жеткізгендей боласың.

Бөлісу: