Біз мұны нағыз мемлекеттік тұрғыдағы жанашырлық көзқарас деп түсінеміз

22 Шілде 2013, 06:08

Себебі ата-баба мекеніне арып-ашып, сағынышпен жеткен оралмандардың көпшілігі бүгінде жұмыссыздықты былай қойғанда, баспана мәселесінен қиындық көріп жүргенін жұрттың бәрі біледі. Сондықтан оралмандардың табаны байырғы қазақ жеріне тиісімен оларға жер бөлу мәселесі сөзбұйдаға салынбай тез шешілсе, қиналған қандасымызға ол да демеу, көрсетілген көмек болмақ. Сондай-ақ, шөл, шөлейт жерлерді пайдалануға байланысты ортаға салынған ойлар да көкейге қонымды. Толықтыру бойынша шөлейт даланың отарлы мал шаруашылығына – жылқы, қой өсіруге, ішінара мал шаруашылығына, азда болса жеміс-жидек, картоп пен көкөніс егуге қолайлы өңірлері мен учаскелері таңдалып алынып, Қазақстан азаматтарына тегін пайдалануға беріледі. Шөлейт дала тұрғындарына табиғат жағдайының адам тіршілігіне қолайсыздығы зардаптарын жеңілдету үшін ұлттық байлық көздерінен құрылған қор мен бюджеттен шөл даладағылар үлесінің 75 пайызы мөлшерінде төлемақы беріліп тұрады. Көріп отырғанымыздай «Жер туралы» заң жобасына толықтыру авторлары құнарлы жерлерінен патша заманында ығыстырылып, Кеңес үкіметі кезінде де, қазір де шөл, шөлейт жерлерді мекендеп отырған халқымыздың басым бөлігіне бет бұруды, оларға жақсылықты меймелдетіп жасамасақ та, ауызды қу шөппен сүрте бермей, ең болмаса бар нәрсені беру керек екенін, яғни өзінікін өзіне қайтару керек екенін мегзейді. Ұсынылып отырған толықтыруда жерім кең, байлығым мол екен деп бәрін үлестіре беруге болмайтыны нақты мысалмен жақсы көрсетілген. Мәселен, өзгерістер мен толықтырулар енгізушілер «Жер туралы» заң жобасының 14-бабының 2-тармағындағы «Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өз қалауы бойынша және қандай да бір рұқсат алу қажет болмай-ақ, осы учаскенің үстінде және астында бар нәрсенің бәрін пайдалануға құқылы» деген сөйлемнен «және астында» деген сөздерді алып тастауды ұсынады. Біз мұны нағыз мемлекеттік тұрғыдағы жанашырлық көзқарас деп түсінеміз. Қазақстан Республикасының Конституциясында жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар мемлекет қарауында болатындығы атап көрсетілген. Сондықтан да, барымызды бағалап, атадан қалған байлықты тістегеннің аузында, ұстағанның қолында жібермей, егеменді елге тән қасиетпен иелене білгеніміз жөн-ау. Ол үшін жаңа жылға дейін қабылданып, ел игілігіне айналғалы отырған «Жер туралы» заң жобасын қарау барысында баспасөз бетінде айтылған халық көкейіндегі мәселелер мықтап ескерілуге тиіс. Орынбек Жолдыбай

Себебі ата-баба мекеніне арып-ашып, сағынышпен жеткен оралмандардың көпшілігі бүгінде жұмыссыздықты былай қойғанда, баспана мәселесінен қиындық көріп жүргенін жұрттың бәрі біледі. Сондықтан оралмандардың табаны байырғы қазақ жеріне тиісімен оларға жер бөлу мәселесі сөзбұйдаға салынбай тез шешілсе, қиналған қандасымызға ол да демеу, көрсетілген көмек болмақ.

Сондай-ақ, шөл, шөлейт жерлерді пайдалануға байланысты ортаға салынған ойлар да көкейге қонымды. Толықтыру бойынша шөлейт даланың отарлы мал шаруашылығына – жылқы, қой өсіруге, ішінара мал шаруашылығына, азда болса жеміс-жидек, картоп пен көкөніс егуге қолайлы өңірлері мен учаскелері таңдалып алынып, Қазақстан азаматтарына тегін пайдалануға беріледі. Шөлейт дала тұрғындарына табиғат жағдайының адам тіршілігіне қолайсыздығы зардаптарын жеңілдету үшін ұлттық байлық көздерінен құрылған қор мен бюджеттен шөл даладағылар үлесінің 75 пайызы мөлшерінде төлемақы беріліп тұрады.

Көріп отырғанымыздай «Жер туралы» заң жобасына толықтыру авторлары құнарлы жерлерінен патша заманында ығыстырылып, Кеңес үкіметі кезінде де, қазір де шөл, шөлейт жерлерді мекендеп отырған халқымыздың басым бөлігіне бет бұруды, оларға жақсылықты меймелдетіп жасамасақ та, ауызды қу шөппен сүрте бермей, ең болмаса бар нәрсені беру керек екенін, яғни өзінікін өзіне қайтару керек екенін мегзейді.

Ұсынылып отырған толықтыруда жерім кең, байлығым мол екен деп бәрін үлестіре беруге болмайтыны нақты мысалмен жақсы көрсетілген. Мәселен, өзгерістер мен толықтырулар енгізушілер «Жер туралы» заң жобасының 14-бабының 2-тармағындағы «Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өз қалауы бойынша және қандай да бір рұқсат алу қажет болмай-ақ, осы учаскенің үстінде және астында бар нәрсенің бәрін пайдалануға құқылы» деген сөйлемнен «және астында» деген сөздерді алып тастауды ұсынады. Біз мұны нағыз мемлекеттік тұрғыдағы жанашырлық көзқарас деп түсінеміз.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар мемлекет қарауында болатындығы атап көрсетілген. Сондықтан да, барымызды бағалап, атадан қалған байлықты тістегеннің аузында, ұстағанның қолында жібермей, егеменді елге тән қасиетпен иелене білгеніміз жөн-ау. Ол үшін жаңа жылға дейін қабылданып, ел игілігіне айналғалы отырған «Жер туралы» заң жобасын қарау барысында баспасөз бетінде айтылған халық көкейіндегі мәселелер мықтап ескерілуге тиіс.

Орынбек Жолдыбай

Бөлісу: