Ал зиялы қауымның арасынан жастарды қолдап бас көтеруге барғандардың болғанын бүгінде жұрттың бәрі б

22 Шілде 2013, 05:54

Сол бір ызғарлы күндерде алаңдағы жендеттерден бас сауғалап қашқан жастардың бірінің құрылыс техникумын айнала беріп: «Ағаларымыз біздің мұнымызды қолдар ма екен?!» дегені есімде. Ол әрине зиялы қауымды мегзеген болатын. Ал зиялы қауымның арасынан жастарды қолдап бас көтеруге барғандардың некен-саяқ болғанын бүгінде жұрттың бәрі біледі. Ол ол ма, Кеңес өкіметінің тұсында қазақ зиялыларының ел қамын ойлаудан мүлдем алшақ кеткенін желтоқсан оқиғасынан кейін араға бірер ай салып болып өткен Орталық Комитеттің Пленумы жұртты жерге қарататындай дәрежеде дәлелдеп берді. Сол Пленумда бірін бірі қараламаған, бір бірінің артын ашпаған қазақ болған жоқ. Ал басқа ұлттың өкілдері осы «спектакльді» тамашалау бақытын иеленді. Желтоқсан оқиғасынан кейін іле-шала көтерілген тіл мәселесінде де жоғары жақтың аңысын аңду басым болды. Ал жоғары жақ қос тілділік дегенді ойлап тапты. Қазақстанда екі тілге де мемлекеттік мәртебе беру мәселесі жиі-жиі бой көрсете бастады. Сол кезде екі тілге бірдей мәртебе беруге болмайтынын, қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл болуға тиіс екенін айтқан академик Әбдуәлі Қайдаровты ду көтеріп қолдаған зиялы қауымды көре алмадық. Өйткені, Михаил Есенәлиев, Жұбан Молдағалиев, Салық Зиманов, Шерхан Мұртаза сияқты бірен-саран зиялы қазақтар болмаса, Колбинге қарсы тұрар бәтуалы қазақ зиялыларының саны әлі де тым аз еді. Көпшілік бөлігі әлгіндей батылдыққа барғандарының қолын оңашада қысып құттықтаудан әріге бара алмай жүрді. Абырой болғанда көп ұзамай мемлекет басына ұлтжанды қазақ келіп, оның ақыры үлкен дау-дамаймен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына ұласты емес пе. Немесе демократияның дүмпуімен өмірге келген «Азат» азаматтық қозғалысын алайық. Халық оны жылы қабылдады. Небәрі бірер жылда жер-жерде жергілікті ұйымдары құрылып, беделге ие болып, бел алып келе жатыр еді, араға жік салып, ту талақайын шығардық. Қазір оның сайда саны, құмда ізі жоқ. Неге бұлай дегенде әңгіме қазақ зиялыларына тіреледі. Өйткені, қоғамды алға сүйрейтін күш солар. Бұрын халық ел ағалары, игі жақсылар ретінде хандарға, билерге арқа сүйеп, солардың айтқанымен жүріп, дегеніне жетті. Келе-келе заманына қарай білім алып, сол арқылы халықты өрге сүйремек болғандардың соңына ерді. Мұндай халық қамын жеген зиялылардың үлкен шоғыры Алашорда төңірегіне топтасқаны тарихтан белгілі. Жүздеген жылдар тәуелділік қамытын киген қазақты солардың ел қылсам деген арманы, иншалла, бүгін жүзеге асып отыр.

Сол бір ызғарлы күндерде алаңдағы жендеттерден бас сауғалап қашқан жастардың бірінің құрылыс техникумын айнала беріп: «Ағаларымыз біздің мұнымызды қолдар ма екен?!» дегені есімде. Ол әрине зиялы қауымды мегзеген болатын. Ал зиялы қауымның арасынан жастарды қолдап бас көтеруге барғандардың некен-саяқ болғанын бүгінде жұрттың бәрі біледі.

Ол ол ма, Кеңес өкіметінің тұсында қазақ зиялыларының ел қамын ойлаудан мүлдем алшақ кеткенін желтоқсан оқиғасынан кейін араға бірер ай салып болып өткен Орталық Комитеттің Пленумы жұртты жерге қарататындай дәрежеде дәлелдеп берді. Сол Пленумда бірін бірі қараламаған, бір бірінің артын ашпаған қазақ болған жоқ. Ал басқа ұлттың өкілдері осы «спектакльді» тамашалау бақытын иеленді.

Желтоқсан оқиғасынан кейін іле-шала көтерілген тіл мәселесінде де жоғары жақтың аңысын аңду басым болды. Ал жоғары жақ қос тілділік дегенді ойлап тапты. Қазақстанда екі тілге де мемлекеттік мәртебе беру мәселесі жиі-жиі бой көрсете бастады. Сол кезде екі тілге бірдей мәртебе беруге болмайтынын, қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл болуға тиіс екенін айтқан академик Әбдуәлі Қайдаровты ду көтеріп қолдаған зиялы қауымды көре алмадық.

Өйткені, Михаил Есенәлиев, Жұбан Молдағалиев, Салық Зиманов, Шерхан Мұртаза сияқты бірен-саран зиялы қазақтар болмаса, Колбинге қарсы тұрар бәтуалы қазақ зиялыларының саны әлі де тым аз еді. Көпшілік бөлігі әлгіндей батылдыққа барғандарының қолын оңашада қысып құттықтаудан әріге бара алмай жүрді. Абырой болғанда көп ұзамай мемлекет басына ұлтжанды қазақ келіп, оның ақыры үлкен дау-дамаймен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына ұласты емес пе.

Немесе демократияның дүмпуімен өмірге келген «Азат» азаматтық қозғалысын алайық. Халық оны жылы қабылдады. Небәрі бірер жылда жер-жерде жергілікті ұйымдары құрылып, беделге ие болып, бел алып келе жатыр еді, араға жік салып, ту талақайын шығардық. Қазір оның сайда саны, құмда ізі жоқ.

Неге бұлай дегенде әңгіме қазақ зиялыларына тіреледі. Өйткені, қоғамды алға сүйрейтін күш солар. Бұрын халық ел ағалары, игі жақсылар ретінде хандарға, билерге арқа сүйеп, солардың айтқанымен жүріп, дегеніне жетті. Келе-келе заманына қарай білім алып, сол арқылы халықты өрге сүйремек болғандардың соңына ерді. Мұндай халық қамын жеген зиялылардың үлкен шоғыры Алашорда төңірегіне топтасқаны тарихтан белгілі. Жүздеген жылдар тәуелділік қамытын киген қазақты солардың ел қылсам деген арманы, иншалла, бүгін жүзеге асып отыр.

Бөлісу: