Қазақстан мен Қытайдағы қазақ ақын қыздарының жыр жинағы шықты

22 Шілде 2013, 03:37

Қазақстан мен Қытайдағы бір топ қазақ ақын қыздарының өлеңдері топтастырылған «Қос бұрым» атты жыр кітабы жарыққа шықты.   Екі елдің ақындарын тоғыстырған бұл тұңғыш жинақтың ұйымдастырушысы да, идея авторы да астаналық ақын, Жазушылар одағының мүшесі , бірнеше жыр кітаптарының авторы, Қытайдан елге келген қандасымыз Гүлісхан Домалайқызы,- деп хабарлайды «Айқын» газеті.  Жинаққа Маржан Ершу, Сәруар Қамаева, Гүлсхан Домалайқызы, Маржан Әбсалықова, Танагөз Толқынқызы, Асылзат Арыстанбек және Қытайдағы ақындардан Айгүл Нұрышқызы,Жеңіснұр Патқолдақызы, Амангүл Мұратбекқызы, Нұржанат Нұрлықанқызы және де басқа та­лантты ақындар енген екен. Кітапқа жазған алғысөзінде Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ­станның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова былай деп тебіренеді: «Әйелдер поззиясы» – ол қандай поэзия?» деген тақырыппен 1975 жылы жазған мақаламда « осы сауал мені көп ойландыратын. Әлі де ойландырып келеді» деген едім. Содан бері қырық жылға жуық уақыт өтсе де, мен сол сауалға әлі де нақты жауап тапқаным жоқ. Шамасы, оның жауабы жоқ болар. Бұл – сирек келетін бақыт сезімі, өмірдің тынысы, тіршіліктің мағынасы. Поэзия – бұл жыныс таңдамас табиғи құштарлық құдыреті... Өйткені бұл – поэзия. Мына қолымызға ұстап отырған Қазақ елі мен Қытайдағы қазақ ақын қыз­дарының жыр жинағынан мен сол «сирек келетін бақыт сезімі» және «адам бақытын жасаудағы әрбір істі өнерге айналдыру мүмкіндігі ту­ралы»шерткен сырларын көрдім. Қазақтарымыздың бір бөлігінің әр- түрлі саяси жағдайларға байланысты, кезінде шекараның арғы бетінде қалып қойғаны біздің ұлттық рухани құндылықтарымыздың өркендеуіне белгілі бір дәрежеде кері ықпалын да тигізді. Дегенмен өнердің шекара білмейтін шексіздік қасиетінің арқасында, екі мемлекеттің арасы тастай жабық болған кездерде де ақындық рух өзінің көзге көрінбес тіндері арқылы байланысып, қазақы поэзияның қасиетін сақтап келіпті. Қытай еліндегі бауырларымыздың сол жақтағы ұлттық әдебиетіміз саяси дауылдардың астында қалып қоймай, өркендей беруіне қосып жатқан үлесі қомақты дер едім. Бүгінгі Қытай жеріндегі қазақ ақындарының , соның ішінде ақын қыздарымыздың шы­ғармаларынан мен саф алтындай шынайы болмысты көремін. Көремін де соған шүкіршілік етемін. Осы жинақ арқылы екі елдің ақын қыздарының шығармашылығымен екі елдің оқырманы танысып, шы­ғармашылық өрісті кеңейтіп жатқаны өте құптарлық жағдай. Қыз бала қашанда ел мен елді жақын­дас­тырушыы, өрісті кеңейтуші емес пе?! Олар міне, әдебиетте де сол қа­сиеттерін танытып отыр. Екі ортадағы мұндай әдеби-мәдени байла­ныс­тардың ғұмыры ұзақ болар деген сенімдемін». Ендеше, жырсүйер қауымға жаңа кітап құтты болсын дейміз. Baq.kz

Қазақстан мен Қытайдағы бір топ қазақ ақын қыздарының өлеңдері топтастырылған «Қос бұрым» атты жыр кітабы жарыққа шықты.  

Екі елдің ақындарын тоғыстырған бұл тұңғыш жинақтың ұйымдастырушысы да, идея авторы да астаналық ақын, Жазушылар одағының мүшесі , бірнеше жыр кітаптарының авторы, Қытайдан елге келген қандасымыз Гүлісхан Домалайқызы,- деп хабарлайды «Айқын» газеті. 
Жинаққа Маржан Ершу, Сәруар Қамаева, Гүлсхан Домалайқызы, Маржан Әбсалықова, Танагөз Толқынқызы, Асылзат Арыстанбек және Қытайдағы ақындардан Айгүл Нұрышқызы,Жеңіснұр Патқолдақызы, Амангүл Мұратбекқызы, Нұржанат Нұрлықанқызы және де басқа та­лантты ақындар енген екен.


Кітапқа жазған алғысөзінде Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ­станның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова былай деп тебіренеді: «Әйелдер поззиясы» – ол қандай поэзия?» деген тақырыппен 1975 жылы жазған мақаламда « осы сауал мені көп ойландыратын. Әлі де ойландырып келеді» деген едім. Содан бері қырық жылға жуық уақыт өтсе де, мен сол сауалға әлі де нақты жауап тапқаным жоқ. Шамасы, оның жауабы жоқ болар. Бұл – сирек келетін бақыт сезімі, өмірдің тынысы, тіршіліктің мағынасы. Поэзия – бұл жыныс таңдамас табиғи құштарлық құдыреті... Өйткені бұл – поэзия. Мына қолымызға ұстап отырған Қазақ елі мен Қытайдағы қазақ ақын қыз­дарының жыр жинағынан мен сол «сирек келетін бақыт сезімі» және «адам бақытын жасаудағы әрбір істі өнерге айналдыру мүмкіндігі ту­ралы»шерткен сырларын көрдім. Қазақтарымыздың бір бөлігінің әр- түрлі саяси жағдайларға байланысты, кезінде шекараның арғы бетінде қалып қойғаны біздің ұлттық рухани құндылықтарымыздың өркендеуіне белгілі бір дәрежеде кері ықпалын да тигізді. Дегенмен өнердің шекара білмейтін шексіздік қасиетінің арқасында, екі мемлекеттің арасы тастай жабық болған кездерде де ақындық рух өзінің көзге көрінбес тіндері арқылы байланысып, қазақы поэзияның қасиетін сақтап келіпті.


Қытай еліндегі бауырларымыздың сол жақтағы ұлттық әдебиетіміз саяси дауылдардың астында қалып қоймай, өркендей беруіне қосып жатқан үлесі қомақты дер едім. Бүгінгі Қытай жеріндегі қазақ ақындарының , соның ішінде ақын қыздарымыздың шы­ғармаларынан мен саф алтындай шынайы болмысты көремін. Көремін де соған шүкіршілік етемін.


Осы жинақ арқылы екі елдің ақын қыздарының шығармашылығымен екі елдің оқырманы танысып, шы­ғармашылық өрісті кеңейтіп жатқаны өте құптарлық жағдай. Қыз бала қашанда ел мен елді жақын­дас­тырушыы, өрісті кеңейтуші емес пе?! Олар міне, әдебиетте де сол қа­сиеттерін танытып отыр. Екі ортадағы мұндай әдеби-мәдени байла­ныс­тардың ғұмыры ұзақ болар деген сенімдемін».


Ендеше, жырсүйер қауымға жаңа кітап құтты болсын дейміз.

Baq.kz

Бөлісу: