Испанияның Барселона қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні сынға түскен қазақстандық спортшылардың нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.
Синхронды жүзуден Айгерім Анарбаева, Айгерім Исаева, Айсұлу Наурызбаева, Амина Ермаханова, Әйгерім Жексенбиева, Юлиф Кемпел, Алина Маткова бастаған құрамамыз командалық сынның техникалық бағдарламасына қатысып, он үшінші орынға табан тіреді. Біздің алдымызда Бразилия, Мексика, КХДР, Голландия құрамалары бар. Ал Қазақстаннан кейін Египет, Сингапур, Коста Рика елдері орналасқан. Үздік үштікте Ресей, Испания, Украина келе жатыр.
Синхронды жүзуден жекелей жарыстың техникалық бағдарламасында ресейлік Светлана Ромашина топ жарса (96,800), екінші жүлдені қытайлық Хуан Сючен (95,500) олжалады. Ал үшінші орын испандық Карбонелл Баллестероға 94,400) бұйырды.
Светлана Ромашина Ашық суда жүзу сынында да қазақстандықтар медальға таласқан. Қыздар арасында Бес шақырымдық жарыста америкалық Данита Андерсенның мерейі үстем болды, күміс пен қоланы бразилиялықтар Полина Окимтото мен Марсело Ана еншіледі. Қазақстандық Мария Иванова - 37, Анна Гохакидза - 39 орын алды. Жарыста барлығы 45 спортшы бақ сынады.
Ерлер арасындағы бес шақырымдық жарыс қорытындысы бойынша тунистік Оуссамо Меллоуси - алтын, канадалық Эрик Хедлин - күміс,германиялық Петер Томас Лурс қола алды. Қазақстандық Виталий Худяков - 37 орын, Владимир Толикин 47 орынды еншіледі. Жарысқа алпыс спортшы қатысты, деп хабарлайды «Аламан».