Сарагоса Университетінің психологтары іш пыстыратын, бір қалыпты жұмыстың тигізетін зияны жүйкені тоздыратын, стресске жақын, қауырт жұмысқа қарағанда анағұрлым жоғары екендігін айтады.
Бұл зерттеуге 400 адам қатысқан, адамдардың жүйкені тоздыратын жұмысқа қарағанда қызықсыз, бірқалыпты жұмыстан тез шаршайтындығы анықталды.
Көбіне қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер мен шенеуніктер зардап шегеді. Әсіресе бір қызметте 16 жылдан аса жұмыс жасап келе жатқан ер адамдар енжарлыққа жақын келеді.
Психиатрлардың айтуынша, бұндай қауіп төніп тұрған адамдар белсенді өмір сүрулері керек - өздеріне қызықты, сүйікті істермен айналысып, достарымен жиі кездесіп тұруы қажет.
Англиядағы Саутгемптон университетінің қызметкерлері түнгі жұмыстың бедеулікке әкеп соғатынын мәлімдегенін естеріңізге сала кетейік.
ҚазАқпарат.