19 Шілде 2013, 08:16
Бүгін Жапонияда Әйел министрлер күні аталып өтіледі.
«Саясаттағы әйел», «үкіметтегі әйел» қазіргі қоғамда қалыпты қабылданатын тіркестер. Әлемдік тарихта саясаткер-әйел, министр-әйел, президент-әйел болған ерекше есімдер болды. Жапонияда әйел заты үкіметте алғаш рет 1960 жылы пайда болды. 1960 жылдың 19 шілдесінде Накаяма Маса министр лауазымын алған Жапониядағы алғашқы әйел болды. Ол Денсаулық сақтау министрлігін басқарды. Содан бері 19 шілде Жапонияда Әйел министрлер күні ретінде ресми емес жағдайда атап өтіледі.
Baq.kz