Жыл басынан бері Астанада 12 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

19 Шілде 2013, 08:08

Жол полициясы басқармасының статистикалық мәліметтеріне сәйкес бүгінгі таңда 12 мың жаяу жүргіншінің заң бұзушылығы тіркелді, деп хабарлады ЖПБ баспасөз қызметінен. Жаяу жүргіншілер көбіне тыйым салынған жерлермен және бағдаршамның қызыл шамына қарамастан өтеді. Күн сайын жол инспекторлары ереже бұзған 30-50 жаяу жүргіншіні анықтайды. «Жол полициясы қабылдаған профилактикалық шараларға қарамастан жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін елемей,  жол-көлік оқиғасына жиі себеп болады. Үстіміздегі жылдың 6 айында жаяу жүргіншілердің кінәсінен 74 көлік апаты орын алды, 7 адам қаза тауып, 70 адам зардап шекті. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО-ның үлес салмағы жалпы көлемнің 60 пайызын құрайды»,- деп хабарлады ведомстводан. Елорданың ресми сайтының жазуынша, Астанада апатты азайту және оның алдын алу мақсатында әр аптаның жұмасында «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі» профилактикалық күні өткізіледі. Күні бойы тыйым салынған жерлерден өтіп, бұзушылыққа жол берген жаяу жүргіншілерге ерекше назар аударылады.  Жол полициясы басқармасы қолданыстағы әкімшілік заңнамаға (ҚР ӘПК 473-бап) сәйкес жаяу жүргіншілердің ережелерді бұзғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш (8655 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылғанын еске салады. Жүйелі бұзушылықтар үшін жаяу жүргіншілерге 15 АЕК көлемінде (25 965 теңге) айыппұл салынады немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға алынады. ҚазАқпарат.

Жол полициясы басқармасының статистикалық мәліметтеріне сәйкес бүгінгі таңда 12 мың жаяу жүргіншінің заң бұзушылығы тіркелді,

деп хабарлады ЖПБ баспасөз қызметінен.

Жаяу жүргіншілер көбіне тыйым салынған жерлермен және бағдаршамның қызыл шамына қарамастан өтеді. Күн сайын жол инспекторлары ереже бұзған 30-50 жаяу жүргіншіні анықтайды.

«Жол полициясы қабылдаған профилактикалық шараларға қарамастан жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін елемей,  жол-көлік оқиғасына жиі себеп болады. Үстіміздегі жылдың 6 айында жаяу жүргіншілердің кінәсінен 74 көлік апаты орын алды, 7 адам қаза тауып, 70 адам зардап шекті. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО-ның үлес салмағы жалпы көлемнің 60 пайызын құрайды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, Астанада апатты азайту және оның алдын алу мақсатында әр аптаның жұмасында «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі» профилактикалық күні өткізіледі. Күні бойы тыйым салынған жерлерден өтіп, бұзушылыққа жол берген жаяу жүргіншілерге ерекше назар аударылады. 

Жол полициясы басқармасы қолданыстағы әкімшілік заңнамаға (ҚР ӘПК 473-бап) сәйкес жаяу жүргіншілердің ережелерді бұзғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш (8655 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылғанын еске салады. Жүйелі бұзушылықтар үшін жаяу жүргіншілерге 15 АЕК көлемінде (25 965 теңге) айыппұл салынады немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: