Қытайдың қазақ актерлері қазақстандық жаңа телехикаяға түседі

18 Шілде 2013, 09:17

«Хабар» АҚ тапсырмасы бойынша «Tanaris Production» кинокомпаниясы «Оралу» атты жаңа отандық телехикаяның түсірілімін бастады. Фильм авторларының айтуынша, мұнда ұлттық таным мен күнделікті тұрмыста кезіктіретін мәселелердің барлығы қозғалатын болады,- деп хабарлайды aikyn.kz. Хикая жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін танымал мұнай компания­сының қызметкері жайлы. Ол жас болса да ақша, махаббат, сатқындық секілді келеңсіз оқиғаларды басынан көп өткерген. Екінші кейіпкер – Қытайда тұратын қазақ қызы. Сюжет бойынша ол Қытай мен Қазақстан арасында мұнайға байланысты жүретін жобаға атсалысады. Түсірілім Қытай мен Қазақ­станда болады. – Телехикая форматына сай келген халықаралық жобаны ұсына алаты­ны­мызға қуаныштымын. Мұнда біз ұлттық тегімізге, дәстүр мен жеке қа­лыптасу сынды мәнді, құнды мәсе­лелерге ора­ламыз. Хикая барлық көрер­мендердің көңілінен шығады деп үміттенеміз. Фильм кейіпкерлері қазақ, орыс, ағыл­шын тілдерінде де сөйлесетінін ерекше атап өткен жөн болар, –дейді «Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиа­лының Бас редакторы Күлімхан Хасенова. Ұлттық таным, рух, Отанды, отбасын сүю, жерді қастерлеу, халықты құрметтеу сынды асыл қасиетті дәріптейтін бұл хикая пафостан ада.  Телехикаяға қазақстандық кино және театр актерлерімен қатар, Қытайдың қазақ актерлері түседі. Айта кетерлік жайт, баршамызға «Санта-Барбара» телехикасындағы Мейсон Кепвеллдің рөлі арқылы танылған Лейн Девисті де осы фильмнен кездестіре аламыз. Теле­хикая «Хабар» арнасынан күз айларында көрсетіледі деп жоспар­лануда.  

«Хабар» АҚ тапсырмасы бойынша «Tanaris Production» кинокомпаниясы «Оралу» атты жаңа отандық телехикаяның түсірілімін бастады. Фильм авторларының айтуынша, мұнда ұлттық таным мен күнделікті тұрмыста кезіктіретін мәселелердің барлығы қозғалатын болады,- деп хабарлайды aikyn.kz.

Хикая жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін танымал мұнай компания­сының қызметкері жайлы. Ол жас болса да ақша, махаббат, сатқындық секілді келеңсіз оқиғаларды басынан көп өткерген. Екінші кейіпкер – Қытайда тұратын қазақ қызы. Сюжет бойынша ол Қытай мен Қазақстан арасында мұнайға байланысты жүретін жобаға атсалысады. Түсірілім Қытай мен Қазақ­станда болады.


– Телехикая форматына сай келген халықаралық жобаны ұсына алаты­ны­мызға қуаныштымын. Мұнда біз ұлттық тегімізге, дәстүр мен жеке қа­лыптасу сынды мәнді, құнды мәсе­лелерге ора­ламыз. Хикая барлық көрер­мендердің көңілінен шығады деп үміттенеміз. Фильм кейіпкерлері қазақ, орыс, ағыл­шын тілдерінде де сөйлесетінін ерекше атап өткен жөн болар, –дейді «Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиа­лының Бас редакторы Күлімхан Хасенова.


Ұлттық таным, рух, Отанды, отбасын сүю, жерді қастерлеу, халықты құрметтеу сынды асыл қасиетті дәріптейтін бұл хикая пафостан ада. 
Телехикаяға қазақстандық кино және театр актерлерімен қатар, Қытайдың қазақ актерлері түседі. Айта кетерлік жайт, баршамызға «Санта-Барбара» телехикасындағы Мейсон Кепвеллдің рөлі арқылы танылған Лейн Девисті де осы фильмнен кездестіре аламыз. Теле­хикая «Хабар» арнасынан күз айларында көрсетіледі деп жоспар­лануда.

 

Бөлісу: