Владимир Чеботарёв

18 Шілде 2013, 07:52

Оның есімі футбол сүйер қауымға жетпісінші жылдардан бері таныс. Алматы футбол мектебінің  түлегі, тоғыз жыл қатарынан «Қайраттың» намысын абыроймен қорғады. «Қайраттың» футболшыларының арасында КСРО чемпионатының жоғары лигасында ең көп ойын өткізген ойыншылардың бірі. Өмірінің соңына дейін футболдан алыстамай, Павлодар облысындағы  «Былғары Доп Coca-Cola" жобасының ұйымдастырушысы­  болған даңқты футболшымыз – Владимир Чеботарёв. Владимир Чеботарёв – 1947 жылы, 26 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол тұрған үй республикадағы сол кездегі ең үлкен стадион «Орталық стадионға» жақын болатын.Стадионға көп келгіштеп жүрген баланы алғаш балалар бапкері Борис Браниславович Лях байқап шақырады. Кейіннен футбол мектебіне жазылып, Михаил Тимофеевич Путинцевтің қарамағында жаттықты. Мектеп директоры ол кезде – Аркадий Вольфович Хохман еді. Бұл маманның қарамағынан кезінде  Сегізбаев, Есімбеков, Каретников, Остроушко, Шведков, Жүйков, Дышленко, Еркович сияқты танымал футболшылар тәлім алған. Владя негізі қақпашы болатын, бірақ, бапкері оны қақпаға емес шабуыл шебіне қояды. 1967 жылы Алматының АДК командасынан шақырту алады. Бұл команда ол кездері КСРО чемпионатының екінші лигасында өнер көрсететін. Келесі маусымда Жезқазғанның «Еңбек» командасымен бірдей ұпай жинап, бірақ, басты бәсекелестерінен қосымша матчта жеңіліске ұшырайды. Сол маусымда Владя қарсыластардың қақпасын 16 рет дәл көздеген. Жақсы қырынан танылып келе жатқан жас футболшыны Виктор Георгиевич Веретнов бапкер байқап өз командасына шақырады. Осылайша 1969 жылғы маусымды павлодардың «Тракторында» бастайды. Кереку жеріне ауысуының басты себебі ол кезде әлеуметтік жағдайға байланысты болды. Бірақ, Керекуде де көп тұрақтамады. Еліміздің бас командасы «Қайраттан» шақырту алды. «Қайраттың» құрамында шабуылшылар саны көп болғандықтан, бас бапкер алаңдағы орынын орталық қорғаушыға ауыстырады. Сейілда Байшақов, Воит Талгаевтармен бірге «Қайарттың» қорғанысына жауап берді.    Алғаш 1969 жылы 21 тамызда «Орталық стадионда»  куйбышевтың «Крылья Советовіне» қарсы ойында диктор Владимир Чеботарёвті әріптесі Николай Новожиловтың орнына шыққаны жайлы хабарлады. Осыдан 11 жыл бұрын 11 жастағы бала осы стадионға алғаш келген болатын. Міне, үлкен футболға жолдама берген алаңына осылайша қайта оралды. «Қайратқа» келген жылдары үлкен жеңістермен басталды. Алматылық клуб өз тарихында алғаш рет «Халықаралық теміржолшылар одағының кубогын» жеңіп алды. Чен Ир Сон, Пётр Зенкин, Александр Севидов, Виктор Корольков, Сергей Шапошников, Артём Фальян, Всеволод Бобров, Тимур Сегізбаев, Станислав Каминский сияқты бапкерлер оның футболдағы жолын ашқан жандар. Ол футболды алғаш қақпашы болудан бастаған кейіннен шабуылшы сосын қорғаушы, жартылай қорғаушы болып та өнер көрсетті. Нағыз әмбебап ойыншылардың бірі десе де болады. «Қайраттың» сапында 223 ойында 38 рет қақпа торын тулатқан. Еліміздің бас командасындағы соңғы ойынын 1977 жылы 12 қазанда Одессе қаласында «Черноморец» клубына қарсы өткізді. 1978 жылы қайтадан бұрыңғы клубы «Тракторға»  оралады. Виктор Веретнов бапкер оны бұрыңғыша шабуыл шебіне қойды. Сол үміті өз жемісін берді. Керекуліктердің қатарында 1979 жылы 14  доп соғып, командасластарының арасында ең көп гол соққан ойыншы болды.  Ал 1980 жылғы маусымда қанжығасын 30 рет майлап, өз аймағының мергені атанды. Сондай-ақ командасын бірінші лигаға шығаруға күш салды. Бірақ, осыдан кейін үлкен спортпен қош айтысу жайлы шешім қабылдайды. Футболдағы карьерасын сәтті аяқтап кеткен ойыншылардың бірі. Қазақстан футболындағы ең үздік төрт мерген шабуылшының қатарында. Өз кезеңінде барлығы 146 голдың авторы атанды. Футболдан кеткен соң, бапкерлерді даярлайтын мектепті бітіреді. Екі жыл «Тракторлың» аға бапкері болды. Кейіннен футбол бойынша «мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ, «Аңсат», «Екібастұз» клубтарын жаттықтырды. Өмірің соңғы жылдары Павлодар облысының «аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбие орталығының» бас маманы болды. Өткен жылдың 27 наурызында сырқаты асқынып, жарық дүниемен қош айтысты. Оның аса қатерлі сырқатпен ауырғанын көп адам білгенде жоқ. Дерекнама КСРО чемпионатының жоғары лигасында («Қайрат»: 1969, 1971-1974, 1977) –131 ойын, 21 гол. КСРО чемпионатының бірінші лигасында  («Қайрат»: 1970, 1975-1976 (92 ойын, 17 гол). «Трактор»: 1979 (42 ойын, 14 гол) 134 ойын, 31 гол соққан. КСРО чемпионатының екінші лигасында – 165 ойында, 93 гол (АДК: 1967-1968 – 63 ойын, 18 гол. «Трактор»: 1969, 1978, 1980 –102 ойые, 75 гол) КСРО чемпионатының бірінші лигасының жеңімпазы: (1976 жылы)   «Халықаралық теміржолшылар одағының кубогының» жеңімпазы (1971 жыл) Бек Төлеуов «Sport»

Оның есімі футбол сүйер қауымға жетпісінші жылдардан бері таныс. Алматы футбол мектебінің  түлегі, тоғыз жыл қатарынан «Қайраттың» намысын абыроймен қорғады. «Қайраттың» футболшыларының арасында КСРО чемпионатының жоғары лигасында ең көп ойын өткізген ойыншылардың бірі. Өмірінің соңына дейін футболдан алыстамай, Павлодар облысындағы  «Былғары Доп Coca-Cola" жобасының ұйымдастырушысы­  болған даңқты футболшымыз – Владимир Чеботарёв.

Владимир Чеботарёв – 1947 жылы, 26 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол тұрған үй республикадағы сол кездегі ең үлкен стадион «Орталық стадионға» жақын болатын.Стадионға көп келгіштеп жүрген баланы алғаш балалар бапкері Борис Браниславович Лях байқап шақырады. Кейіннен футбол мектебіне жазылып, Михаил Тимофеевич Путинцевтің қарамағында жаттықты. Мектеп директоры ол кезде – Аркадий Вольфович Хохман еді. Бұл маманның қарамағынан кезінде  Сегізбаев, Есімбеков, Каретников, Остроушко, Шведков, Жүйков, Дышленко, Еркович сияқты танымал футболшылар тәлім алған. Владя негізі қақпашы болатын, бірақ, бапкері оны қақпаға емес шабуыл шебіне қояды.

1967 жылы Алматының АДК командасынан шақырту алады. Бұл команда ол кездері КСРО чемпионатының екінші лигасында өнер көрсететін. Келесі маусымда Жезқазғанның «Еңбек» командасымен бірдей ұпай жинап, бірақ, басты бәсекелестерінен қосымша матчта жеңіліске ұшырайды. Сол маусымда Владя қарсыластардың қақпасын 16 рет дәл көздеген. Жақсы қырынан танылып келе жатқан жас футболшыны Виктор Георгиевич Веретнов бапкер байқап өз командасына шақырады. Осылайша 1969 жылғы маусымды павлодардың «Тракторында» бастайды. Кереку жеріне ауысуының басты себебі ол кезде әлеуметтік жағдайға байланысты болды. Бірақ, Керекуде де көп тұрақтамады. Еліміздің бас командасы «Қайраттан» шақырту алды.

«Қайраттың» құрамында шабуылшылар саны көп болғандықтан, бас бапкер алаңдағы орынын орталық қорғаушыға ауыстырады. Сейілда Байшақов, Воит Талгаевтармен бірге «Қайарттың» қорғанысына жауап берді.   

Алғаш 1969 жылы 21 тамызда «Орталық стадионда»  куйбышевтың «Крылья Советовіне» қарсы ойында диктор Владимир Чеботарёвті әріптесі Николай Новожиловтың орнына шыққаны жайлы хабарлады. Осыдан 11 жыл бұрын 11 жастағы бала осы стадионға алғаш келген болатын. Міне, үлкен футболға жолдама берген алаңына осылайша қайта оралды.

«Қайратқа» келген жылдары үлкен жеңістермен басталды. Алматылық клуб өз тарихында алғаш рет «Халықаралық теміржолшылар одағының кубогын» жеңіп алды.

Чен Ир Сон, Пётр Зенкин, Александр Севидов, Виктор Корольков, Сергей Шапошников, Артём Фальян, Всеволод Бобров, Тимур Сегізбаев, Станислав Каминский сияқты бапкерлер оның футболдағы жолын ашқан жандар.

Ол футболды алғаш қақпашы болудан бастаған кейіннен шабуылшы сосын қорғаушы, жартылай қорғаушы болып та өнер көрсетті. Нағыз әмбебап ойыншылардың бірі десе де болады. «Қайраттың» сапында 223 ойында 38 рет қақпа торын тулатқан. Еліміздің бас командасындағы соңғы ойынын 1977 жылы 12 қазанда Одессе қаласында «Черноморец» клубына қарсы өткізді.

1978 жылы қайтадан бұрыңғы клубы «Тракторға»  оралады. Виктор Веретнов бапкер оны бұрыңғыша шабуыл шебіне қойды. Сол үміті өз жемісін берді. Керекуліктердің қатарында 1979 жылы 14  доп соғып, командасластарының арасында ең көп гол соққан ойыншы болды.  Ал 1980 жылғы маусымда қанжығасын 30 рет майлап, өз аймағының мергені атанды. Сондай-ақ командасын бірінші лигаға шығаруға күш салды. Бірақ, осыдан кейін үлкен спортпен қош айтысу жайлы шешім қабылдайды. Футболдағы карьерасын сәтті аяқтап кеткен ойыншылардың бірі. Қазақстан футболындағы ең үздік төрт мерген шабуылшының қатарында. Өз кезеңінде барлығы 146 голдың авторы атанды.

Футболдан кеткен соң, бапкерлерді даярлайтын мектепті бітіреді. Екі жыл «Тракторлың» аға бапкері болды. Кейіннен футбол бойынша «мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ, «Аңсат», «Екібастұз» клубтарын жаттықтырды. Өмірің соңғы жылдары Павлодар облысының «аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбие орталығының» бас маманы болды.

Өткен жылдың 27 наурызында сырқаты асқынып, жарық дүниемен қош айтысты. Оның аса қатерлі сырқатпен ауырғанын көп адам білгенде жоқ.

Дерекнама

КСРО чемпионатының жоғары лигасында («Қайрат»: 1969, 1971-1974, 1977) –131 ойын, 21 гол.

КСРО чемпионатының бірінші лигасында  («Қайрат»: 1970, 1975-1976 (92 ойын, 17 гол). «Трактор»: 1979 (42 ойын, 14 гол) 134 ойын, 31 гол соққан.

КСРО чемпионатының екінші лигасында – 165 ойында, 93 гол (АДК: 1967-1968 – 63 ойын, 18 гол. «Трактор»: 1969, 1978, 1980 –102 ойые, 75 гол)

КСРО чемпионатының бірінші лигасының жеңімпазы: (1976 жылы)

 

«Халықаралық теміржолшылар одағының кубогының» жеңімпазы (1971 жыл)

Бек Төлеуов «Sport»

Бөлісу: