Кеше түнде Брюссельде болған ұрлық кімді болсын таң қалдыратыны хақ. Бәз біреулер Ван Бурен мұражайынан өте қымбат бірнеше картинаны қолды қылған, деп хабарлайды РБК.
Баукеспелер ғимаратқа кіру үшін ешқандай айла-шарғы ойлап, қиналмаған көрінеді. Кәдімгідей терезесін сындырып кірген. Дабыл жүйесі де іске қосылды, полиция қызметкерлері де өздерін көп күттірмеді. Алайда оның бәрі ұрыларға кедергі болмапты. Қымбат картиналарды олар небәрі 2 минуттың ішінде алып шыққан.
Әзірге Джеймс Энсор мен Кес Ван Донгеннің екі туындысы ұрланғаны белгілі. Ұрланған суреттердің жалпы құны шамамен 1,2 миллион еуроны құрады.
Ван Бурен мұражайында Орта ғасырда өмір сүрген фламандық және итальяндық қыл қалам шеберлері мен қазіргі заман суретшілерінің еңбектерінен біршама суреттер жиналып қалған еді.
Галерея жетекшілері мұражайдағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бұдан былай сақ болуға уәде берді.
ҚазАқпарат.