17 Шілде 2013, 12:09
Түрік үкіметі қасиетті Рамазан айында мол дастарқан жайып, ауыз бекіткен бес мың адамның сауабын алды, деп хабарлайды Muslim.kz.
Билік басындағы «Әділеттілік және даму» партиясының қолдауымен өткен осынау айтулы шараның қалалық Эризин алаңында ұйымдастырылғанын айта кету керек.
Бір айта кетер жағдай, өткен жылы да Түркияның Үскүдар ауданында ораза ұстаған 35 мың адамға арнап дастарқан жайылса, Баджылар ауданында 2500 адам ішіне мұздатқыш орнатылған орасан үлкен шатырда 30 күн бойы оразаларын ашты.
Мұндай шаралар Түркияның әр қаласында, аудандарында жыл сайын ұйымдастырылып отырады.