«Арналы ағыс» жарық көрді

17 Шілде 2013, 05:30

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қаламгер Ғалымбек Жұматовтың «Арналы ағыс» атты повестер жинағымен толықты. Жуырда жарық көрген бұл кітапқа автордың «Кең аулалы үйденбіз», «Ала көжек», «Тарғыл балапан» атты повестері мен «Ертістің арғы жағы», «Кер бұғы», «Қара шал», «Намыс» атты бірнеше әңгімелері енген. Ғалымбек Жұматов 1952 жылы 15 қазанда Ертіс ауданының Үлгілі ауылында туған. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын облыстық «Қызыл ту» газетінде журналист болып бастап, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары лауазымдарына дейін көтеріледі, 1991-1995 жылдары «Халық кеңесі» газетінің меншікті тілшісі болып қызмет етеді. Қазір Павлодар қалалық «Шаһар» газеті және «Найзатас» әдеби журналының бас редакторы. Baq.kz

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қаламгер Ғалымбек Жұматовтың «Арналы ағыс» атты повестер жинағымен толықты.

Жуырда жарық көрген бұл кітапқа автордың «Кең аулалы үйденбіз», «Ала көжек», «Тарғыл балапан» атты повестері мен «Ертістің арғы жағы», «Кер бұғы», «Қара шал», «Намыс» атты бірнеше әңгімелері енген.
Ғалымбек Жұматов 1952 жылы 15 қазанда Ертіс ауданының Үлгілі ауылында туған. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын облыстық «Қызыл ту» газетінде журналист болып бастап, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары лауазымдарына дейін көтеріледі, 1991-1995 жылдары «Халық кеңесі» газетінің меншікті тілшісі болып қызмет етеді. Қазір Павлодар қалалық «Шаһар» газеті және «Найзатас» әдеби журналының бас редакторы.

Baq.kz

Бөлісу: