Жапон ғалымдары рак жасушаларын жоятын тор ойлап тапты

17 Шілде 2013, 04:11

Жапон ғалымдары майда талшықтардан құралған тор ойлап тапты. Оның көмегімен қатерлі ісік жасушаларының көзін жоюға болады деп хабарлайды NHK телекомпаниясы.  Мицухиро Эбара бастаған ғалымдар тобының наноталшықтардан құралған торы тым жұқа. Құрамында ракқа қарсы препараттар мен магнетикалық нанобөлшектер бар. Енді осы материалдың көмегімен химиотерапия мен термотерапияны біріктіріп өткізуге болады. Бүгінгі күнге дейін емдеудің бұл екі түрі бөлек өткізіліп келген болатын. Ғалымдардың айтуынша, олар бұл талшықтарды рак жасушаларына қарсы тәжірибеде пайдаланып көрген кезде оны емдеу мүмкіндігі 7 пайызға артқан.  Baq.kz

Жапон ғалымдары майда талшықтардан құралған тор ойлап тапты. Оның көмегімен қатерлі ісік жасушаларының көзін жоюға болады деп хабарлайды NHK телекомпаниясы. 

Мицухиро Эбара бастаған ғалымдар тобының наноталшықтардан құралған торы тым жұқа. Құрамында ракқа қарсы препараттар мен магнетикалық нанобөлшектер бар.
Енді осы материалдың көмегімен химиотерапия мен термотерапияны біріктіріп өткізуге болады. Бүгінгі күнге дейін емдеудің бұл екі түрі бөлек өткізіліп келген болатын.
Ғалымдардың айтуынша, олар бұл талшықтарды рак жасушаларына қарсы тәжірибеде пайдаланып көрген кезде оны емдеу мүмкіндігі 7 пайызға артқан. 

Baq.kz

Бөлісу: