17 Шілде 2013, 03:53
Нысана көздеуден Қазақстанның әйелдер құрамасы 50 километрден жатып ату бағдарламасы бойынша командалық есепте Қазандағы Универсиаданың алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.
Олеся Снегиревич, Александра Малиновская мен Юлия Морозова екінші және үшінші орынды алған Тайланд пен Украина командасынан басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның қоржынына ауыр атлет Фархад Харки мен жеңіл атлет Маргарита Мұқашева алтын салған еді.