V бөлім

16 Шілде 2013, 08:31

Арман Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті. -  Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор,-деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті. - Қожеке, бізді мұншама масқара етіп, ауда неғылып жүрсіз? - десе, Қожанасыр: - Суда балықша жүзу ежелгі арманым еді, обалыма қалдыңдар, - деп, балықшылардың өздеріне байбалам салыпты. Тесік тиын Қожанасырдың төбесі таз екен. Бір күні ол шашын алдырып болып, ақысына тесік тиын ұстата салыпты. Шаштараз бажылдап: -        Тесік тиынды кім алады? Бүтінін бер! - депті. -        Бүтін тиынды төбеме шаш шыққанда аларсың, - деп Қожекең жүре беріпті. Құдаймен төбелес Жаңбырдан құлайын деп тұрған үйінің алдында Қожанасыр құдайдан дәулет сұрап отыр екен. Үлкен бір кесек құлап түсіп, басы жарылып қалыпты. Қожанасыр басынан аққан қанды алақанымен сүртіп, аспанға екі қолын жайыпты да: -   Е, құдай, мен сенен дәулет сұраған жоқ па едім, бас жаруды өзім де білемін ғой! - депті. Есегіме ұқсайды екенсіз Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты.Хан отырып: -   Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады. -  Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр. - Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың даусы арыстанның ақырғанынан да күшті», деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан. - Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қожанасыр. Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя беріпті. Сонда Қожанасыр: Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - дейді. Еріккен хан Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде-кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды. Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқанын істейді. Бірақ бірінің аяғын, екіншісінің қолын үсік шалып, ауруға ұшырайды. Оның үстіне ханның жазасы да соққы болып тиеді. Ханның аулына бір күні Қожанасыр келеді. Ол ханның талабын орындамақ болады. Хан берген екі көрпені мұз үстіне төсеп, үстіне киім жамылмай жатады. Сөйтіп, сар аяздың өзінде жамбасынан сыз өтпеген Қожанасыр үсіктен аман қалады. Хан оның жағдайын сұрай келіп,еш сылтау таппаған соң: _ Мүмкін, сен түнде алыстан от көрген шығарсың? - деп сұрайды. Сонда Қожанасыр көз ұшынан бір оттың жылтырағанын айтады. Іштей ыза болып тұрған хан: «Сен сол оттан жылу алып, аман қалған екенсің?» - деп, Қожаға жөнсіз тиіседі. Қожанасыр өзінің ол оттан ешқандай жылу алмағандығын дәлелдеуге тырысады. Бірақ хан көнбейді.Ақыры Қожанасыр ханды үйіне қонаққа шақырады.Ұзын мосыға шәугімді іліп, астына жылтыратып от жа- ғады. Шәугім биік, от әлсіз, шай қайнамайды. Сонда іші пысқан хан: - Ей, Қожанасыр, мынауың сенің не далбаса, аспанда тұрған шәугімге жылтыраған оттың жылуы жете ме? - депті.   -Ханеке, көз ұшында жылтыраған оттың мұз үстінде жатқан адамға жылуы келгенде, мосы басында тұрған шәугімге астында жылтыраған оттың жылуы неге бармасын. Бүгін болмаса, ертең шай қайнар, - депті. Сөйтіп, сөзден жеңілген хан қатты ұялып, үйіне қайтады.  

Арман

Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті.

-  Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор,-деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті.

- Қожеке, бізді мұншама масқара етіп, ауда неғылып жүрсіз? - десе, Қожанасыр:

- Суда балықша жүзу ежелгі арманым еді, обалыма қалдыңдар, - деп, балықшылардың өздеріне байбалам салыпты.

Тесік тиын

Қожанасырдың төбесі таз екен. Бір күні ол шашын алдырып болып, ақысына тесік тиын ұстата салыпты.

Шаштараз бажылдап:

-        Тесік тиынды кім алады? Бүтінін бер! - депті.

-        Бүтін тиынды төбеме шаш шыққанда аларсың, -

деп Қожекең жүре беріпті.

Құдаймен төбелес

Жаңбырдан құлайын деп тұрған үйінің алдында Қожанасыр құдайдан дәулет сұрап отыр екен. Үлкен бір кесек құлап түсіп, басы жарылып қалыпты. Қожанасыр басынан аққан қанды алақанымен сүртіп, аспанға екі қолын жайыпты да:

-   Е, құдай, мен сенен дәулет сұраған жоқ па едім, бас жаруды өзім де білемін ғой! - депті.

Есегіме ұқсайды екенсіз

Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты.Хан отырып:

-   Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.

-  Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.

- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың даусы арыстанның ақырғанынан да күшті», деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан.

- Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қожанасыр. Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя

беріпті. Сонда Қожанасыр:

Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - дейді.

Еріккен хан

Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде-кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды. Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқанын істейді. Бірақ бірінің аяғын, екіншісінің қолын үсік шалып, ауруға ұшырайды. Оның үстіне ханның жазасы да соққы болып тиеді. Ханның аулына бір күні Қожанасыр келеді. Ол ханның талабын орындамақ болады. Хан берген екі көрпені мұз үстіне төсеп, үстіне киім жамылмай жатады. Сөйтіп, сар аяздың өзінде жамбасынан сыз өтпеген Қожанасыр

үсіктен аман қалады. Хан оның жағдайын сұрай келіп,еш сылтау таппаған соң:

_ Мүмкін, сен түнде алыстан от көрген шығарсың? - деп сұрайды. Сонда Қожанасыр көз ұшынан бір оттың жылтырағанын айтады. Іштей ыза болып тұрған хан:

«Сен сол оттан жылу алып, аман қалған екенсің?» - деп, Қожаға жөнсіз тиіседі. Қожанасыр өзінің ол оттан ешқандай жылу алмағандығын дәлелдеуге тырысады. Бірақ хан көнбейді.Ақыры Қожанасыр ханды үйіне қонаққа шақырады.Ұзын мосыға шәугімді іліп, астына жылтыратып от жа-

ғады. Шәугім биік, от әлсіз, шай қайнамайды. Сонда іші пысқан хан:

- Ей, Қожанасыр, мынауың сенің не далбаса, аспанда тұрған шәугімге жылтыраған оттың жылуы жете ме? - депті.

  -Ханеке, көз ұшында жылтыраған оттың мұз үстінде жатқан адамға жылуы келгенде, мосы басында тұрған шәугімге астында жылтыраған оттың жылуы неге бармасын. Бүгін болмаса, ертең шай қайнар, - депті.

Сөйтіп, сөзден жеңілген хан қатты ұялып, үйіне қайтады.

 

Бөлісу: