І бөлім

16 Шілде 2013, 07:23

Дос бол мен Шоқайдың Ерденге көңіл айтуы Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда,аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, көңіл айтса да басын көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар тигеннен кейін Сыр бойындағы Досбол мен Шоқай ел арасы шалғайлықтан жетінші күні жетіпті. Үйге кіріп, өлгенге - иман, тіріге - береке тілеп, бет сипасқан соң: - Уа, Ерден! - депті Досбол, - өлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі? Әлемді жалмап-жұтса да, өмірінде тоймаған қара жердің талысы! Өткенге өкінбе, келмеске күйінбе, өлім деген - ұзын жолдың алысы. Туғаннан кейін барлық жанның қабір емес пе барысы? Құдайға мұнша наз қылатындай ашынасы ма ең, әлде көз көрген танысы ма ең?! Бұған да мызғымаған соң Шоқай малдас құрып отырған қалпынан ауысып, жүгіне қос тізерлеп, қамшысын мықынына таяна ұстап, аңға түсер мұзбалақтай шаңқ етіп: -Ей, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдайға                        құдіреттімін деп, мейманасың тасып кеткен екенсің кердең?! Мыңды айдаған әкең Сандыбай да қара жерге енген! Оны мына Шоқай көзімен көрген! Әулие болсаң, әкеңді де балаңды да алып қалуға әлің қане, келген?! Көкті бу көтереді, жүйрікті ду көтереді, өлімді ер көтереді, ауырды нар көтереді! Ер емес пе едің талай құқайды көрген?! Тағы да айтамын басыңды көтер жерден?! Құнсыз беріп, пұлсыз алды, нең бар еді құдайға берген?! - депті. Сонда Ерден төсегінен шүйіле көтеріліп, сартап боп сарғайған жүзін орамалымен сипап: -        Уа, асып туған асылдар! Қайғырсаң да қаншама,өлі артынан өлмек жоқ. Құрдымға хайыл кеткен соң, екі айналып келмек жоқ! Көтермесем басымды, көңілім өксік қаяулы! Ардақтыларым едің аяулы, саңлақтыларым едің санаулы! Көңілде қайғы, шеменшер, төбелерің көрінбеген соң, күтіп жатыр едім, өздеріңдей асыл ерлерді жараулы! - деп, құшақтаса көрісіпті. Досбол мен Шоқай үш-төрт күн болып Ерденнің көңілін демдеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен. Біржан салдың сөзден тосылуы Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып,Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол: - Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да: - Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып: - Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен: -   Ақ зат асыл ғой, - деді. -  Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де: -  Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен: -  Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім. Сонда Әбіш: - Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - Ақылмен білдім, - дедім мен. - Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.   Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.

Дос бол мен Шоқайдың Ерденге көңіл айтуы

Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда,аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, көңіл айтса да басын көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар тигеннен кейін Сыр бойындағы Досбол мен Шоқай ел арасы шалғайлықтан жетінші күні жетіпті. Үйге кіріп, өлгенге - иман, тіріге - береке тілеп, бет сипасқан соң:

- Уа, Ерден! - депті Досбол, - өлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі? Әлемді жалмап-жұтса да, өмірінде тоймаған қара жердің талысы! Өткенге өкінбе, келмеске күйінбе, өлім деген - ұзын жолдың алысы. Туғаннан кейін барлық жанның қабір емес пе барысы? Құдайға мұнша наз қылатындай ашынасы ма ең, әлде көз көрген танысы ма ең?!

Бұған да мызғымаған соң Шоқай малдас құрып отырған қалпынан ауысып, жүгіне қос тізерлеп, қамшысын мықынына таяна ұстап, аңға түсер мұзбалақтай шаңқ етіп:

-Ей, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдайға                        құдіреттімін деп, мейманасың тасып кеткен екенсің кердең?! Мыңды айдаған әкең Сандыбай да қара жерге енген!

Оны мына Шоқай көзімен көрген! Әулие болсаң, әкеңді де балаңды да алып қалуға әлің қане, келген?! Көкті бу көтереді, жүйрікті ду көтереді, өлімді ер көтереді, ауырды нар көтереді! Ер емес пе едің талай құқайды көрген?! Тағы да айтамын басыңды көтер жерден?! Құнсыз беріп, пұлсыз

алды, нең бар еді құдайға берген?! - депті.

Сонда Ерден төсегінен шүйіле көтеріліп, сартап боп сарғайған жүзін орамалымен сипап:

-        Уа, асып туған асылдар! Қайғырсаң да қаншама,өлі артынан өлмек жоқ. Құрдымға хайыл кеткен соң, екі айналып келмек жоқ! Көтермесем басымды, көңілім өксік қаяулы! Ардақтыларым едің аяулы, саңлақтыларым едің санаулы! Көңілде қайғы, шеменшер, төбелерің көрінбеген соң, күтіп жатыр едім, өздеріңдей асыл ерлерді жараулы! - деп, құшақтаса көрісіпті. Досбол мен Шоқай үш-төрт күн болып Ерденнің көңілін демдеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен.

Біржан салдың сөзден тосылуы

Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып,Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:

- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:

- Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы

көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:

- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:

-   Ақ зат асыл ғой, - деді.

-  Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:

-  Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:

-  Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан

өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.

Сонда Әбіш:

- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді.

- Ақылмен білдім, - дедім мен.

- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.

  Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.

Бөлісу: