Универсиада-2013: Қазақстан оныншы күннің қорытындысы бойынша 21-орынға сырғыды

16 Шілде 2013, 04:27

Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиаданың оныншы күні, дүйсенбіде жерлестеріміз бір күміс пен үш қола жүлдені олжалады. Бұл туралы Sports.kz жазып отыр. Еліміздің әйелдер құрамасының сапында өнер көрсеткен Олеся Снегиревич, Юлия Морозова және Александра Малиновская 50 метрлік қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш жерден ату командалық тартыстың нәтижесінде үздік үштікті түйіндеді. 500 метрге каноэмен есуден Сергей Емельянов күміс жүлдені місе тұтты. Жеңіс тұғырына литвалық Евгений Шуклин көтерілсе, белоруссиялық Андрей Богданович үшінші сатыдан көрінді. Грек-рим күресі бойынша 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін бақ сынасқан отандасымыз Асхат Жаңбыров румын Разван Мотояны 3:0 есебімен тізе бүктірді. Нұрмахан Тінәлиев (120 келі) те ресейлік Сергей Андрусикті 3:1 есебімен жеңіп, қола жүлдені еншіледі. Каноэмен есуден 200 және 500 метрді бағындырған Михаил Емельянов және Тимофей Емельянов төртінші сатыға жайғасты. Михаил Емельянов, Тимофей Емельянов, Сергей Емельянов, Евгений Сафронов төрттігі жүлделі орынға қол жеткізе алмады. Қоланы сарапқа салған Нұрсұлтан Тұрсынов (84 келі) украиндық Жан Беленюктен 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ер адамдар арасында скит бойынша Василий Стручаев 6-шы орыннан көрінді. Мылтықтан 50 метр қашықтыққа жатып атудан еліміздің ерлер құрамасы (Ратмир Миндияров, Александр Ермаков, Илья Федин) Қытайға, Польшаға және Ресейге есе жіберді. Ратмир Миндияров жекелей жарыста 4-ші орынды қанағат тұтты. Медальдар саны бойынша: Ресей - 250 (126,67,57); 2. Қытай Халық Республикасы - 67 (23,26,18);     3. Жапония - 70 (20,22,28);      ...      21. Казақстан - 26 (2,10,14).   Еліміздің Қазандағы Универсиададағы (6-17 шілде) медальдары: Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика); Күміс (10): Бейімбет Қанжанов (самбо), Сергей Емельянов - 2 (байдаркамен және каноэмен есу), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеумен күрес), Рустам Кұрбанов (семсерлесу); Қола (14): Асхат Жаңбыров, Нұрмахан Тінәлиев (грек-рим күресі), Ажар Кеңбейіл (самбо), Қазақстан (Олеся Снегиревич, Юлия Морозова, Александра Малиновская), Қазақстан (Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук , Жәния Айдарханова) (ату), Әлихан Жұмабаев (күрес), Қазақстан (Руслан Кұрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов) (семсерлесу), Бердах Пірімбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белбеумен күрес). ҚазАқпарат.

Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиаданың оныншы күні, дүйсенбіде жерлестеріміз бір күміс пен үш қола жүлдені олжалады. Бұл туралы Sports.kz жазып отыр.

Еліміздің әйелдер құрамасының сапында өнер көрсеткен Олеся Снегиревич, Юлия Морозова және Александра Малиновская 50 метрлік қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш жерден ату командалық тартыстың нәтижесінде үздік үштікті түйіндеді. 500 метрге каноэмен есуден Сергей Емельянов күміс жүлдені місе тұтты. Жеңіс тұғырына литвалық Евгений Шуклин көтерілсе, белоруссиялық Андрей Богданович үшінші сатыдан көрінді.

Грек-рим күресі бойынша 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін бақ сынасқан отандасымыз Асхат Жаңбыров румын Разван Мотояны 3:0 есебімен тізе бүктірді. Нұрмахан Тінәлиев (120 келі) те ресейлік Сергей Андрусикті 3:1 есебімен жеңіп, қола жүлдені еншіледі.

Каноэмен есуден 200 және 500 метрді бағындырған Михаил Емельянов және Тимофей Емельянов төртінші сатыға жайғасты. Михаил Емельянов, Тимофей Емельянов, Сергей Емельянов, Евгений Сафронов төрттігі жүлделі орынға қол жеткізе алмады. Қоланы сарапқа салған Нұрсұлтан Тұрсынов (84 келі) украиндық Жан Беленюктен 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ер адамдар арасында скит бойынша Василий Стручаев 6-шы орыннан көрінді. Мылтықтан 50 метр қашықтыққа жатып атудан еліміздің ерлер құрамасы (Ратмир Миндияров, Александр Ермаков, Илья Федин) Қытайға, Польшаға және Ресейге есе жіберді. Ратмир Миндияров жекелей жарыста 4-ші орынды қанағат тұтты.

Медальдар саны бойынша:

  1. Ресей - 250 (126,67,57);

  2. 2. Қытай Халық Республикасы - 67 (23,26,18);

    3. Жапония - 70 (20,22,28);

     ...

     21. Казақстан - 26 (2,10,14).

 

Еліміздің Қазандағы Универсиададағы (6-17 шілде) медальдары:

Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);

Күміс (10): Бейімбет Қанжанов (самбо), Сергей Емельянов - 2 (байдаркамен және каноэмен есу), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеумен күрес), Рустам Кұрбанов (семсерлесу);

Қола (14): Асхат Жаңбыров, Нұрмахан Тінәлиев (грек-рим күресі), Ажар Кеңбейіл (самбо), Қазақстан (Олеся Снегиревич, Юлия Морозова, Александра Малиновская), Қазақстан (Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук , Жәния Айдарханова) (ату), Әлихан Жұмабаев (күрес), Қазақстан (Руслан Кұрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов) (семсерлесу), Бердах Пірімбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова

(белбеумен күрес).

ҚазАқпарат.

Бөлісу: