15 Шілде 2013, 09:14
Отандық археологтар тағы да құнды жәдігерлерге қол жеткізді. Ғалымдар Ақмола облысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қола дәуіріне тиесілі алтын әшекей бұйымдарын тапқан.
Сандықтау ауданындағы Сарқырама қорымынан табылған тарихи дүниелер әйел адамына тиесілі болған дейді мамандар. Айта кетейік, қазба жұмыстарын Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраларын сақтау және пайдалану орталығы экспедициясы жүргізіп отыр.
"Бұл өте құнды жәдігер, шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғасырға тиесілі" дейді орталық директоры Талғат Ибраев "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне берген сұхбатында.
Табылған бұйымдар арасында алтын сырғалар мен сақина, қоладан жасалған әшекей заттар бар.
Айта кетейік, бұған дейін осы маңайдағы өзге қорымнан әйел баласының сүйегі табылған болатын. Оның да жанында бағалы металдардан жасалған бұйымдар болған. Жалпы, 15 маусымда басталған экспедиция тағы бірнеше уақытқа жалғасады.
Baq.kz