Құлыншақ ақын Мекке сапарынан қайтпай қалған кезде...

15 Шілде 2013, 06:13

Енді ақын мұраларын жинақтаушы, зерттеуші Рысқұл Рысжановтың баласы Құлыншақ Кемелұлы атындағы мектептің ұстазы Рыскелді Рысқұлұлының әжесі Ділдәханнан естіген ақынға қатысты екі оқиғасына кезек берсек: Бірде Құлыншақ ақынмен Шәді төре екеуі Сарысу өңірінде ел аралап жүріп, бір байдың үйіне түседі. Аттанар күні бай ақындарға ат шапан беріп, сый құрметін жасап жатқан кезде ауыл сыртынан айқай-шу естіледі. Не болып жатқанын сұраса, бір-біріне ғашық екі жасты түйеге қосақтап, өлім жазасына кесіп, үкім шығарыпты. Себебі, кісі босағасында жүрген, жетім қалған жігіт ауылдағы атастырып қойған бір қызбен көңіл қосқан екен. Мән-жайға қаныққан екі ақын: «Бізге ат-шапанның керегі жоқ, айыпты болған екі жасты бізге беріңіз, бұл маңнан мүлде басқа жаққа алып кетеміз», – дейді. Бай амалсыз аузы дуалы екі ақынның айтқанымен келісіп, жігіт пен қызды оларға қосып жібереді. Төртеуі бай ауылынан көш бойы ұзап шыққаннан кейін бір төбенің баурайындағы бұлақтың басына ат шалдырады. Әбден арып-ашыған, әбіржіген екі жасты жуындырып қараса, біріне-бірі лайық екеуі де көркем, сұлу да келбетті жандар екен. Осы жерде Құлыншақ ақын Шәді төреге: «Сен жігітті ал, мен қызды алайын. Алты айдан кейін сен маған құда түсіп кел. Екі жасты сонда қосайық», – дейді. Шәді төре ақынның сөзімен келісіп, уағдаласады. Солай болады да. Құлыншақ ақын Мекке сапарынан қайтпай қалған кезде, сол қыз жоқтау айтып жылағанда, бүкіл Теріскей өңірі ел-сел болып жылаған екен. *** Құлыншақтың ұлы Исахан қарияға түсінде аян беріп «Өлең керек пе, көген керек пе?» дегенде, ол кісі еш қайсысының керегі жоқ  депті. Дегенмен Исаханға әруақ қонып, ол кісінің көзі өткір, басқаларға көзі тиетін қасиеті болған. Бірде бала емізіп отырған келіншектің мәмесіне көзі түсіп «Ойпырым-ай, мәмесінің алмадайын-ай», – деп таң қалғанда, келіншек отырған орнында құлайды. Сол келіншек Исекеңнің көзі тигеннен ауруханаға түсіп, сол емшегін кестіріп, өзі аман қалған деседі. Тағы бір оқиғасы былай. Исахан қарияның үйі Аққолтық ауылының шетінде орналасқан. Бірде есегіне мініп, үйінен шығып ауыл орталығына келген кезде ауыл маңында қырқада жайылып жүрген 3-4 қошқарға көзі түседі. Қошқарлар күйлі, ірі болса керек «Мына есектер кімдікі?» – деп таң қалған күні кешкісін ол малдар пышаққа ілінген деп ауыл қариялары әңгіме ететін. Исаханның көзі өткір екенін білетін ауыл жұрты ол кісі көшеде келе жатқанда көзіне түспес үшін теріс қарап, үйлі-үйіне кіріп кетуге тырысатын, – деп еске алады менің Ділдәхан әжем. Ендігі аз-кем сөз ақынның ұрпақтары жөнінде. Осы жерде біз тағы да Ә.Оспанұлына жүгінсек. Әсілхан Оспанұлының («Қаратау атырабының ақындары» «Ғылым» баспасы. Алматы – 1983, 11-12 беттер) осы еңбегінде Құлыншақ пен баласы Исахан жөнінде баяндалады. ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Енді ақын мұраларын жинақтаушы, зерттеуші Рысқұл Рысжановтың баласы Құлыншақ Кемелұлы атындағы мектептің ұстазы Рыскелді Рысқұлұлының әжесі Ділдәханнан естіген ақынға қатысты екі оқиғасына кезек берсек:

Бірде Құлыншақ ақынмен Шәді төре екеуі Сарысу өңірінде ел аралап жүріп, бір байдың үйіне түседі. Аттанар күні бай ақындарға ат шапан беріп, сый құрметін жасап жатқан кезде ауыл сыртынан айқай-шу естіледі. Не болып жатқанын сұраса, бір-біріне ғашық екі жасты түйеге қосақтап, өлім жазасына кесіп, үкім шығарыпты. Себебі, кісі босағасында жүрген, жетім қалған жігіт ауылдағы атастырып қойған бір қызбен көңіл қосқан екен. Мән-жайға қаныққан екі ақын: «Бізге ат-шапанның керегі жоқ, айыпты болған екі жасты бізге беріңіз, бұл маңнан мүлде басқа жаққа алып кетеміз», – дейді. Бай амалсыз аузы дуалы екі ақынның айтқанымен келісіп, жігіт пен қызды оларға қосып жібереді.

Төртеуі бай ауылынан көш бойы ұзап шыққаннан кейін бір төбенің баурайындағы бұлақтың басына ат шалдырады. Әбден арып-ашыған, әбіржіген екі жасты жуындырып қараса, біріне-бірі лайық екеуі де көркем, сұлу да келбетті жандар екен. Осы жерде Құлыншақ ақын Шәді төреге:

«Сен жігітті ал, мен қызды алайын. Алты айдан кейін сен маған құда түсіп кел. Екі жасты сонда қосайық», – дейді. Шәді төре ақынның сөзімен келісіп, уағдаласады. Солай болады да.

Құлыншақ ақын Мекке сапарынан қайтпай қалған кезде, сол қыз жоқтау айтып жылағанда, бүкіл Теріскей өңірі ел-сел болып жылаған екен.

***

Құлыншақтың ұлы Исахан қарияға түсінде аян беріп «Өлең керек пе, көген керек пе?» дегенде, ол кісі еш қайсысының керегі жоқ  депті. Дегенмен Исаханға әруақ қонып, ол кісінің көзі өткір, басқаларға көзі тиетін қасиеті болған.

Бірде бала емізіп отырған келіншектің мәмесіне көзі түсіп «Ойпырым-ай, мәмесінің алмадайын-ай», – деп таң қалғанда, келіншек отырған орнында құлайды. Сол келіншек Исекеңнің көзі тигеннен ауруханаға түсіп, сол емшегін кестіріп, өзі аман қалған деседі.

Тағы бір оқиғасы былай. Исахан қарияның үйі Аққолтық ауылының шетінде орналасқан. Бірде есегіне мініп, үйінен шығып ауыл орталығына келген кезде ауыл маңында қырқада жайылып жүрген 3-4 қошқарға көзі түседі. Қошқарлар күйлі, ірі болса керек «Мына есектер кімдікі?» – деп таң қалған күні кешкісін ол малдар пышаққа ілінген деп ауыл қариялары әңгіме ететін.

Исаханның көзі өткір екенін білетін ауыл жұрты ол кісі көшеде келе жатқанда көзіне түспес үшін теріс қарап, үйлі-үйіне кіріп кетуге тырысатын, – деп еске алады менің Ділдәхан әжем.

Ендігі аз-кем сөз ақынның ұрпақтары жөнінде. Осы жерде біз тағы да Ә.Оспанұлына жүгінсек.

Әсілхан Оспанұлының («Қаратау атырабының ақындары» «Ғылым» баспасы. Алматы – 1983, 11-12 беттер) осы еңбегінде Құлыншақ пен баласы Исахан жөнінде баяндалады.

ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Бөлісу: