Твиттер микроблогына 7 жыл

15 Шілде 2013, 05:46

Бүгін твиттер микроблогының шыққанына 7 жыл толды. Twitter сөзі ағылшын тілінен аударғанда «сайрау» немесе ауыспалы мағынада «көп сөйлеу» дегенді білдіреді. Twitter — қысқа мәтіндік жазбалар жазуға арналған веб-сайт немесе жүйе. Тwitterдің бас кеңсесі Сан-Франциско қаласында (Калифорния штаты) орналасқан. Сондай-ақ, Сан-Антонио (Техас штаты) мен Бостон (Массачусетс штаты) қалаларында оның серверлері мен кеңселері бар. Твиттерді ойлап тапқан АҚШ бағдарламашысы Джек Дорси болатын. Ол 30 жасында 2006 жылы 26 наурызда твиттерді ойлап тапқанын жария еткен еді. Оның жасап шығарған әлеуметтік желісі аз уақыттың ішінде интернет қолданушыларды өзіне тарта білді. Оның қазіргі уақытта 200 млн-нан астам тұтынушылары бар. Олардың 50 миллионы твиттерді күнделікті пайдаланатын болса, 100 млн тұтынушы оның көмегіне жоқ дегенде айына бір рет жүгінеді. Тұтынушылардың 55 пайызы твиттерді мобилді гаджеттер арқылы қолданады. Қазіргі уақытта бұл әлеуметтік желі 20 тілде қызмет көрсете алады. Твиттерде ең алғаш рет жазылған сөз «just setting up my twttr» болатын.  Әлемде болып жатқан елеулі оқиғалар кезінде Твиттер тұтынушылары твит жіберуден үнемі рекордтар орнатумен ерекшеленеді. Мәселен, 2010 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы 14 маусын күні өткен Жапония-Камерун матчында тұтынушылар секундына 2940 твит жіберіп үлгерген. 2009 жылдың 25 маусымында Майкл Джексонның өлімінен соң тұтынушылар тарапынан сағатына 100 000 твит жіберілген. Твиттердің мазмұны жаңалықтар, спам, өзін-өзі жарнамалау, мәнді сұқбаттар, сөйлесімдер, ретвиттер немесе қайталанатын хабарламалар болып жіктеледі. Pear Analytics маркетингтік зерттеулер компаниясы твиттерді алты категорияға жіктеді: мәнді сұқбаттар – 41%, сөйлесімдер – 38%, ретвиттер (қайталанатын хабарламалар) – 9%, өзін-өзі жарнамалау – 6%, спам – 4%, жаңалықтар – 4% болады екен.  Бүгінгі күні Қазақстанда таяу арада пайда болғанына қарамастан твиттердегі қолданушылар саны айтарлықтай өскен. Негізінен бұл әлеуметтік желіні шенеуніктер мен шығармашылық өкілдері жиі қолданғанды ұнатады. Твиттер парақшасына үңіліп, ең көп твит жариялаған қазақстандық қолданушылардың тізімін жасап көрдік: Тимур Бектұр (25 483), Асхат Садырбай (14 185), Иманигүл (лақап аты болуы керек – Авт.) (6887), Көкбөрі Қазақұлы (лақап аты – Авт.) (5471), Илхам Ибрагим (5006), Өркен Кенжебек (2690), Ботагөз Жүсіптегі (3321), Қалқаман Сарин (1758) тәрізді танымал қаламгерлер мен журналистер твиттерді жиі пайдаланатын қазақстандықтардың қатарында болып шықты. Ал, ең оқырманы көп қолданушы ҚР Президенті Әкімішлігінің басшысы Кәрім Мәсімов. Оның қазіргі уақытта 70 586 оқырманы бар. Baq.kz

Бүгін твиттер микроблогының шыққанына 7 жыл толды.

Twitter сөзі ағылшын тілінен аударғанда «сайрау» немесе ауыспалы мағынада «көп сөйлеу» дегенді білдіреді. Twitter — қысқа мәтіндік жазбалар жазуға арналған веб-сайт немесе жүйе. Тwitterдің бас кеңсесі Сан-Франциско қаласында (Калифорния штаты) орналасқан. Сондай-ақ, Сан-Антонио (Техас штаты) мен Бостон (Массачусетс штаты) қалаларында оның серверлері мен кеңселері бар.
Твиттерді ойлап тапқан АҚШ бағдарламашысы Джек Дорси болатын. Ол 30 жасында 2006 жылы 26 наурызда твиттерді ойлап тапқанын жария еткен еді. Оның жасап шығарған әлеуметтік желісі аз уақыттың ішінде интернет қолданушыларды өзіне тарта білді. Оның қазіргі уақытта 200 млн-нан астам тұтынушылары бар. Олардың 50 миллионы твиттерді күнделікті пайдаланатын болса, 100 млн тұтынушы оның көмегіне жоқ дегенде айына бір рет жүгінеді. Тұтынушылардың 55 пайызы твиттерді мобилді гаджеттер арқылы қолданады. Қазіргі уақытта бұл әлеуметтік желі 20 тілде қызмет көрсете алады. Твиттерде ең алғаш рет жазылған сөз «just setting up my twttr» болатын. 
Әлемде болып жатқан елеулі оқиғалар кезінде Твиттер тұтынушылары твит жіберуден үнемі рекордтар орнатумен ерекшеленеді. Мәселен, 2010 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы 14 маусын күні өткен Жапония-Камерун матчында тұтынушылар секундына 2940 твит жіберіп үлгерген. 2009 жылдың 25 маусымында Майкл Джексонның өлімінен соң тұтынушылар тарапынан сағатына 100 000 твит жіберілген.
Твиттердің мазмұны жаңалықтар, спам, өзін-өзі жарнамалау, мәнді сұқбаттар, сөйлесімдер, ретвиттер немесе қайталанатын хабарламалар болып жіктеледі.
Pear Analytics маркетингтік зерттеулер компаниясы твиттерді алты категорияға жіктеді: мәнді сұқбаттар – 41%, сөйлесімдер – 38%, ретвиттер (қайталанатын хабарламалар) – 9%, өзін-өзі жарнамалау – 6%, спам – 4%, жаңалықтар – 4% болады екен. 
Бүгінгі күні Қазақстанда таяу арада пайда болғанына қарамастан твиттердегі қолданушылар саны айтарлықтай өскен. Негізінен бұл әлеуметтік желіні шенеуніктер мен шығармашылық өкілдері жиі қолданғанды ұнатады. Твиттер парақшасына үңіліп, ең көп твит жариялаған қазақстандық қолданушылардың тізімін жасап көрдік: Тимур Бектұр (25 483), Асхат Садырбай (14 185), Иманигүл (лақап аты болуы керек – Авт.) (6887), Көкбөрі Қазақұлы (лақап аты – Авт.) (5471), Илхам Ибрагим (5006), Өркен Кенжебек (2690), Ботагөз Жүсіптегі (3321), Қалқаман Сарин (1758) тәрізді танымал қаламгерлер мен журналистер твиттерді жиі пайдаланатын қазақстандықтардың қатарында болып шықты. Ал, ең оқырманы көп қолданушы ҚР Президенті Әкімішлігінің басшысы Кәрім Мәсімов. Оның қазіргі уақытта 70 586 оқырманы бар.

Baq.kz

Бөлісу: