Құлыншақ туралы көнекөз қариялардан көп мәліметтерді білуге болар еді

15 Шілде 2013, 05:05

Құлыншақ туралы көнекөз қариялардан көп мәліметтерді білуге болар еді. Бірақ ол кісілердің көбісі қайтыс болып кеткен. Солардың ішіндегі халық поэзиясының алыбы Жамбылдың берген бағасы бір төбе. Ол Құлыншақты өзіне ұстаз тұтқан. Мысалы: Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан. Майлықожа, Құлыншақ, Пірім едің бас ұрған. Міне осы сөзде көп мағына жатыр. Атақты жыршы Сұлтанбек Аққожаев Құлыншақты былайша дәріптейді: Әкесі Құлыншақтың Кемел еді, Сүйген екен немере, шөберені. Алты ұлы, алты ауыл боп жүре берді, Адамға бұдан артық не береді. Құлыншақ алтауының ең кенжесі, Дарыған өнерінде өлең еді. Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп, Үш тоғыз дүниемен жібереді. Сұлтанбек тағы бір өлеңінде былайша айтады: Ұстазым – Орта жүздің Құлыншағы, Өлеңнен кем болған жоқ берген бағы. Қосылып құнаныңда ат бәйгеге, Тынбай шауып, кеп жүрді сынбай сағы. Шәкірті сүйсініп жырлаған осындай дүлдүл де жүйрік ақынның бүгінгі күні насихатталуының өз дәрежесінде емес екенін айта кеткен орынды. Бұл жөнінде ақын шығармашылығын зерделеушілердің бірі, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының құрметті азаматы Есіркеп Өмірбеков өзінің «Шежірелі өлке» деген кітабында былай деп жазады: «1990 жылы Созақ елінің жұртшылығы «Жартытөбе» ауылында ақынның туғанына 150 жыл толу мерекесін өткізді, бірақ ақын тойы жұпыны өтті. Оның тойына ауданның кейбір ауылдарынан өкілдер келмей қалып, «естімедік» деп кейін өкпе айтып жүрді. Құлыншақ ақынның көп өлеңдерінің айтылмай, жария болмай, жоғалып кетуіне оның Меккеге қажылыққа баруының өзі себеп болды. Кешегі дінді уағыздаушыларды отап тұрған заманда қажының өлеңін айту да, жазып-жинақтау да қауіпті еді. Сонда да болса әр жерде бір ауыз, екі ауыз өлеңін білетіндер кездесіп қалады» (Есіркеп Өмірбеков. Шежірелі өлке. Шымкент «Ғасыр-Ш» 2002 ж., 194 – 201-беттер). Шөже ақыннан бата алғаннан кейін, Құлыншақ көп жерлерді аралап, өзін таныта түседі. Өкінішке қарай, солардың бірде біреуі қағазға түсірілмеген. Осы олқылықтың орны алдағы уақытта толтырылып, ақын шығармашылығы жөнінде толымды еңбектер жарық көреді деп үміттенеміз. Ал әзірше ақынның бұрын-соңды баспа жүзін көрген туындылары мен ол жөнінде зерттеу еңбектерді бір арнаға топтастыруға күш салған қолдарыңыздағы жинақтың ғылыми сипатта басылым көргенін еске саламыз. Мұнда ақын өлеңдерінен бастап, «Былай деген екен» деп аталатын бөлімде ақынның ұрымтал, тапқыр сөздері туралы ел аузындағы әңгімелер топтастырылған. Ақын шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер мен «Құлыншақ ақын – көркем шығарма кейіпкері» деп аталатын арнайы бөлімде ақын өмірінен жазылған көркем туындыларға орын беріледі. Ал соңғы бөлім оқырманды Ысқақ Құлыншақұлының шығармашылығынан хабардар етеді.  ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Құлыншақ туралы көнекөз қариялардан көп мәліметтерді білуге болар еді. Бірақ ол кісілердің көбісі қайтыс болып кеткен. Солардың ішіндегі халық поэзиясының алыбы Жамбылдың берген бағасы бір төбе. Ол Құлыншақты өзіне ұстаз тұтқан. Мысалы:

Қаздай қалқып ерінбей,

Өлең тердім жасымнан.

Майлықожа, Құлыншақ,

Пірім едің бас ұрған.

Міне осы сөзде көп мағына жатыр.

Атақты жыршы Сұлтанбек Аққожаев Құлыншақты былайша дәріптейді:

Әкесі Құлыншақтың Кемел еді,

Сүйген екен немере, шөберені.

Алты ұлы, алты ауыл боп жүре берді,

Адамға бұдан артық не береді.

Құлыншақ алтауының ең кенжесі,

Дарыған өнерінде өлең еді.

Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп,

Үш тоғыз дүниемен жібереді.

Сұлтанбек тағы бір өлеңінде былайша айтады:

Ұстазым – Орта жүздің Құлыншағы,

Өлеңнен кем болған жоқ берген бағы.

Қосылып құнаныңда ат бәйгеге,

Тынбай шауып, кеп жүрді сынбай сағы.

Шәкірті сүйсініп жырлаған осындай дүлдүл де жүйрік ақынның бүгінгі күні насихатталуының өз дәрежесінде емес екенін айта кеткен орынды. Бұл жөнінде ақын шығармашылығын зерделеушілердің бірі, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының құрметті азаматы Есіркеп Өмірбеков өзінің «Шежірелі өлке» деген кітабында былай деп жазады: «1990 жылы Созақ елінің жұртшылығы «Жартытөбе» ауылында ақынның туғанына 150 жыл толу мерекесін өткізді, бірақ ақын тойы жұпыны өтті. Оның тойына ауданның кейбір ауылдарынан өкілдер келмей қалып, «естімедік» деп кейін өкпе айтып жүрді.

Құлыншақ ақынның көп өлеңдерінің айтылмай, жария болмай, жоғалып кетуіне оның Меккеге қажылыққа баруының өзі себеп болды. Кешегі дінді уағыздаушыларды отап тұрған заманда қажының өлеңін айту да, жазып-жинақтау да қауіпті еді. Сонда да болса әр жерде бір ауыз, екі ауыз өлеңін білетіндер кездесіп қалады» (Есіркеп Өмірбеков. Шежірелі өлке. Шымкент «Ғасыр-Ш» 2002 ж., 194 – 201-беттер).

Шөже ақыннан бата алғаннан кейін, Құлыншақ көп жерлерді аралап, өзін таныта түседі. Өкінішке қарай, солардың бірде біреуі қағазға түсірілмеген. Осы олқылықтың орны алдағы уақытта толтырылып, ақын шығармашылығы жөнінде толымды еңбектер жарық көреді деп үміттенеміз.

Ал әзірше ақынның бұрын-соңды баспа жүзін көрген туындылары мен ол жөнінде зерттеу еңбектерді бір арнаға топтастыруға күш салған қолдарыңыздағы жинақтың ғылыми сипатта басылым көргенін еске саламыз. Мұнда ақын өлеңдерінен бастап, «Былай деген екен» деп аталатын бөлімде ақынның ұрымтал, тапқыр сөздері туралы ел аузындағы әңгімелер топтастырылған. Ақын шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер мен «Құлыншақ ақын – көркем шығарма кейіпкері» деп аталатын арнайы бөлімде ақын өмірінен жазылған көркем туындыларға орын беріледі. Ал соңғы бөлім оқырманды Ысқақ Құлыншақұлының шығармашылығынан хабардар етеді. 

ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Бөлісу: