12 Шілде 2013, 09:48
Республикалық орталық сайлау комиссиясы Алматы облысында семинар өткізді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
Семинар жұмысына Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос пен ОСК баспасөз қызметінің бастығы Венера Жексембекова қатысты.
Олармен кездесуге сайлау комиссияларының мүшелері, мемлекеттік құрылымдардың басшылары, ардагерлер ұйымдарының, басқа қоғамдық және жастар бірлестіктерінің өкілдері шақырылды.
Шарада сөз алған Владимир Фосс осы шараның өткізілуінің басты мақсаты жастар арасында сайлаудың танымалдығын арттыру, олардың құқықтық және электоральдық мәдениетін көтеру болып табылады деді.
Шара Орталық Сайлау комиссиясы сарапшыларының 2012-2013 жылдарға арналған жастарға құқықтық білім беру жоспарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.