ОСК өкілері Павлодарда семинар өткізді

12 Шілде 2013, 09:45

ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Павлодар қаласында ауыл әкімдері сайлауын ұйымдастыру және өткізуге қатысты семинар өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. ҚР ОСК өкілдері семинарға қатысушыларға сайлау өткізу, ұйымдастыру, құжат өткізу ережесі, кандидаттардың декларация толтыруы сияқты жұмыстарды түсіндірді. «Ауыл тұрғындары жергілікті әкімдердің әрекетсіздігіне шағымданады. Өйткені мұндай деңгейдегі әкімдер мәселені өздігінен шеше алмайды. Енді сайлау өткен соң олар тиісті материалдық және қаржылық ресурстарға иелік етеді»,-деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос. Павлодар облысында ағымдағы жылдың тамыз айында 146 ауылдық округта ауыл әкімдері сайланады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Павлодар қаласында ауыл әкімдері сайлауын ұйымдастыру және өткізуге қатысты семинар өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ҚР ОСК өкілдері семинарға қатысушыларға сайлау өткізу, ұйымдастыру, құжат өткізу ережесі, кандидаттардың декларация толтыруы сияқты жұмыстарды түсіндірді.

«Ауыл тұрғындары жергілікті әкімдердің әрекетсіздігіне шағымданады. Өйткені мұндай деңгейдегі әкімдер мәселені өздігінен шеше алмайды. Енді сайлау өткен соң олар тиісті материалдық және қаржылық ресурстарға иелік етеді»,-деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Павлодар облысында ағымдағы жылдың тамыз айында 146 ауылдық округта ауыл әкімдері сайланады.

Бөлісу: