Әкімдер сайлауына 188 аудандық және қалалық мәслихат қатысады - ОСК басшысы

12 Шілде 2013, 09:43

Қ.Тұрғанқұлов ауыл әкімдері сайлауының дайындық барысымен таныстырды Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингіне қатысқан Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қ.Тұрғанқұлов БАҚ өкілдерін Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің алдағы сайлауына дайындық жұмысының қорытындыларымен таныстырды, деп хабарлайды ortcom.kz. Қ.Тұрғанқұлов өз сөзінде, Орталық сайлау комиссиясы Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу тәжірибесін зерделегенін айтып өтті. «Бұл елдерде негізгі үш тәсіл қолданылады: бірінші – жергілікті әкімшіліктердің басшыларын тағайындау, екінші –төте сайлау, үшінші - жанама сайлау. Осы тәсілдердің үшіншісі кеңінен қолданылады. Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарының басшыларын жанама сайлау талдау жүргізілген 37 мемлекеттің 19-да пайдаланылады», деді комиссия басшысы. Мемлекет Басшысының 2013 жылғы 24 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде өткізілетін болады. Бұрын осы әкімдерді қызметке аудан әкімі облыс әкімінің келісімімен тағайындайтын. Ағымдағы жылғы тамыз айында Қазақстанда барлығы 2457 әкім сайланады, бұл олардың елдегі жалпы санының 91,5 пайызын құрайды. Қазіргі сәтте сайлаудың құқықтық және қаржылық базасы қалыптасқан. Жергілікті бюджеттерден сайлауды өткізуге 594 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. Жалпы сайлау науқаны бір ай ішінде өтетін болады. Сайлауға барлығы 2602 депутатты қамтитын 188 аудандық және қалалық мәслихат қатысатын болады. Әкімдікке кандидаттар ұсынуды әкім тікелей ауылдарда, кенттер мен қалаларда халықпен жеке кездесулер өткізуі арқылы жергілікті қоғамдастықпен консультациялардан кейін жүргізетін болады. «Халықтың әкімді сайлауға нақты қатысуы дегеніміз - осы. Оған қоса, халық сайлаған мәслихат депутаты, таңдаушы ретінде қатыса отырып, өз сайлаушысының көзқарасын ескеруі және мүддесін көздеуі тиіс. Қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі кезінде кандидаттарды әкімнің ұсынғаны жөн, себебі тек әкім тұтастай аудан бойынша және атап айтқанда әрбір әкімшілік құрылымдағы істің жай-күйі үшін дербес жауапты болады. Сонымен қатар кандидаттың облыс аумағында тұруы туралы талап та маңызды, өйткені бұл өзі жұмыс істеуге ниет білдіріп отырған өңірдегі жағдайды нақты білетін әкімдердің сайлануын қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетті Орталық сайлау комиссиясының басшысы. Сайлауды ұйымдастыруға 14 облыстық, 28 қалалық және 160 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қатысады. Олардың барлығы еңбекке қабілетті, тиісті даярлықтан өткен, әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен және құжаттардың үлгілерімен қамтамасыз етілген. «Қазіргі сәтте сайлау комиссиялары сайлау науқанын өткізуге ұйымдастырушылық және әдістемелік жағынан дайын», - деп қорытты өз сөзін Қ.Тұрғанқұлов.

Қ.Тұрғанқұлов ауыл әкімдері сайлауының дайындық барысымен таныстырды
Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингіне қатысқан Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қ.Тұрғанқұлов БАҚ өкілдерін Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің алдағы сайлауына дайындық жұмысының қорытындыларымен таныстырды, деп хабарлайды ortcom.kz.

Қ.Тұрғанқұлов өз сөзінде, Орталық сайлау комиссиясы Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу тәжірибесін зерделегенін айтып өтті. «Бұл елдерде негізгі үш тәсіл қолданылады: бірінші – жергілікті әкімшіліктердің басшыларын тағайындау, екінші –төте сайлау, үшінші - жанама сайлау. Осы тәсілдердің үшіншісі кеңінен қолданылады. Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарының басшыларын жанама сайлау талдау жүргізілген 37 мемлекеттің 19-да пайдаланылады», деді комиссия басшысы.

Мемлекет Басшысының 2013 жылғы 24 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде өткізілетін болады. Бұрын осы әкімдерді қызметке аудан әкімі облыс әкімінің келісімімен тағайындайтын.

Ағымдағы жылғы тамыз айында Қазақстанда барлығы 2457 әкім сайланады, бұл олардың елдегі жалпы санының 91,5 пайызын құрайды.

Қазіргі сәтте сайлаудың құқықтық және қаржылық базасы қалыптасқан. Жергілікті бюджеттерден сайлауды өткізуге 594 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Жалпы сайлау науқаны бір ай ішінде өтетін болады.

Сайлауға барлығы 2602 депутатты қамтитын 188 аудандық және қалалық мәслихат қатысатын болады.

Әкімдікке кандидаттар ұсынуды әкім тікелей ауылдарда, кенттер мен қалаларда халықпен жеке кездесулер өткізуі арқылы жергілікті қоғамдастықпен консультациялардан кейін жүргізетін болады.

«Халықтың әкімді сайлауға нақты қатысуы дегеніміз - осы. Оған қоса, халық сайлаған мәслихат депутаты, таңдаушы ретінде қатыса отырып, өз сайлаушысының көзқарасын ескеруі және мүддесін көздеуі тиіс.

Қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі кезінде кандидаттарды әкімнің ұсынғаны жөн, себебі тек әкім тұтастай аудан бойынша және атап айтқанда әрбір әкімшілік құрылымдағы істің жай-күйі үшін дербес жауапты болады. Сонымен қатар кандидаттың облыс аумағында тұруы туралы талап та маңызды, өйткені бұл өзі жұмыс істеуге ниет білдіріп отырған өңірдегі жағдайды нақты білетін әкімдердің сайлануын қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетті Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

Сайлауды ұйымдастыруға 14 облыстық, 28 қалалық және 160 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қатысады.

Олардың барлығы еңбекке қабілетті, тиісті даярлықтан өткен, әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен және құжаттардың үлгілерімен қамтамасыз етілген.

«Қазіргі сәтте сайлау комиссиялары сайлау науқанын өткізуге ұйымдастырушылық және әдістемелік жағынан дайын», - деп қорытты өз сөзін Қ.Тұрғанқұлов.

Бөлісу: