Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиаданың 6-шы күні еліміздің қоржыны үш қола медальмен толықты. Бұл туралы Sports.kz жазып отыр.
Семсерлесу бойынша Руслан Кұрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязновтан тұратын ерлер құрамасы үшінші орын үшін тартыста 35:34 есебімен Швейцариядан басым түсті. Жеңіл атлет Никита Филиппов сырықпен секіруде үшінші орынды місе тұтты, ал еркін күресте 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бердах Пірімбаев Универсиада коласын еншіледі.
Әйелдер арасында үш қарғып секіруден Ирина Эктова ақтық сында 4 орынға тұрақтады. Ауыр атлет Евгений Евстафьев 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік бестікті түйіндеді, Александра Аборневаның (+75) да нәтижесі ұқсас.
Медальдар саны бойынша:
1. Ресей - 135 (72,33,30);
2. Оңтүстік Корея - 26 (12,6,8);
3. Жапония - 37 (10,12,15);
....
14. Қазақстан - 16 (2,6,8).
Еліміздің Қазандағы Универсиададағы (6-17 шілде) медальдары:
Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);
Күміс (6): Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеумен күрес), Рустам Кұрбанов (семсерлесу);
Қола (8): Руслан Кұрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов) (семсерлесу), Бердах Пірімбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белбеумен күрес).
ҚазАқпарат.