11 Шілде 2013, 10:35
Қазақстанда академиялық статистикалық көрсеткіштердің, сарапшылардың бағалаулары мен жұмыс берушілердің арасында жүргізілген сауалнаманың негізінде үздік жоғары оқу орындарының ағымдағы жылғы рейтингі жасалып отыр, деп жазады «Казахстанская правда» газеті.
Атап айтқанда, көпбейінді үздік жоғары оқу орындарының бестігіне мына университеттер кірді:
97,03 % көрсеткішпен - Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті;
95,38 % - Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті;
53,5 % - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
53,02 %- Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
45,17 % - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.
Ал үздік техникалық оқу орындарының бестігі мыналар:
Қазақстан- Британ техникалық университеті - 91,19%;
Қазақтың Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеті- 72,08%;
Қарағанды мемлекеттік техникалық универстеті - - 67,23 %;
Алматы технологиялық университеті - 53,68%;
Қазақтың Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеті - 52,77%.
Гуманитарлық–экономикалық үздік жоғары оқу орындары деп мына университеттер анықталды:
КИМЭП университеті - 96,30%;
Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті - 59,02%;
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті - 58,33%;
Қазақ гуманитарлық-заң университеті - 56,06 %;
Қазақтың Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - 56,03 %.
Оған қоса, «Астана» медициналық университеті (Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы -86,41 %) еліміздің үздік медициналық оқу орны атанса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (94,80%) үздік педагогикалық жоғары оқу орны деген баға алды.
Ал үздік өнер оқу орындарының ішінде бірінші орынды -91,28 % көрсеткішпен Қазақтың ұлттық өнер университеті (Қазақ ұлттық музыка академиясы) иеленді.
Еліміздің үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі туралы Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің сайтынан біле аласыздар.