«Әл-Фараби және Абай»

11 Шілде 2013, 10:05

А.Машанидің Абай мен Әл-Фарабиді білді, оның мұрасынан, тағлиматтық ғибрат алды. Енді, соны ашу қажет деген қорытындыға келген ғалымның «Әл-Фараби және Абай» зерттеуінің бағыты анықталған кезең еді: Маған енді, қалам ал да екі ұлы дананың рухани жазуға отырғызған, ендігі бір жәйтті және оның алғашқы ой толқынын қағазға түскен күннен анықтамас алдында «Әл-Фарабиді Абай білді» деген үшінші деректі айта кету ләзім. Ол: Шәкәрім қажының, үлкен ұлы Ахаттың мына хаты: «Ақжан! әл-Фарабиді еңбек етіп, ол дінші деп таласқандардан, оның ғылымдығы күшті деп, ақтап шығып, түріктің, оның ішінде Қазақтың әл-Фарабиін тірілттің. Сол әл-Фарабиді оқыған, тағылым алған Абай мен Шәкәрім туралы үн қатпай келесің, бұл қалай? Ахат». 1976 жылы 8 маусымда дәптер бетінен жыртып алынған қағазға араб әрпімен жазылған сол тілдей хатты Әз аға ­ маған қойын кітапшасының арасынан алып көрсеткен­-ді. Бұл әлемнің екінші ұстазын Абайдың білгендігіне дәйекті дерек болды (Жақша ішінде айта кетейік: бұл «әл-муғалім, әл-сани» араб елінде әл­ Фа­ра­биді Мұхамед с.с. кейінгі ұстаз ұғымда бе­ретін атақ. Әсте, бұл ұстаздықты бірінші басқышына Аристотельді қою емес. Тіптен, Аристотельді ұстазға балайтын ұстанымның өзі болғанда емес!). Енді, өз пайымдауындағы Ақжан Машани хазіреттің «Әл­ Фараби және Абай» монографиясын жазуды қашан бастап еді деген дерекке келейін. 1973 жылы Ақаң хазірет ұстаздық ететін, әрі өзімнің білім алған Қарашаңырақ – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ке ауысқан күннен бастап, Ақжан сынды рухани ұстазымен жетісіне кем дегенде бір рет кездеспеген кезіміз болған жоқ. Кейде кезектен тыс «келіп кетші» деп шақырып алатыны да бар-тын. Мынамен таныс, машинкаға бастыр, деп қолжазбасын беретін, кейде «карамат… карамат… ғажап… ғажап…» деп тамсана отырып, бабасының ғылыми болмысын ашатын жаңалығын, ол туралы өзінің пікірін айтып шығатын. Бұл Әз ағаның ұлы бабасын танудағы, жаңалығын сүйіншілеу болып жататын. Бірде келіп кетші деген хабарды естіген бетте «Маркшейдерлік іс» кафедрасының меңгеруші проф. А.Машани отыратын кабинетке келдім. Отырар отырмастан, Әз аға мынаны оқып шықшы деп, парақтарының беті толық жазылған жұқа дәптерді ұстата берді. Әріптері иректелмей өзінің дербестігін сақтап, анық жазылатын, әз ағаның жазуына әбден үйреніп алғанмын. «Әл­ Фараби мен Абай» деп тақырып тағылған дәптер бетін оқып шығу маған онша көп уақытты қажет етпеді. Қысқасы, Қолжазба мәтіні: «Қорыта келгенде айтарымыз біздің халқымыздың шыққан, бүкіл адамзатқа ортақ ұстаз болған, екі тамаша дананы өзіміздің үңіле қарайтын, олардың ұлағатты мұраларын халыққа көрсететін мезгіл жетті. Қазіргі жағдайда біз, солардың әрбір өсиетіне, фазилаттық лебізіне құмар болып, сусап отырмыз. Нан молшылығымен қатар жан өрісі де кеңейетін болсын. Дүниеде сыңаржақтық жаман. Өмірдің хақиқаты осында», деп аяқталып, оның түйінделетіні соңында, әдетінше 31.Х ­1987ж. – деп көрсетіп және оған Машани деп қол қойыпты. Сол жолы­ақ ағаның «Әл­ Фараби мен Абай» мақаласы қазақтың абайтану тарихында ренессанстық маңыз алатын зерттеудің аңдатпасы екендігіне күмәнім қалмады. 1987 жылдың қазан айының 3 мен үшін «Әл­ Фараби мен Абай» монографиясында айтылар ойтолғаныстың әбден пісіп, қағазға түсе бастаған күні деп санауыма болатын еді. Себебі, болашақ еңбектің мазмұнын бірінші естіген де мен болатынмын. Архивімде Ақаңның қолы бар сарғыш реңді қағазға машинкамен басылған осы мақаланың бір данасын тұмардай сақтау себебім де осыдан… Осы әңгімеден кейін көңіл толқынында біраз жүрдім. Әр сағат сайын бойымда ерекше мақтаныш еселеп артқандай сезінемін. Таныс­тарыма Абай әл-­Фараби бабасын біліпті деп айтқым келіп тұрады. Әрі-беріден соң, мұны өзім ғана білумен тыну, қауымға жасаған опасыздығымдай көріне бастады. Жоқ, айтуым керек оны: әл­-Фараби мен Абай арасындағы байланыстың зерттелгендігін және оның бірер жылда қазақ қауымының қолына тиетіндігіне сүйінші сұрағым келді. «Әл-­Фараби мен Абай» мақаласындағы жәйтті және кейіннен ағадан естігенімді түйіндеп, оны интервью түрінде жазуды дұрыс көрдім. Оған «Әл­-Фараби және Абай» деп тақырып қойып, жазғанымды Әз ағаның алдына апарып қойып жатып: ­Әрі бұл тақырыпты иемдену болсын деп тың да соны идеяны біреу өзіне меншіктеп кетпесін деген қауіптің амалы екенін де жасырмадым. Жазғанымды оқып шыққан аға: «Шырағым, ниетің дұрыс қой», деп барып, аға сәл ойланып қалды: «Шағын мақа­лада осы екі дананың арасындағы рухани бай­ланыстың дәлелі үшін ғұлама Әуелбекке сілтеме жасағанымыз жөн болар…»­ деп, Ақжан аға кітап сөресінен Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақ эпосы және түркология» («Ғылым», 1987) зерттеуін алып парақтай бастады: Мұны сен оқитын бол ­деп: кітаптың 326 бетін ашып «Фа­раби және Абай» деген мақаладан: «Абай трактатындағы…терминдердің мағынасына жетпей жатып, Абай жөнінде зерттеу жазуға болар ма? Кейбіреулер абайтану ғылымы шешілмеген, М.Әуезов еңбегі жетімсіз болды деседі… Абайды білу үшін журналист болу жетімсіз. Поэзия, философия, саясат, тарих бұл төртеуі Абайда егіз» – делінген үзіндіні дауыстап оқып берді. Шамшиден Абдраман, профессор, машанитанушы

А.Машанидің Абай мен Әл-Фарабиді білді, оның мұрасынан, тағлиматтық ғибрат алды. Енді, соны ашу қажет деген қорытындыға келген ғалымның «Әл-Фараби және Абай» зерттеуінің бағыты анықталған кезең еді: Маған енді, қалам ал да екі ұлы дананың рухани жазуға отырғызған, ендігі бір жәйтті және оның алғашқы ой толқынын қағазға түскен күннен анықтамас алдында «Әл-Фарабиді Абай білді» деген үшінші деректі айта кету ләзім. Ол: Шәкәрім қажының, үлкен ұлы Ахаттың мына хаты:
«Ақжан! әл-Фарабиді еңбек етіп, ол дінші деп таласқандардан, оның ғылымдығы күшті деп, ақтап шығып, түріктің, оның ішінде Қазақтың әл-Фарабиін тірілттің. Сол әл-Фарабиді оқыған, тағылым алған Абай мен Шәкәрім туралы үн қатпай келесің, бұл қалай? Ахат».
1976 жылы 8 маусымда дәптер бетінен жыртып алынған қағазға араб әрпімен жазылған сол тілдей хатты Әз аға ­ маған қойын кітапшасының арасынан алып көрсеткен­-ді. Бұл әлемнің екінші ұстазын Абайдың білгендігіне дәйекті дерек болды (Жақша ішінде айта кетейік: бұл «әл-муғалім, әл-сани» араб елінде әл­ Фа­ра­биді Мұхамед с.с. кейінгі ұстаз ұғымда бе­ретін атақ. Әсте, бұл ұстаздықты бірінші басқышына Аристотельді қою емес. Тіптен, Аристотельді ұстазға балайтын ұстанымның өзі болғанда емес!). Енді, өз пайымдауындағы Ақжан Машани хазіреттің «Әл­ Фараби және Абай» монографиясын жазуды қашан бастап еді деген дерекке келейін.
1973 жылы Ақаң хазірет ұстаздық ететін, әрі өзімнің білім алған Қарашаңырақ – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ке ауысқан күннен бастап, Ақжан сынды рухани ұстазымен жетісіне кем дегенде бір рет кездеспеген кезіміз болған жоқ. Кейде кезектен тыс «келіп кетші» деп шақырып алатыны да бар-тын. Мынамен таныс, машинкаға бастыр, деп қолжазбасын беретін, кейде «карамат… карамат… ғажап… ғажап…» деп тамсана отырып, бабасының ғылыми болмысын ашатын жаңалығын, ол туралы өзінің пікірін айтып шығатын. Бұл Әз ағаның ұлы бабасын танудағы, жаңалығын сүйіншілеу болып жататын. Бірде келіп кетші деген хабарды естіген бетте «Маркшейдерлік іс» кафедрасының меңгеруші проф. А.Машани отыратын кабинетке келдім. Отырар отырмастан, Әз аға мынаны оқып шықшы деп, парақтарының беті толық жазылған жұқа дәптерді ұстата берді. Әріптері иректелмей өзінің дербестігін сақтап, анық жазылатын, әз ағаның жазуына әбден үйреніп алғанмын. «Әл­ Фараби мен Абай» деп тақырып тағылған дәптер бетін оқып шығу маған онша көп уақытты қажет етпеді. Қысқасы, Қолжазба мәтіні: «Қорыта келгенде айтарымыз біздің халқымыздың шыққан, бүкіл адамзатқа ортақ ұстаз болған, екі тамаша дананы өзіміздің үңіле қарайтын, олардың ұлағатты мұраларын халыққа көрсететін мезгіл жетті. Қазіргі жағдайда біз, солардың әрбір өсиетіне, фазилаттық лебізіне құмар болып, сусап отырмыз. Нан молшылығымен қатар жан өрісі де кеңейетін болсын. Дүниеде сыңаржақтық жаман. Өмірдің хақиқаты осында», деп аяқталып, оның түйінделетіні соңында, әдетінше 31.Х ­1987ж. – деп көрсетіп және оған Машани деп қол қойыпты. Сол жолы­ақ ағаның «Әл­ Фараби мен Абай» мақаласы қазақтың абайтану тарихында ренессанстық маңыз алатын зерттеудің аңдатпасы екендігіне күмәнім қалмады. 1987 жылдың қазан айының 3 мен үшін «Әл­ Фараби мен Абай» монографиясында айтылар ойтолғаныстың әбден пісіп, қағазға түсе бастаған күні деп санауыма болатын еді. Себебі, болашақ еңбектің мазмұнын бірінші естіген де мен болатынмын. Архивімде Ақаңның қолы бар сарғыш реңді қағазға машинкамен басылған осы мақаланың бір данасын тұмардай сақтау себебім де осыдан…
Осы әңгімеден кейін көңіл толқынында біраз жүрдім. Әр сағат сайын бойымда ерекше мақтаныш еселеп артқандай сезінемін. Таныс­тарыма Абай әл-­Фараби бабасын біліпті деп айтқым келіп тұрады. Әрі-беріден соң, мұны өзім ғана білумен тыну, қауымға жасаған опасыздығымдай көріне бастады. Жоқ, айтуым керек оны: әл­-Фараби мен Абай арасындағы байланыстың зерттелгендігін және оның бірер жылда қазақ қауымының қолына тиетіндігіне сүйінші сұрағым келді. «Әл-­Фараби мен Абай» мақаласындағы жәйтті және кейіннен ағадан естігенімді түйіндеп, оны интервью түрінде жазуды дұрыс көрдім. Оған «Әл­-Фараби және Абай» деп тақырып қойып, жазғанымды Әз ағаның алдына апарып қойып жатып: ­Әрі бұл тақырыпты иемдену болсын деп тың да соны идеяны біреу өзіне меншіктеп кетпесін деген қауіптің амалы екенін де жасырмадым. Жазғанымды оқып шыққан аға:
«Шырағым, ниетің дұрыс қой», деп барып, аға сәл ойланып қалды: «Шағын мақа­лада осы екі дананың арасындағы рухани бай­ланыстың дәлелі үшін ғұлама Әуелбекке сілтеме жасағанымыз жөн болар…»­ деп, Ақжан аға кітап сөресінен Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақ эпосы және түркология» («Ғылым», 1987) зерттеуін алып парақтай бастады: Мұны сен оқитын бол ­деп: кітаптың 326 бетін ашып «Фа­раби және Абай» деген мақаладан: «Абай трактатындағы…терминдердің мағынасына жетпей жатып, Абай жөнінде зерттеу жазуға болар ма? Кейбіреулер абайтану ғылымы шешілмеген, М.Әуезов еңбегі жетімсіз болды деседі… Абайды білу үшін журналист болу жетімсіз. Поэзия, философия, саясат, тарих бұл төртеуі Абайда егіз» – делінген үзіндіні дауыстап оқып берді.

Шамшиден Абдраман,
профессор, машанитанушы

Бөлісу: