А.Машани не дейді?

11 Шілде 2013, 10:01

Ш. Маржани 1818 жылы Қазан қаласының жанындағы Маржан атты елдімекенде туған, 1890 жылы дүние салған. Ол жас кезінде Қазақ жерінде болған, Шоқан Уәлихановпен дос болып, араб елінде де болған, Түркияда көп оқыған. Ш.Маржани орысша жақсы білген, Шығыс зерттеушілері В.В.Радлов, Вильяминов, Зернов сияқты зиялылармен достасқан. Ш. Маржани бұлғар, маңғол, түркі тілдес халықтарды көп зерттеген. Ол кісінің тікелей дәріс алған шәкірттері Семей, Қарқаралы мешіттерінде бала оқытқан. Бала Абай да Семей мешітінде сабақ алды, ғой. Кейін есейген шағында Абай «Ғалия» түлектерімен кездеспеді емес. Демек, сол арқылы Абайдың Маржаниді білмеуі, оның еңбектерімен таныспауы екі талай. Осы мәселені Мағұзым Нысыбулиннің «Тамыры терең туыстық» мақаласында қадай айтады (ҚӘ. 31.08.1989). Ш. Маржанидің 1915 жылы Қазанда бір том болып, татар тілінде шыққан («Маариф» баспасы) таңдамасы мұраларымен Абай таныспады деу қисынсыз. Сол жинақта Ш. Маржани әл-Фараби еңбектерінде бірнеше жерде тоқталады. Әсіресе, бабамыздың ғылыми, философия, музыка салаларындағы еңбектерін үлгі етеді. Жинақтағы Ш.Маржани тоқталған тұлғаның бірі Жалаладин әл-Дуани. Осы кісіге Абай да тоқталып өтеді. Бірақ, бүгінге дейін Абай шығармаларында әл-Фараби есімі кездеспесе де, оның философиялық көп сөздері, әндері әл-Фараби үлгісіне өте жақын екендігін аңдау қиын емес. А.Машани өз зерттеуінде: «Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, халқымыздың мыңжылдық рухани, мәдени дүниесін тірілту деген сөз», дей келіп «Бірақ, бұлардың арасын, жалғастырып тұрған, ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба алмай жүрміз: оның барын сеземіз, бірақ көзбен көруден әлі шалғайлығымыз» неде деген сауалды Ақжан ғұлама М.Әуезовтен бірде Абайдың даналық дариясын бастауын сұрағанда: Мұқаң оның үш көзі бар: біріншісі қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдениеті – өнері; екіншісі – орыс мәдениеті, сол арқылы Батыс мәдениеті; үшіншісі – араб мәдениеті. Сенің айтып отырғаның, осының соңғысы ғой, оны мен еңбегімде көрсете алдым демеймін. Бұл мәселе кейінгілердің ісі, болады-дағы», дейді. Ол кезде біз әл-Фарабиді жаңа ғана қолға ала бастаған кезіміз еді деп, ұлы Мұқаңның интуициялық түсінігінің дұрыстығын, бірақ, дәл кіммен жинастыруға болатындығын, Ақжан хазірет өзінің ұлы бабасының мұрасымен жете танысқандағы тапқандығын былайша қорытындылайды: «Бұл Қаныштың қызы Шәмшиябанудың «Абайды танып болдық па?» (Соц. Қазақстан. 9.08.1997) мақаласын оқығанда: Оған менің жауабым Абай танудың басталмаған зор саласы жатыр, ол біздің екі дананың: Әл-Фараби мен Абайдың арасын жалғастыру. Бұл Абайдың Шығыс мәдениетінен алғаны, көр­ген мәселелерге соғатындығын, нақты болжам жасаған-дағым еді». Шамшиден Абдраман, профессор, машанитанушы

Ш. Маржани 1818 жылы Қазан қаласының жанындағы Маржан атты елдімекенде туған, 1890 жылы дүние салған. Ол жас кезінде Қазақ жерінде болған, Шоқан Уәлихановпен дос болып, араб елінде де болған, Түркияда көп оқыған. Ш.Маржани орысша жақсы білген, Шығыс зерттеушілері В.В.Радлов, Вильяминов, Зернов сияқты зиялылармен достасқан.
Ш. Маржани бұлғар, маңғол, түркі тілдес халықтарды көп зерттеген. Ол кісінің тікелей дәріс алған шәкірттері Семей, Қарқаралы мешіттерінде бала оқытқан. Бала Абай да Семей мешітінде сабақ алды, ғой. Кейін есейген шағында Абай «Ғалия» түлектерімен кездеспеді емес. Демек, сол арқылы Абайдың Маржаниді білмеуі, оның еңбектерімен таныспауы екі талай. Осы мәселені Мағұзым Нысыбулиннің «Тамыры терең туыстық» мақаласында қадай айтады (ҚӘ. 31.08.1989).
Ш. Маржанидің 1915 жылы Қазанда бір том болып, татар тілінде шыққан («Маариф» баспасы) таңдамасы мұраларымен Абай таныспады деу қисынсыз. Сол жинақта Ш. Маржани әл-Фараби еңбектерінде бірнеше жерде тоқталады. Әсіресе, бабамыздың ғылыми, философия, музыка салаларындағы еңбектерін үлгі етеді. Жинақтағы Ш.Маржани тоқталған тұлғаның бірі Жалаладин әл-Дуани. Осы кісіге Абай да тоқталып өтеді. Бірақ, бүгінге дейін Абай шығармаларында әл-Фараби есімі кездеспесе де, оның философиялық көп сөздері, әндері әл-Фараби үлгісіне өте жақын екендігін аңдау қиын емес.
А.Машани өз зерттеуінде: «Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, халқымыздың мыңжылдық рухани, мәдени дүниесін тірілту деген сөз», дей келіп «Бірақ, бұлардың арасын, жалғастырып тұрған, ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба алмай жүрміз: оның барын сеземіз, бірақ көзбен көруден әлі шалғайлығымыз» неде деген сауалды Ақжан ғұлама М.Әуезовтен бірде Абайдың даналық дариясын бастауын сұрағанда: Мұқаң оның үш көзі бар: біріншісі қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдениеті – өнері; екіншісі – орыс мәдениеті, сол арқылы Батыс мәдениеті; үшіншісі – араб мәдениеті. Сенің айтып отырғаның, осының соңғысы ғой, оны мен еңбегімде көрсете алдым демеймін. Бұл мәселе кейінгілердің ісі, болады-дағы», дейді. Ол кезде біз әл-Фарабиді жаңа ғана қолға ала бастаған кезіміз еді деп, ұлы Мұқаңның интуициялық түсінігінің дұрыстығын, бірақ, дәл кіммен жинастыруға болатындығын, Ақжан хазірет өзінің ұлы бабасының мұрасымен жете танысқандағы тапқандығын былайша қорытындылайды:
«Бұл Қаныштың қызы Шәмшиябанудың «Абайды танып болдық па?» (Соц. Қазақстан. 9.08.1997) мақаласын оқығанда: Оған менің жауабым Абай танудың басталмаған зор саласы жатыр, ол біздің екі дананың: Әл-Фараби мен Абайдың арасын жалғастыру. Бұл Абайдың Шығыс мәдениетінен алғаны, көр­ген мәселелерге соғатындығын, нақты болжам жасаған-дағым еді».

Шамшиден Абдраман,
профессор, машанитанушы

Бөлісу: