Жапалақ Батырдың ұрпақтарының естеліктері

11 Шілде 2013, 09:30

Мүсілім  Дүйсембайұлы былай дейді:                               Арғынның  кенже  ұлы  Болатқожа,                             Арғы  атам  Бошаннан ол  тараған.                             Бошанның  бір бұтағы Байбөріден                             Жүгіней -Қыдыралы, Кедей  туған.                             Кедейдің  бес ұлы  бар бәйбішеден                             Бақабас, Сары, Шоқан, Асан, Үсен,                             Біз  тарадық Шақанның баласынан.                               Нағашы  жұртым Жапалақ—Ханбатырдан                             Ханбатырдың бел баласы  Әбеу қажы.                             Одан туған Уақас - бай баласы,                             Уақастың үлкен қызы Торғай анам.   Әбеу қажыдан — Уақас, Қажыбек, Төлеубек,  Шынғай,  Әзімбек.  Уақастан — Базарбек, Ақшабек,  Торғай , Есімбек, Әзімбек.  Әзімбек балалар үйінде  тәрбиеленіп, 10 класты  бітіргеннен  кейін  Ресейдің  Қазан  университетінің медицина факультетіне  түсіп , оны  1943 жылы бітірген, мамандығы хирург. Осы жылдың  июль  айында  Ұлы Отан соғысына қатысып, гвардия лейтенанты  болып жүргенде, оны  1945  жылы  2 май күні  Берлин қаласында  немістер атып  кеткен. Ол туралы  шешеме қаралы  қағаз  келген-тін. Ұлы Отан соғысының «Боздақтар»  кітабында  жазылған, фотосы қоса  бар.             Әбеу  қажының  мекені  Айғыржал тауының  іргесінде. Ал солтүстік  батысында  дөңнің астында Уақастың қыстағы , Құлжабасы тауына   қарсы  қарап  тұрады.   Құлжабасы тауының  теріскейінде  Күлтөккен  деген жер  Шақан руының кейінгі  ата-мекені  болған. Шақаннан — Тұрдығұл,  Қожағұл  туса , Қожағұлдан —Тоқты, Қара, Төлеулі  туады. Төлеуліден — Қонақай — Шектібай — Бітімбай , Баянбай  (менің үлкен әкем) туған.  Баянбайдың үлкен  ұлы  Қорабай.  Қорабайдан — Жұмаш, одан  Несіпбай.  Несіпбайдың  жолдасы—Шиаяқтың  Жуасбегінен  туған  жалғыз  қыз  Наушан.   Наушан  маған  әрі жеңге,  әрі  нағашы  апа  тиісті  болып  келеді. Наушанның  шешесі  Зейнезайып  апам  өте  жақсы, бойы кең, ақылды  адам  еді, Шор — Тоғалақ қызы. Несіпбай мен Наушанның балалары Ақан, Қарлығаш, Сәуле, Гүлжанат, Қанат, Жанат. Бәрі үйлі-баранды ұрпақтар, Қарағанды қаласында тұрады.               Дүйсенбай мен Әбеу қажының Уақасынан туған Торғайдың балалары — Төлеужан, Мүсілім, Несіпжан, Қанапия, Аманжан. Торғай 1906жылы туып,1995 жылы Қайнарда қайтыс болды. Ал Дүйсенбай 1898 жылы туып, 1983 жылы өмірден өтті. Бәйбішесімен бірге Бас Қайнардағы зиратта жатыр.               Мен ұлы нағашым Жапалақтың  шошақ бейітін алғашқы рет 1946 жылы колхоздың қойын бағатын Жуасбек нағашымның үйіне барғанымда көргенмін. Әбеу қажының қорасының батыс жағында 7-8 шақырым жерде екен. Ал Рысбек нағашымның  Рымжан,Оян деген екі қызы болған. Рымжан ерте 1950 жылы ауырып қайтыс болды. Оян Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылының  Ақбай-Қызылбай бөлімшесінің Шатыр ағаш орталау мектебінде мұғалім болып істеген Қонысбайдың Болатымен тұрмыс кұрған,балалы-шағалы .Оян жуырда қайтыс болды. Рысбек нағашым бәйбішесі Шәукен деген тәтемді Шұға дейтін. Бұл үйде Жапалақ батырдың ұрысқа киетін шолақ жең,тор көзді,болат сымнан жиілеп тоқылған шынжыр шекпеншесін көргем,қолмен ұстағам.                Жапекең өз заманында айбарлы,өте сұсты болған дейді. Ол кісі заманында  Қарқаралыдағы Оязға жолығуға келе жатып, қыстың аязды күнінде «Боп тоғайы»  деген жердегі Қарқаралы тауынан ағып шығатын бұлақтың мұзын найзасымен ойып, дәрет алып,сақал-мұртына, қабағына  қатып қалған қырауды қолындағы дойыр қамшысымен қағып түсіріп, намаз оқып жатқанын Жапекеңді қарсы алуға келген Ояздың шабармандары көреді де, осы жайды Оязға жеткізеді. Мұны естіген Ояз ойланып, «маған кіргізбей-ақ шаруасын өзінің айтуы бойынша  бітіріп жіберіңдер» деген екен. Ал Жапекеңнің шаруасы кедей балаларын әскерге деп, қара жұмысқа алдырмау екен.Сонымен шаруасын сырттай бітіріп,жөніне кетіпті.                Арғын —Тобықты Құнанбай Қамбардың Көкшетау деген жеріндегі Жайылма өзенінің бойына әкесі Өскенбайдың асына Орта жүздің игі жақсыларын  шақырмақ болады. Осыған байланысты ол «алдымен  Жапалақ батырдың келісімін алып алайын» деп келе жатса, «Бұл не деген басынғандық» деп, Жапекең де нөкерлерімен қарсы шығады екен. Сол кезде Құнанбай атынан түсіп,жаяулап келіп, Жапекеңе сәлем беріпті де, «Уа,батыр,ағаңыздың асы қабыл болсын» десе, Жапекең бұл сөзге тоқтау жасап, «иә, қабыл болсын» депті де, асты жөнелтуге өзі басшылық жасаған екен дейді. Құнанбайдың  ондағы ойы бұл үлкен ас қалың Қамбар, Бошан, Қара, Шор елінің ортасында жанжалсыз  өтсе екен дегені болар.Солай болыпты да.                Торғайдың  Дүйсембайдан көрген тұңғыш қызы —Төлеужан қазір Қараағаш деген жерде тұрады.Жолдасы Ильяштың Смаханы деген азамат Шордың Ер тармағынан. Төлеужанның балалары Күлби, Берік, Серік, Сержан, Әділ, Еділ, Зәмзегүл... Серігі қазір Томар ауылының әкімі, жоғары дәрежелі білімі бар,білімді,сөзге ұстамды азамат. Серіктің үлкен ұлы Сайран 2011 жылы үйленген.                 Мен, Дүйсембай мен Торғайдан туған ұлы Мүсілім зоовет институтын бітірген соң Қарағанды облысы Егіндібұлақ  ауданының «Арқалық» колхозында еңбек жолымды бастап, одан кейін Семей облысының Абай ауданында ферма меңгерушісі,бас зоотехник,бас экономист болып жұмыс істегем. Абай ауданының «Ақбұлақ» совхозын қолыммен кұрып,директоры болғанмын.Ал «Абралы» совхозында бас экономист болып 20 жыл бір жерде еңбек етіп, 1997 жылы зейнеткерлікке шықтым. Қазір бәйбішем Гүлжанмен екеуіміз  Семей қаласында тұрамыз. Гүлжан руы Жалықбас молда Мақаштың  Нұрқасымының қызы.                  Мүсілімнен —Әділхан, Мейірхан, Құралай, Толғанай, Жанна, Дана, Шыңғыс. Әділхан жоғары білімді құрылыс инженері. Ұлы Серік мұнай саласының жоғары дәрежелі маманы,отбасылы, Әзілхан деген ұлы бар. Кенже ұлы Шыңғыс отбасылы,жұбайы Толқын Қожагелді—Сұлтанбектің Демеуғалиының қызы, ағылшын тілінің жоғары білімді маманы. Екеуінің екі баласы бар.Ұлдары Әлихан мектепте оқушы.                  Торғайдың қызы Несіпжан мен Жалықбас Түсіптің Төкенінен — Мейрамбек, Нұргүл, Қайнарбек, Бейбітбек, Ерлан, Айгүл, бәрі де үйлі-баранды.             Торғайдың ұлы Қанапиядан—Еділхан, Сейілхан, Әлімхан, Бейбітхан, Сейітжан, Қанағат, Алма, Алуа. Бәрі де отбасылы. Бұлар Жапалақтың жұрағат,жүрежаттары.             Торғайдан туған кенже қыз Аманжан 1944 жылы туып, 1950 жылдары ауырып қайтыс болды. Темірші баурайында «Айтақ» деген қыстақтағы бейітте  Дүйсембайдың ең үлкен апасы 1949 жылы 79жасында өмірден өткен Айғаншамен қатар жатыр.             Жапалақтың немересі Әбеу қажының ұрпақтары—Уақас, Қажыбек, Төлеубек, Шынғай, Жәмилә, Қасымбек. Әбеу қажының кенжесі Қасымбектен — Гаухар, Гаухарбек, Қуатбек, Қазыбек, Зейнеп, Мұратбек. Гаухар — Шымкентте, үйлі-баранды. Гаухарбек — Семейде, отставкадағы полковник, ішкі істер саласында істеген. Қазыбек те майор. Қуатбек Аякөзде әкімшілікте істейді. Зейнеп Аякөздің бір ауылында болу керек. Мұратбек пед институт бітірген, мамандығы мұғалім, қазір әскери офицер, Өскеменде істейді.                     Ұрпағым бар мақтанамын мен соған,                     Бәйбішем бар,ақылшым ғой ол маған.                     Көңіліне қайбаң сезім түсірсем,                     Енді ондай болмас деймін мен оған,- деп естелігімді аяқтаймын.                                          Жапалақ батырдың неменесі — Мүсілім Дүйсембайұлы. 30 тамыз 2012 жыл. Семей қаласы

Мүсілім  Дүйсембайұлы былай дейді:

 

                            Арғынның  кенже  ұлы  Болатқожа,

                            Арғы  атам  Бошаннан ол  тараған.

                            Бошанның  бір бұтағы Байбөріден

                            Жүгіней -Қыдыралы, Кедей  туған.

                            Кедейдің  бес ұлы  бар бәйбішеден

                            Бақабас, Сары, Шоқан, Асан, Үсен,

                            Біз  тарадық Шақанның баласынан.

 

                            Нағашы  жұртым Жапалақ—Ханбатырдан

                            Ханбатырдың бел баласы  Әбеу қажы.

                            Одан туған Уақас - бай баласы,

                            Уақастың үлкен қызы Торғай анам.

 

Әбеу қажыдан — Уақас, Қажыбек, Төлеубек,  Шынғай,  Әзімбек.  Уақастан — Базарбек, Ақшабек,  Торғай , Есімбек, Әзімбек.  Әзімбек балалар үйінде  тәрбиеленіп, 10 класты  бітіргеннен  кейін  Ресейдің  Қазан  университетінің медицина факультетіне  түсіп , оны  1943 жылы бітірген, мамандығы хирург. Осы жылдың  июль  айында  Ұлы Отан соғысына қатысып, гвардия лейтенанты  болып жүргенде, оны  1945  жылы  2 май күні  Берлин қаласында  немістер атып  кеткен. Ол туралы  шешеме қаралы  қағаз  келген-тін. Ұлы Отан соғысының «Боздақтар»  кітабында  жазылған, фотосы қоса  бар.

            Әбеу  қажының  мекені  Айғыржал тауының  іргесінде. Ал солтүстік  батысында  дөңнің астында Уақастың қыстағы , Құлжабасы тауына   қарсы  қарап  тұрады.   Құлжабасы тауының  теріскейінде  Күлтөккен  деген жер  Шақан руының кейінгі  ата-мекені  болған. Шақаннан — Тұрдығұл,  Қожағұл  туса , Қожағұлдан —Тоқты, Қара, Төлеулі  туады. Төлеуліден — Қонақай — Шектібай — Бітімбай , Баянбай  (менің үлкен әкем) туған.  Баянбайдың үлкен  ұлы  Қорабай.  Қорабайдан — Жұмаш, одан  Несіпбай.  Несіпбайдың  жолдасы—Шиаяқтың  Жуасбегінен  туған  жалғыз  қыз  Наушан.   Наушан  маған  әрі жеңге,  әрі  нағашы  апа  тиісті  болып  келеді. Наушанның  шешесі  Зейнезайып  апам  өте  жақсы, бойы кең, ақылды  адам  еді, Шор — Тоғалақ қызы. Несіпбай мен Наушанның балалары Ақан, Қарлығаш, Сәуле, Гүлжанат, Қанат, Жанат. Бәрі үйлі-баранды ұрпақтар, Қарағанды қаласында тұрады.

              Дүйсенбай мен Әбеу қажының Уақасынан туған Торғайдың балалары — Төлеужан, Мүсілім, Несіпжан, Қанапия, Аманжан. Торғай 1906жылы туып,1995 жылы Қайнарда қайтыс болды. Ал Дүйсенбай 1898 жылы туып, 1983 жылы өмірден өтті. Бәйбішесімен бірге Бас Қайнардағы зиратта жатыр.

              Мен ұлы нағашым Жапалақтың  шошақ бейітін алғашқы рет 1946 жылы колхоздың қойын бағатын Жуасбек нағашымның үйіне барғанымда көргенмін. Әбеу қажының қорасының батыс жағында 7-8 шақырым жерде екен. Ал Рысбек нағашымның  Рымжан,Оян деген екі қызы болған. Рымжан ерте 1950 жылы ауырып қайтыс болды. Оян Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылының  Ақбай-Қызылбай бөлімшесінің Шатыр ағаш орталау мектебінде мұғалім болып істеген Қонысбайдың Болатымен тұрмыс кұрған,балалы-шағалы .Оян жуырда қайтыс болды. Рысбек нағашым бәйбішесі Шәукен деген тәтемді Шұға дейтін. Бұл үйде Жапалақ батырдың ұрысқа киетін шолақ жең,тор көзді,болат сымнан жиілеп тоқылған шынжыр шекпеншесін көргем,қолмен ұстағам.

               Жапекең өз заманында айбарлы,өте сұсты болған дейді. Ол кісі заманында  Қарқаралыдағы Оязға жолығуға келе жатып, қыстың аязды күнінде «Боп тоғайы»  деген жердегі Қарқаралы тауынан ағып шығатын бұлақтың мұзын найзасымен ойып, дәрет алып,сақал-мұртына, қабағына  қатып қалған қырауды қолындағы дойыр қамшысымен қағып түсіріп, намаз оқып жатқанын Жапекеңді қарсы алуға келген Ояздың шабармандары көреді де, осы жайды Оязға жеткізеді. Мұны естіген Ояз ойланып, «маған кіргізбей-ақ шаруасын өзінің айтуы бойынша  бітіріп жіберіңдер» деген екен. Ал Жапекеңнің шаруасы кедей балаларын әскерге деп, қара жұмысқа алдырмау екен.Сонымен шаруасын сырттай бітіріп,жөніне кетіпті.

               Арғын —Тобықты Құнанбай Қамбардың Көкшетау деген жеріндегі Жайылма өзенінің бойына әкесі Өскенбайдың асына Орта жүздің игі жақсыларын  шақырмақ болады. Осыған байланысты ол «алдымен  Жапалақ батырдың келісімін алып алайын» деп келе жатса, «Бұл не деген басынғандық» деп, Жапекең де нөкерлерімен қарсы шығады екен. Сол кезде Құнанбай атынан түсіп,жаяулап келіп, Жапекеңе сәлем беріпті де, «Уа,батыр,ағаңыздың асы қабыл болсын» десе, Жапекең бұл сөзге тоқтау жасап, «иә, қабыл болсын» депті де, асты жөнелтуге өзі басшылық жасаған екен дейді. Құнанбайдың  ондағы ойы бұл үлкен ас қалың Қамбар, Бошан, Қара, Шор елінің ортасында жанжалсыз  өтсе екен дегені болар.Солай болыпты да.

               Торғайдың  Дүйсембайдан көрген тұңғыш қызы —Төлеужан қазір Қараағаш деген жерде тұрады.Жолдасы Ильяштың Смаханы деген азамат Шордың Ер тармағынан. Төлеужанның балалары Күлби, Берік, Серік, Сержан, Әділ, Еділ, Зәмзегүл... Серігі қазір Томар ауылының әкімі, жоғары дәрежелі білімі бар,білімді,сөзге ұстамды азамат. Серіктің үлкен ұлы Сайран 2011 жылы үйленген.

                Мен, Дүйсембай мен Торғайдан туған ұлы Мүсілім зоовет институтын бітірген соң Қарағанды облысы Егіндібұлақ  ауданының «Арқалық» колхозында еңбек жолымды бастап, одан кейін Семей облысының Абай ауданында ферма меңгерушісі,бас зоотехник,бас экономист болып жұмыс істегем. Абай ауданының «Ақбұлақ» совхозын қолыммен кұрып,директоры болғанмын.Ал «Абралы» совхозында бас экономист болып 20 жыл бір жерде еңбек етіп, 1997 жылы зейнеткерлікке шықтым. Қазір бәйбішем Гүлжанмен екеуіміз  Семей қаласында тұрамыз. Гүлжан руы Жалықбас молда Мақаштың  Нұрқасымының қызы.

                 Мүсілімнен —Әділхан, Мейірхан, Құралай, Толғанай, Жанна, Дана, Шыңғыс. Әділхан жоғары білімді құрылыс инженері. Ұлы Серік мұнай саласының жоғары дәрежелі маманы,отбасылы, Әзілхан деген ұлы бар. Кенже ұлы Шыңғыс отбасылы,жұбайы Толқын Қожагелді—Сұлтанбектің Демеуғалиының қызы, ағылшын тілінің жоғары білімді маманы. Екеуінің екі баласы бар.Ұлдары Әлихан мектепте оқушы.

                 Торғайдың қызы Несіпжан мен Жалықбас Түсіптің Төкенінен — Мейрамбек, Нұргүл, Қайнарбек, Бейбітбек, Ерлан, Айгүл, бәрі де үйлі-баранды.

            Торғайдың ұлы Қанапиядан—Еділхан, Сейілхан, Әлімхан, Бейбітхан, Сейітжан, Қанағат, Алма, Алуа. Бәрі де отбасылы. Бұлар Жапалақтың жұрағат,жүрежаттары.

            Торғайдан туған кенже қыз Аманжан 1944 жылы туып, 1950 жылдары ауырып қайтыс болды. Темірші баурайында «Айтақ» деген қыстақтағы бейітте  Дүйсембайдың ең үлкен апасы 1949 жылы 79жасында өмірден өткен Айғаншамен қатар жатыр.

            Жапалақтың немересі Әбеу қажының ұрпақтары—Уақас, Қажыбек, Төлеубек, Шынғай, Жәмилә, Қасымбек. Әбеу қажының кенжесі Қасымбектен — Гаухар, Гаухарбек, Қуатбек, Қазыбек, Зейнеп, Мұратбек. Гаухар — Шымкентте, үйлі-баранды. Гаухарбек — Семейде, отставкадағы полковник, ішкі істер саласында істеген. Қазыбек те майор. Қуатбек Аякөзде әкімшілікте істейді. Зейнеп Аякөздің бір ауылында болу керек. Мұратбек пед институт бітірген, мамандығы мұғалім, қазір әскери офицер, Өскеменде істейді.

                    Ұрпағым бар мақтанамын мен соған,

                    Бәйбішем бар,ақылшым ғой ол маған.

                    Көңіліне қайбаң сезім түсірсем,

                    Енді ондай болмас деймін мен оған,- деп естелігімді аяқтаймын.                                       

 

Жапалақ батырдың неменесі — Мүсілім Дүйсембайұлы.

30 тамыз 2012 жыл. Семей қаласы

Бөлісу: