Шыққан тегі

11 Шілде 2013, 09:16

Жапалақтың шыққан тегін ел аузында қалыптасқан шежіреден таратар болсақ: Арғынның Қаракесек тобына жататын іргелі ру Қамбардан-Шымболат, одан – Құттық, Бөлек. Бөлектен-Бұланбай, Таңыбай. Бұланбайдан – Айт - Бабаң, Айбас батыр.  Айттан - Өмірзақ, Сатыпалды, Алдаберген. Сатыпалдыдан – Қошқар, Теке, Серке. Қошқардан - Жапалақ батыр туады. Ол туралы  XIX  ғасырдың басынан бергі уақытта ел аузында айтылып жүрген оның батырлық істері бүгінгі ұрпаққа дейін жеткен. Кейіннен  республика  жұртшылығына  кеңінен  танымал болған  Болатбек Нәсенов Жапалақ батырдың  Қарқаралы  Сыртқы округі Приказының заседателі,Қарауыл-Қамбар болысының старшыны болғандығы жөнінде Омбы мұрағатынан баға жетпес мәліметтерді тауып,жарыққа шығарды.Осы мұрағаттан  табылған 1843 жылғы 30 қыркүйекте Қарқаралы округінің емші-дәрігері (лекарь) Сукиннің заседатель Жапалақ  Қошқаровтың денсаулығы жөнінде берген анықтамасында оның 56 жаста екендігін анықтап көрсетеді.Демек,ол 1787 жылы туған болып шығады.2007 жылы Жапалақ батырдың туғанына 220 жыл толады.      Жапалақ  батырдың  өмірі  жөнінде келер ұрпаққа  қажетті  деректер әлі толыққанды жазылмай келеді. Жоғарыда табылған мұрағат деректерінде 1828 жылы 22 қазандағы тізімде оның аты-жөні Қарқаралы округіндегі сол кездегі Орта жүзге танымал аға сұлтан Тұрсын Шыңғысов, Әйбике-Шаншар болысының старшыны Алшынбай Тіленшіұлы, Нұрбике-Шаншар болысының старшыны Қазанғап Мөшекеұлы (Тәттімбеттің әкесі), тағы басқалармен қатар тұр. Омбыдағы мұрағат  деректерінде  Сібір қазақтары  Шекаралық басқарманың бастығы Полковник Фалицкийге жазылған қағазда Жапалақ Қошқаровтың ел ішіндегі беделі мен абыройы көрсетілген. Оған дәлел  Омбы  мұрағатынан  табылған 1843 жылғы 9 тамыздағы деректе Тарақты болысын сайлау кезінде заседатель Путковскийдің теріс әрекетін тыңдап талқылауға орыс ұлтының өкілі хатшы Попов пен тілмаш Александр Плотниковпен бірге біздің атамыз заседатель  Жапалақ Қошқаровтың болғандығы (Н.Б. 319-б.) көрсетілген. Бұл оның  беделінің  бүкіл  Қарқаралы  Приказы бойынша өте жоғары болғандығын дәлелдейді. Ал 1843 жылғы 25 қазандағы Шекаралық  басқарманың бастығы Фалицкий Жапалақты  емші-дәрігер Сукиннің оның  денсаулығы  жөнінде берген анықтамасына сәйкес заседательдіктен босатады.Б.Нәсенов Омбыдағы мұрағаттан 1848-1851 жылдары аралығындағы старшындар тізімінде Жапалақтың атының кездеспегендігін айтады да, оны 1845 жылдары қайтыс болған болар дейді.Ал поляктің революционер саяхатшысы А. Янушкевич «Күнделіктер мен хаттар» кітабында 1846 жылы 25 тамыздағы жазған күнделігінде «Қарауыл-Қамбар болысынан бізге Жапалақ келді. Заманында атышулы батыр болған. Қазір біраз жасқа келген. Жүзінен нұр тамады, көзінен от шашады, сақалы күмістей аппақ», деп көрсетеді. Оның  қайтыс болған жылы жөнінде басқадай нақты деректер  кездеспейді.     Сондай-ақ, Жапалақ батыр сыртқы жаулармен соғысқа қатысты деген деректер де жоқ.Ал Кенесары бастаған қазақ халқының азаттық қозғалысына қатысқаны, иә қатыспағаны жөнінде ел арасында екі ұшты әңгімелер бар.Оның бірінде Жапекең  Кенесарыны  қолдады десе,екіншісінде қолдаған жоқ делінеді.

Жапалақтың шыққан тегін ел аузында қалыптасқан шежіреден таратар болсақ: Арғынның Қаракесек тобына жататын іргелі ру Қамбардан-Шымболат, одан – Құттық, Бөлек. Бөлектен-Бұланбай, Таңыбай. Бұланбайдан – Айт - Бабаң, Айбас батыр.  Айттан - Өмірзақ, Сатыпалды, Алдаберген. Сатыпалдыдан – Қошқар, Теке, Серке. Қошқардан - Жапалақ батыр туады. Ол туралы  XIX  ғасырдың басынан бергі уақытта ел аузында айтылып жүрген оның батырлық істері бүгінгі ұрпаққа дейін жеткен.

Кейіннен  республика  жұртшылығына  кеңінен  танымал болған  Болатбек Нәсенов Жапалақ батырдың  Қарқаралы  Сыртқы округі Приказының заседателі,Қарауыл-Қамбар болысының старшыны болғандығы жөнінде Омбы мұрағатынан баға жетпес мәліметтерді тауып,жарыққа шығарды.Осы мұрағаттан  табылған 1843 жылғы 30 қыркүйекте Қарқаралы округінің емші-дәрігері (лекарь) Сукиннің заседатель Жапалақ  Қошқаровтың денсаулығы жөнінде берген анықтамасында оның 56 жаста екендігін анықтап көрсетеді.Демек,ол 1787 жылы туған болып шығады.2007 жылы Жапалақ батырдың туғанына 220 жыл толады.

     Жапалақ  батырдың  өмірі  жөнінде келер ұрпаққа  қажетті  деректер әлі толыққанды жазылмай келеді. Жоғарыда табылған мұрағат деректерінде 1828 жылы 22 қазандағы тізімде оның аты-жөні Қарқаралы округіндегі сол кездегі Орта жүзге танымал аға сұлтан Тұрсын Шыңғысов, Әйбике-Шаншар болысының старшыны Алшынбай Тіленшіұлы, Нұрбике-Шаншар болысының старшыны Қазанғап Мөшекеұлы (Тәттімбеттің әкесі), тағы басқалармен қатар тұр. Омбыдағы мұрағат  деректерінде  Сібір қазақтары  Шекаралық басқарманың бастығы Полковник Фалицкийге жазылған қағазда Жапалақ Қошқаровтың ел ішіндегі беделі мен абыройы көрсетілген. Оған дәлел  Омбы  мұрағатынан  табылған 1843 жылғы 9 тамыздағы деректе Тарақты болысын сайлау кезінде заседатель Путковскийдің теріс әрекетін тыңдап талқылауға орыс ұлтының өкілі хатшы Попов пен тілмаш Александр Плотниковпен бірге біздің атамыз заседатель  Жапалақ Қошқаровтың болғандығы (Н.Б. 319-б.) көрсетілген. Бұл оның  беделінің  бүкіл  Қарқаралы  Приказы бойынша өте жоғары болғандығын дәлелдейді. Ал 1843 жылғы 25 қазандағы Шекаралық  басқарманың бастығы Фалицкий Жапалақты  емші-дәрігер Сукиннің оның  денсаулығы  жөнінде берген анықтамасына сәйкес заседательдіктен босатады.Б.Нәсенов Омбыдағы мұрағаттан 1848-1851 жылдары аралығындағы старшындар тізімінде Жапалақтың атының кездеспегендігін айтады да, оны 1845 жылдары қайтыс болған болар дейді.Ал поляктің революционер саяхатшысы А. Янушкевич «Күнделіктер мен хаттар» кітабында 1846 жылы 25 тамыздағы жазған күнделігінде «Қарауыл-Қамбар болысынан бізге Жапалақ келді. Заманында атышулы батыр болған. Қазір біраз жасқа келген. Жүзінен нұр тамады, көзінен от шашады, сақалы күмістей аппақ», деп көрсетеді. Оның  қайтыс болған жылы жөнінде басқадай нақты деректер  кездеспейді.

    Сондай-ақ, Жапалақ батыр сыртқы жаулармен соғысқа қатысты деген деректер де жоқ.Ал Кенесары бастаған қазақ халқының азаттық қозғалысына қатысқаны, иә қатыспағаны жөнінде ел арасында екі ұшты әңгімелер бар.Оның бірінде Жапекең  Кенесарыны  қолдады десе,екіншісінде қолдаған жоқ делінеді.

Бөлісу: