11 Шілде 2013, 06:00
Әлемге әйгілі орындаушы Дженнифер Лопес W-Magazine журналына бұрын-соңды айтпаған құпиясын ашты. 43 жастағы әнші балалық шағым қиын жағдайда өтті деп отыр.
"Әр кез үйге оралған сайын жүйкем ауыратын" дейді жүрегінің түкпірінде қалып қалған балалық ренішті жасыра алмаған Дженнифер.
Әртістің менеджері Бенни Медина одан "балалық шағыңда тұрған үйіңе қайтып оралатын ба едің?" деп сұрағанында, төмендегідей жауап алды:
"Соңғы рет мен ол үйде анам мен әкем бәріміздің басымызды қосып, 33 жылғы некеден кейін ажырасатындары туралы айтқандарында болғанмын. Сол сәт жүрегімде қалып қойыпты. Балалық арманымның тас-талқаны шыққандай болды. Оны еске түсіру маған өте қиын..."
18 жасында ата-анасының ажырасуы себебінен әкесінен бөлек кеткен Джей Ло:
"Әкемізден кеткен соң, би студиясында түнеп жүрдім. Би - менің көңілімді аулаған жалғыз жұбанышым еді. Қаладан кеткім келді. Кейіннен бағым жанып, Еуропаға хореограф болып аттанып, арада біраз уақыт өткенде Лос-Анджелеске оралғанымда барып өмірімнің шуақты шақтары басталды" дейді.
Bnews.kz